Байланысты: 529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
10.3 Жаңалықты енгізудегі кезеңдік қаржыландыру Венчурлық қаржыландыруды ұйымдастыру ерекшелігі жаңа істі біртіндеп, кезең кезеңмен қаржыландыру механизмінде, сондай механизм жаңа шаруаны меңгеру кезінде үнемі қосымша қаражат талап етуден және инновациялық ұйымдастырылуының қажеттілігінен туындайды (15-сурет) [1].
Осындай механизм жаңа шаруаны меңгеру кезіндегі әр түрлі кезеңдердегі шығынға ұшырау қаупін азайтады, өйткені жұмсалған қаражат сол кезеңдерге сәйкес бөлінеді.
Шаруаны бастар алдында қаржыландыру ісі деген - ол жаңа жобаның теоретикалық және іс жүзіндегі мағынасын зерттеуге жұмсалатын ақша екендігін түсінуіміз қажет. Бұл кезеңде алдын- ала зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа өнімді пайдалану нарығына баға беріледі, жаңа ұйымның жұмыс атқару жоспары жасалады. Бұл кезең бірнеше немесе бір жылға дейін созылуы мүмкін. Инвесторлардан 300 мың доллар қаражат беруі талап етіледі. Бұл кезең ең қауіпті, өйткені бұл жобаның қаншалықты іске жарамды екені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Бұл кезеңде жаңа жобалардың 70% жарамсыз деп танылады. Ал қабылданған идеялар инвесторларға ең жоғары пайда табысын әкеледі.
Кіріс
1 2 3 4 5 6 уақыт
Шығыс
1. Шаруаны бастамай тұрған кездегі қаржыландыру.
2. Шаруаны бастаған кездегі қаржыландыру.
3. Бастапқы кездегі істің көлемін кеңейту.
4. Тез ұлғайту кезеңі.
5. Даярлық кезеңі.
6. Венчурлық инвестицияның шағын орнын толтыру кезеңі.
18-сурет. Жаңалық енгізуді кезең кезеңмен қаржыландыру механизмі
Шаруаны бастап кету кезеңінде жаңа ұйымның негізі қаланады, қызметшілер алынады, жаңа шаруаның жоспарлануы аяқталып, нарық неге мұқтаж екені зерттеледі. Сол кезде ұйымның басшылары бизнес жүргізу жоспарларына ие болып, сол жоспарды венчурлық капитал құюшылармен келісімге келу үшін басты негіз ретіндепайдаланады. Жаңа ұйымға қаржыландыру өзінің жаңа өнімін шығарып, оны өткізу үшін қажет. Кей кездерде қосымша зерттеулер мен жоспарларға қосымша қаражат қажет. Бұл жағдай бір жылдай созылады да, әдетте инвесторлар 1 млн доллар қаражат құюға мәжбүр. Шығынға ұшырау қаупі жоғары болғандықтан бірнеше венчурлық инвесторлардың қаражаттары біріктірілген түрде қолданылады.
Шаруаны бастапқы кездегі көлемін кеңейту кезеңі инновациялық ұйымның жаңа өнімнің не қызметтің коммерциялық меңгеруін іс жүзінде көздейді. Осы кезде ұйымға жарнама, тұтынушылар алдында іскерлік беделін нығайту, бәсекеге тап беру, өндірген өнімді өткізу жүйесі, шаруаны басқару ісін дұрыс қою, ұйымдастыру секілді іс- шаралар қажетті болып табылады. Бұл этаптағы жобаны іске асыру арқылы түскен пайданы ұйымның өз- өзін қаржыландыру ісіне жеткіліксіз деп саналады, ал ұйымның құзырындағы активтер банктерден кредит алу үшін кепілдік бола алмайды. Осылайша, кәсіпкерлер қайтадан венчурлық капитал иелерінің қызметіне мұқтаж болады. Бұл этап бірнеше жылдар бойы жалғасады да, жаңа ұйым жоспарлағандай ісін атқару үшін бірнеше миллион доллар қаражат қажет. Сондықтан жаңа шаруаны қаржыландыру ісіне әдетте бірнеше венчурлық фонд кірісіп кетеді.
Бұл кездегі жұмыстар сәтті аяқталса, келесі этап шаруаны тез ұлғайту кезеңі, бұл уақытта ұйымға өндірістік күш- қуатты жоғарылату, айналымдағы капиталын көбейту, өнімді өткізу және сол өнімнің сапасын жоғарылату үшін қомақты қаражат қажет.
Егерде ұйым осы кезеңге жетіп, пайда әкеле бастаса, шығынға ұшырау мүмкіндігі бірталай азайады. Енді жаңа шаруаның қаржыландыруының даярлық кезеңі басталады, бұл кезде инновациялық компания әдеттегідей қаржы көздерінен қарызға алынған ақшаны пайдаланады. Әдетте, енді венчурлық капиталдың жаңа инвесторларын іске қоспайды. Құнды қағаздар нарығында сатылу үшін, жаңа ұйымның акциялары шығарылатын жағдайлар қарастырылады. Бұл жұмысқа үш айдай уақытпен 300 мың доллар, не одан да көбірек қаражат жұмсалуы талап етіледі.
Соңғы кезең - венчурлық қаражаттың шығын орнын толтыру деген- ол акция шығарып, оларды құнды қағаздар рыногында сату кезеңі.
Венчурлық инвестициялардың үстем бөлігі 2/3 мөлшерінде сонымен қаржыландырудың бірінші үш этапында пайдаланылады екен.
Бір ұйымға жасалған инвестицияның толық барлық циклдерден өтуі ұзақ мерзімді талап етеді. Көбінде ол 5- 10 жыл көлеміндегі мерзім.