Байланысты: 529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
8.2 Жаңалық енгізуді болжаудың әдістері Инновацияны болжауда өткенде болған оқиғаларға сүйене отырып болашақта не болатынын анықтау әрекеті бар. Бұл дегеніміз, болжаудың барлық әдістері тенденциялардың анализі негізінде жасалады деген сөз.
Тенденция – (нем. tendenz, лат. tendere – бағытталу, ұмтылу) қандайда бір құбылыс немесе қандайда бір көрсеткіштің (параметрінің) уақыттық қатарындағы дамуындағы бағытталу.
Тенденциялар түрінің иерархиясы (яғни, жоғарғыдан төмендегіге қарай жылжумен) келесідей [1]:
Жорамал – ол қандай да бір инновацияның бақыланатын тенденциядан мүмкін болатын корреляциялық байланыстың болуы.
Метафора (грек. metaphora – тасымалдау, көшіру), немесе аналогия (грек. analogia – ұқсастық, сәйкестік) – бұл екі объектілер мен процесттердің ортақ ерекшелігі мен ұқсастығын көрсететін болжау типі.
Квазимодель (лат. quasi – сияқты, тәрізді) – яғни модельге жақын деген сөз (нағыз модель емес), ол метафора мен эмперикалық (нағыз) моделдің арасындағы орынды алады. Квазимодель арқылы сапалық болжаулар немесе қандайда бір үрдістің жүруінің болжауын тексеруге болады.
Эмперикалық модель – (грек. empeiria – тәжірибе) – тәжирибеге негізделген үлгі. Ол болашақты эмперикалық жолмен табылған параметрлердің математикалық тәуелділікпен сәйкес келуі көмегімен болжайды. Бұл орайда ол эмперико-феноменологиялық модель деп аталады.
Аналитикалық – кең қолдану аясы бар фундаментальды заңдарға сүйене отырып болжау жасау және оқиғаның жүйелілігін (тізбектілігін, реттілігін) түсіндіру.
Жаңалық енгізу әдістерін болжау төмендегілерге негізделеді:
1) экстраполяцияға (өткенде және қазіргіде орны бар тенденцияларды келешекке жеткізу);
2) экспертизаға (эксперттік бағалау әдісі – сұрау (сауалнама) негізінде болған оқиғалардың ықтималдылығын эксперттердің бағалауы);
3) үлгілеуге (еліктеу үлгілеу әдісі – математикалық символдар арқылы анықталған тәуелділіктерді формализациялау).
Экстраполяция әдістерін болжанған кезеңдегі даму тенденциялардағы өзерулер болатына негіздері жоқ болған жағдайда ғана қолдануға болады, яғни салыстырмалы қысқа мерзімде. Сонымен қатар, зерттеуші бұйрықтарында болжанатын уақытты 2-3 есе асып түсетін және өзінің тенденциялары бойынша кезең бойынша мәліметтер қатары тұрақты болуы керек. Сондықтан, экстраполяция қысқа және орта мерзімдік болжаулар үшін қолданылады. Мысалы, техниканың бір ұрпағы шегіндегі моделдерді алмастыру, иа болмаса машиналар мен процестердің жеке техникалық және технико-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасымен байланысты.
Дәл осы ғылыми-техникалық бағыттың дамуы шегінде болжау үшін аппроксимация аппаратының функциялары қолданылады. Дегенмен, үрдіс тенденцияларын (сызықтық, квадраттық, дәрежелік, көрсеткіштік) анағұрлым нақтырақ, дәлірек көрсететін функция типін таңдап алу керек.
Қалай болғанда да, өткен тәжірибені болашаққа механикалық жолмен апару негізінде жасалған «атам заманғы тенденцияларды» жабайы экстрополяция туралы сөз сөйлеуге болмайды.
Эксперттік бағалаулар әдісі лайықты саладағы біліктілігі жоғары мамандарды сұрау жолымен алынған болжамдық бағалаулардың статистикалық өңдеуіне негізделген. Бірақ, бұл әдіске мынадай әлсіздік тән – мүмкін болатын объективтіліксіз немесе эксперттердің жете білушіліксіздігі.
Болжаудың топтастырылған әдісі «мақсаттар ағашы» және комиссияларға сай ұжым бағалауларының өңдеуін алдын ала талқылау жұмыстарына негізделген. Алдын ала пікірлермен алмасу бағалаулардың негізін жоғарылатады, бірақ топтың ішіндегі беделді мүшелерінің ықпалына басқа эксперттердің бағынуына мүмкіндік жасайды. Осы орайда, ойларды («Ми шабуылы») ұжымдық генерациялау әдісі қолданылуы мүмкін. Оны 1955 жылы американдық ғалым Алекс Осборн ұсынған болатын [1]. Ал оған топтың әрбір қатысушысы (10-20 адамға) өзіндік, өзгеге тәуелсіз ұсыныстары мен ой пікірлерін білдіре алуы тән. Олардың сындық бағалануы тек отырыс аяқталған соң шығарылады. Пікірсайыста кез-келген, алдыңғысын нығайтушы ең парадоксалды пікірлердің де болуына рұқсат етіледі.
Әдістердің көпшілігі үлгілеу (моделдеу) негізінде қолданылады. Қисынды (логикалық), ақпараттық және математика-статистикалық үлгілерді айырады.
Үлгілеу әдістеріне болжау жатады. Ол ғылым, техника және болашақтағы сценарийлердің (мақсаттардың иерархиясын кисынды талдау, олардың реалды нұсқалары мен жетістіктерін суреттеу және ресурстарды бағалау) дамуындағы ізбасарлықтың тарихи анализі негізінде зерттелетін құбылыстың дамуындағы ішкі қисынды логикалық үлгілер негізінде зерттейді.
Ақпараттық үлгілер ғылыми жарияланымдар мен патенттер ағынындағы сандық және құрылымдық өзгерістерінің анализіне негізде жасалады. Өте маңызды жұмыстардың ұйысуы анықталады, тек қана екпіні (қарқыны) болжанып қана қоймайды, сонымен қатар осы облыстағы жұмыстардың бағыттары да болжанады.
Математикалық үлгілер математикалық бағдарламалау, ойындар және бұқаралық қызмет етудің теориялары, регрессиялық және корреляциялық талдау және т.б. нег.ізінде жасалады.
Болжамдардың ең үлкен сенімділігі болжаудың әртүрлі әдістерінің үйлестіруі қамтамасыз етеді. Болжаулардың базасында перспективалы жоспарлар өңделеді [3].