Негізгі сұрақтар
1 Басқарма әдебінің принцптері, мақсаты, міндеті,мәні.
2 Басшы мен бағынушы адамдардың өзара қарым-қатынасының механизмі мен әдіс-тәсілі.
3 Ұжымды әлеуметті психологиялық климатты жақсарту әдісі.
4 Басшы мінезі – озаттық, ұжыммен жұмыс істеу.
5 Жетекшілік түрлері.
13, 14 - тақырып. Кәсіби этика.
Кәсiби әдеп түсiнiгi және оның мазмұны. Қарым қатынас тәртiбi. Әдептiң негiзгi бiрегейлi талаптары. Кәсiби әдеп элементтерi. Адамдардың бағалы бағдарлаулар қызметiнiң тектес байланыстары.
Кәсiби әдептiң шығуын анықтау - бұл қоғам еңбегiн бөлу мен кәсiптiң пайда болу мораль талаптарының өзара байланыстарын қадағалау.
Көп жыл бұрын бұл мәселелерге Аристотель, одан кейiн Кант, Дюркгейм көңiл аударған. Олар қоғам принциптерiнiң моральiмен бiрге қоғам еңбегiнiң өзара байланыстарын бөлу туралы айтқан. Бiрiншi рет бұл мәселелердiң материалдық негiздеуiн К.Маркс және Ф. Энгельс бердi.
Алғашқы кәсiби әдеп кодексiнiң шығуы 11-12 ғ.ғ. орта ғасыр цехтарының еңбек кәсiбiнiң бөлiну кезеңiне жатады. Қоғамның барлық мүшелерi үшiн өмiрлiк ең маңызды мамандық қатары ежелгi дәуiрде пайда болды, сондықтан мынадай «Гиппократ анты» сияқты кәсiби-әдеп кодексi өнегелi белгiлеу, сот қызметiн орындау өте ертеден белгiлi. Кәсiби әдеп - ол адамның өз кәсiби борышына деген қарым қатынасын анықтайтын мораль жиынтығының нормасы.
Адамдардың еңбек сферасындағы өнегелi қарым қатынасын кәсiби әдеп реттейдi. Кәсiби әдеп мазмұнына адамдар арасындағы өнегелi өзара қарым қатынастың анық түрлерiн жазатын және белгiлi кодекстер әдiстерiн негiздейтiн кодекс тәртiбi жатады.
Кәсiби әдеп оқытады:
- еңбек ұжымының және әр маманның жекелей қарым қатынасын;
- кәсiби борыштын жақсы орындалуын қамтамасыз ететiн маманның жекелей өнеге сапасын;
- ішкi кәсiби ұжымдардағы өзара қарым қатынас және белгiлi кәсiпке тән спецификалық өнеге нормалары;
- кәсiби тәрбиенiң ерекшелiктерi.
Кәсiби әдептiң негiзгi түрлерi болып: дәрiгшерлiк әдеп, педагогикалық әдеп, ғалым, суретшi, кәсiпкер, инженер әдебi және т.б. табылады. Кәсiби әдептiң әр түрi қызмет кәсiбiнiң ерекшелiктерiмен анықталады, мораль саласында өзiнiң спецификалық талаптарына ие.
Кәсiби әдептiң бастапқы түсiнiгi кәсiби борыш түсiнiгiне жатады, онда мұғалiм мен дәрiгердiң, заңгердiң және әскери қызметкердiң және т.б. қызмет мiндеттерi толығымен айқын бекiтiлген.
Сондай-ақ мынадай түсiнiктердi кәсiби ар және кәсiби қадiр қасиеттi белгiлеу қажет. Кәсiби ар түсiнiгiнде, қоғам өмiрiнде сол және басқа мамандықтың маңыздыбағасы көрiнедi.
Барлық мамандық қатары ( мұғалiм, заңгер, басшы т.б.) кәсiби өнегелiк кәсiби әдiлдiк түсiнiгiн енгiзедi.
Кәсiби мораль принпi ең алдымен әрбiр кәсiби әдепке гуманизм принпi бастапқы болып табылады, яғни әр адамзаттың жеке басына сыйластық қарым қатынасы, оның қайталанбаушылығын, өз молшылығының құндылығын түсiну. Гуманизм принципiмен оптимизм принципi қиылысады. Әрбiр қызмет негiзiнен адамға тiкелей жолданған қызмет, жоғары идеямен жандандырылған болуы керек. Сондықтан кәсiби әдеп өзiне патриоттық принциптi қосуы қажет.
Медицина әдебiнiң өзiндiк ерекшелiгi оның барлық нормалары, принциптерi және бағалары адам денсаулығына, оның жақсаруымен сақталуына бағдарланған. Бұл нормалар алғашқыда Гиппорат антында бекiтiлген, ол медицина кодексiнiң басқа кәсiби- моральдарының жiберуi негiзгi болып құрылды.
Мысалы, 1947 жылы пайда болған. Әлемдiк медицина ассоцияциясы өз қызметiн Гиппократ антының қазiргi нұсқасы «Женевиялық декларациясы».
«Женевиялық деклорация» - медицинадағы гуманистiк идеальдың негiзiн салу рөлiн бекiтiп қана қоймай,сондықтан идеологиялық диктат саяси тәртiптiң медициналық мамандардың тәуелсiз моральдық әдеп кепiлдiгi болды.
Медициналық әдеп ежелгі кәсіби әдеп түрлерінің бірі. Әрине ол алғашқыда теориялық ғылым ретінде пайда болған жоқ, ол дәрігер жауапкершілігінің кодифицирленген жүйесі ретінде, оның науқас алдындағы міндеті, іс әрекет ережелері ретінде пайда болды. Оның пайда болуы медицинаның тууымен сәйкес келеді - Ежелгі Вавилонда және Үндістанда Ведейлік дәуірлерде де 3000 жыл бұрын дәрігерлер медицина әдебінің кодексін ұстанған.
Әрқашан шыдамды,
Ұқыпты, сыпайы бол.
Жұмысты ойдын бітімді
логикасына бағындыр.
Жәбірленуші талап етпей,
өзін үшін еш игіліксіз,
науқасты тірілтуге көмектес - деп ежелгi үндi медицинасында айтылқан.
Бүгiнгi күнге дейiн дәрiгерлiкке арнауда студенттер ежелгi кәсiби әдеп кодексiн қайталайды-Гиппократ антын: дәрiгерлiк етушi Аполонмен, және Асклепимен, және Гигимен, және Панациямен, барлық құдай алла тағалалармен ант етемiн, оларды өз антыма адал болуыма және өзiм қойған шартқа өзiмнiң барлық ойларыма және оған бар күшiмдi салуға куәгер болуға шақырамын.Менi осы өнерге үйреткендердiң барлығын есiмде сақтаймын, егер де сауап талап етпей оны қабылдағылары келсе; ауызша және жазбаша ғибраттамаларды жiберiп отырамын, сондай-ақ басқа да бiлiм түрлерiн өзiмнiң балаларыма, дәл солай өзiмнiң оқытушымның балаларына, және басқа оқушыларға, адал және пайдалы болуға ант еткендерге, бiрақ басқа ешкiмге.
Науқас адамдарға көмек беру үшiн өзiмнiң барлық күш жiгерiмдi жұмсаймын және әдiлетсiздiк пен зиян келтiруге қарсы тұрамын. Ешкiмге өздерi сұрап тұрса да өлiмге апаратын дәрi дәрмек ұсынбаймын, сондай-ақ жүктi әйелдердi абортқа дейiн жiбермеймiн. Өз өмiрiмдi және өз өнерiмдi тазалық пен адалдықта сақтаймын. Бүйрек-тасты ауруымен ауыратындарға операция жасамаймын, бiрақ оны жеңiлдетiлген тәжiрбиеде қолданамын. Барлық жағдайда әдiлетсiздiк пен зияндықтан сақтауда басы бос және құлдықтағы әйелдер мен еркектердiң дене бiтiмдерiнiң қозу ерекшелiктерiнде науқасқа көмекке келемiн. Егер мен адамдармен қарым қатынас жасауда мамандығыма байланысты немесе басқаша түрде жария етiп айтуға болмайтын бiр нәрсе естiп, көрiп қалсам оны қасиеттi құпияда сақтаймын. Егер осы антыма адал болсам және қорлыққа түспесем, онда маған өмiрдiң ең жақсысы өнер мен өмiрлiк ар жiберiлсiн.
Егер де өз антымды бұзсам масқаралық пен қорлыққа жабылайын.
Қоғам мен медицинаның дамуы медицина саласының әдебi соңғы екi мың жылдықта өзгерiссiз қалған жоқ. Медицина әдебiнiң деонтологиялық, биоэтикалық жоғарғы қызығушылық, мәселелерiне медицина құқығы қазiргi кезде мамандар айтуы бойынша бiр жағынан биология мен медицина процесi бойынша және екiншi жағынан-адам құқығының кеңеюiмен байланысты.
Дәрiгер iсiнiң тарихында ғалымдар медицина әдебiнiң екi модельiн бөледi: Гиппократ кезiнде болған классикалық, және қазiргi.
Классикалық модель мораль реттеуiнiң негiзгi төрт обьектiсiн қосады:
1) дәрiгерлiк құпия;
2) жүктiлiктiң үзiлуi;
3) эвтаназио;
4) науқас игiлiгi.
Қазiргi құрылып жатқан модель шартында адам өмiрi мен денсаулығына байланысты дәрiгерлерге кездесетiн жағдайлардың белгiлi түрде қиындауы тәуекелдi қателiк шешiмдердiң техникалық деңгейi өлшемсiз өстi.
Сондай-ақ медицина мәселелерiне мемлекет пен қоғамның қарым қатынасы өзгердi; қазiр медицина жұмыс күшiнiң ең iрi саласы болды. Бүгiнгi күнде жаңа мәселелерге мыналар жатады: 1) мүшелердi ауыстырып қондыру (бiр жағынан, мүше «тiрi» болуы қажет) егер оның тiрi болатындығы анықталса, ал екiншi жағынан адамның мүшесiн алуда ол өлi болуы керек. Осыған байланысты өлiмнiң қай уақытта туатындығы анықталады. 2) жасанды iшкi мүше; 3) жасанды ұрықтандыру; 4) генофондқа әсер ету; 5) реабилитациалау кезiнде әдiл бөлу мәселелерi (әрқайсысына ұяты бойынша, әрқайсысына дәл сондай, әрқайсысына аз аздап, әрқайсысына қажеттiлiгiнше) және т.б. Медицина тәжiрбиесiнiң қазiргi классикалық және жаңа әдептiлiк мәселелерiн қарастыру.
Дәрiгерлiк құпия.
Басқа адамдардың араласуынан адамның жеке өмiрiн сақтау дәрiгерлiк құпия. (немесе конфиденциалды тәртiп) Өзiнiң қызметiне байланысты дәрiгер науқастары жайлы, басқа адамдарға қарағанда көп бiледi. Бiрақ ол ақпарат, науқастың дәрiгерге айтқаны немесе өзiнiң тексеруi барысында алғанын, басқа 3-шi адамға науқастың рұқсатынсыз айтуға болмайды. (ауру диагнозы, денсаулық жағдайы, болжау т.б.) «Дәрiгердiң құпиясы» ұғымының формасы көптеген этикалық кодекстарда конфиденциалдық тәртiп Гиппократ антынан бастап тiркелген.
Ресей Федерациясы азаматының денсаулығын қорғау туралы заң негiздерiнiң 61 бет арналған. Дәрiгерлiк құпия.
Бiрақ дәрiгерлiк құпия кәсiби этикалық талап ретiнде, заң түрiнде қарастырылған, жиi басқа әдептiлiк талаптармен нормаларда кездеседi.
Мынадай жағдайды елестетейiк. Кәдiмгi мәскеулiк пәтер. Бала қызылша ауруымен ауырады. Шешесi дәрiгерден эпидемиологияға хабарлауын сұрайды, ол өзi жұмыс iстемегендiктен баласымен отыратынын айтады. Дәрiгер қарсылық бiлдiрмей дәрiгердiң этикасын сақтай отырып келiсiмiн бередi. Ал үш күн өткеннен кейiн, баланың халi жақсарғанда шешесi оны көршi балалармен ойнауға жiбередi. Инфекция әрi қарай дамиды.. Қорытындысы көрiнiп тұр: Дәрiгер дәрiгерлiк құпияны ол ешкiмге зиян келтiрмеген жағдайда ғана сақтау керек.
Мысал ретiнде басқа да моральды денсаулық құпиясына адамның құқық бұзу негiздерiнен келтiруге болады.: Спид ауруының адамның (рұқсат) тiлегiне қарамай қан алады, егерде ол қауiп қатерлiк тобынан болса. Егерде шет елдiк азаматтардан ВИЧ вирусын байқаған жағдайда оны депортолайды. Басқа мысал-екпе сертификатынсыз адамды елге жiбермейдi. Медицинада көбiнесе жеке адам құқығы сақталмайды, өйткенi бiр адам басқа адамға жұқтыруы мүмкiн.
Мүшелердi ауыстырып қондыру.
Ресей зерттеушiлерi В.М. Голубчик пен Н.М. Тверская келесi мына мысалды келтiредi.1973 ж. 10 қазанда Окленд қаласы (АҚШ) штат колифорниясында сот өттi. Сотталушыға кiсi өлтiру жөнiнде айып тағылды. Адвокат «кiсi өлтiрушi» дегендi «қарулы шабуыл» деп өзгертудi сұрады. Оның осындай талап қоюына не себеп болды?
Қылмыскер сотқа 1 ай қалғанда Мур атты адамның басына оқ атып өлтiрген. Дәрiгер миға оқ атылғаннан болған өлiм екенiн анықтады.
Өлген адамның жүрегi әлi тiрi кезiнде алынып тiкұшақпен басқа қалаға жеткiзiлдi, онда оны басқа адамға салды. Адвокат формулярды ауыстыруын сұрады ( әйтпесе одан басқа қылмыстық кодекс тармағы, яғни басқа жаза).
Мураны жарақат алғаннан кейiн өлдi деп санауға болмайды, егерде кеудесiнде жүрегi соғып тұрса. Сонда оны кiм өлтiрдi? - сотқа қарап, атқан кiсi ме, әлде хирург па?
Адвокат сұрағы барлығын дүр сiлкiндiрдi. Жапонияда және мұсылман елдерiнде мүшелердi ауыстырып қондыру мәселесi мүлде қарастырылмайды. Оның жақтаушылары донор болу үшiн тек қана тiрi мүшелердi қолдану керек, онда олардың иелерiн өлi деп санауы керек.
Өлiм жағдайын үнемi жеңiл қабылдау мүмкiн емес. Ерте кезде өлiмдi анықтау - майшам жағып, айна, көз қарашығын ұлғайуы, дем алмау, пульсiнiң болмауы-тiптi қазiргi энцефалограммада қатесiз кiсiнiң тiрi ме өлi ме екенiң анықтай алмайды. Медицина тәжiрбиесi бойынша «өлдi деп саналған адам бiраздан соң тiрiлуi» кездеседi. Циркуляр ООН өмiрлiк маңызды қызмет атқаратын мүшелердiң тоқтағаннан кейiн бiрақ өлдi деп анықтайды. Бiрақ, мамандардың ойы бойынша, клиникалық өлiмнiң жағдайын адамның әрбiр ағзасының эпирикалық соңын анықтау мүмкiн емес.
Түсiктер (Аборттар). Берiлген статистикаға қарасақ, бездiң елде жылына 7 млн. Жасанды түсiнiк тастау жасалынады. Одан басқа қанша заңсыз жасалғанын ешкiм бiлмейдi. 20-ғасыр соңында әрбiр жаңа туған нәрестеге 2 мыңнан астам түсiк кемiдi. Анасының құрсағында жатқан, адам өмiрiн қалай қорғау керек? ФГР мысалы оны былай жасайды. Қылмыс кодексiнiң 218 тармағында жазылған. Түсiк дәрiгер мынандай жағдайларда ғана жазадан бюосатылады: медициналық көрсетiлсе (түсiп қалу қаупiне жүктiге зиянды) жасанды түсiк қарастыратын, жүктiнiң мерзiмiне қарамастан; генетикалық көрсеткiштерi (ақыл есi кем не кемтар болып қалу қаупi) 22 апталық жүктiлiкке жеткенiн кейiн қарастырылады (зорлау барысындағы жүктiлiк) алғашқы 12 апталық мерзiмiнде; әлеуметтiк көрсеткiшi (баланың туу шешесiне төтенше жағдай жасаса, мектеп бiтiруiне кедергi; дипрессияға әкелсе, материалдық жағдайы төмендесе) 12 апталық мерзiмi қарастырылады. Бiздiң елiмiзде жасанды түсiкке тыйым салу 50 ж.ж. алынып тасталған. Одан кейiн шектеулер қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |