«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері


Адамгершілік жəне инвесторлар



бет31/40
Дата05.11.2023
өлшемі181,94 Kb.
#189850
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
be 2

Адамгершілік жəне инвесторлар
Қазақстан үшін, көптеген бірақ барлық қазақстандық акционерлік қоғамдар үшін емес, сыртқы жəне ішкі нарықта банктерден емес инвесторлардан капитал алудың маңыздылығы артуда. Акциялар мен облигациялар эмиссиясы болады, тек қана нарықта кімнің қағаздары сатып алынады? Инвестор салынған қаражаттың қорғалуын қалайды, сонымен қоса оның дивидендтер алып келуін немесе компанияның нарықтық құнының дамуына жол ашуын қалайды. Меншікті кімнің сақтай алатындығын жəне көбейте алатындығы туралы алдын-ала сенімді түрде айту мүмкін емес. Бірақ бұл жағдайда потенциалды инвесторлар өзге факторлар негізінде өз таңдауларын жасайды. Бүкіл əлемде мұндай факторлардың бірі əдеп нормалары мен ережелерін мекеме ішіндегідей акционерлерге, салымшыларға, сыртқы клиенттерге де қатысты сақтау болып есептелінеді. Əлемдік қаржы рыноктарында ірі займшылар əдеп пен адамгершілік қағидалары инвестиция тартудағы ең басты құрал екендігін бұрыннан ұғынған. Сондықтан да олар ішкі əдеп кодекстерін жасап жəне енгізуде. ТМД аумағындағы көптеген ірі несие алушылардан инвесторлар осыны талап ете бастады.
Мемлекеттік ірі монополист компанияның маркетинг бөлімінің бастығымен сөйлескенмін. Оның айтуынша, маркетинг жəне қоғаммен байланыс іс-шараларының қажеттілігін басшылыққа түсіндіру өте қиын. Дегенмен, мемлекеттік АҚ-ға ерте ме немесе кеш пе инвестициялар қажет болатындығы сөзсіз. Егер де жауапкершілігі бар əлеуметтік жəне əдепті корпоративті азамат имиджі құрылысын қазірден бастамаса, онда олардың қағаздарын, облигацияларын кім сатып алмақ?
Адамгершілік жəне даму.
Менің ойымша, корпоративті мəдениет құрылысы, іскерлік əдептілік нормаларын сақтау корпоративті басқарудың өте маңызды құралы болып табылатындығын дəлелдеуге жоғарыда келтірілген мысалдар жеткілікті сияқты.
Егер де жетекшілер, қызметкерлер, клиенттер, инвесторлар жəне өзге де мүдделі тұлғалар мекеменің жоспарларына, оның дамуына қолдау көрсетуін қаласақ, онда осы адамгершілік қағидаларын қалыптастырумен, мекеменің іскерлік мəдениетімен айналысқан жөн.
Мұндай маңызды мəселелермен кəсіпорындар, мекемелер көбірек айналысу үстінде. Корпоративті мəдениет құрылысындағы мəселе акционерлер мен директорлар кеңесі болып табылады, ал оған жетекшілер көмектеседі. Ұжымдық мəдениет жүйесін жұмысшылар қызметі қолдайды.
Корпоративті басқару кодексі жəне əдеп кодексі акционерлік қоғамдағы ұжымдық басқарудың мəдениет квинтэссенциясы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет