«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет3/7
Дата30.11.2016
өлшемі1,36 Mb.
#2861
1   2   3   4   5   6   7

Әбіш Кекілбаев : “Бірі бастап берген әңгімені екіншісі қостай жөнелгенде, тоты құстың қауырсынындай құлпырып, аяқ астынан ажарланып жүре беруші еді. Сол үшеуінің аузының дуасындай бірлік бергенде, қазақтың жұлдызы қалай- қалай жарқырар еді. Қандай қиын түйінде де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді. Қандай қиқар даукесің де Әйтеке айтқанда құлақ аспасқа, Қазыбек айтқанда қоштамасқа, Төле айтқанда “ төресі осы” деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты.

Әйтеке жарып, Қазыбек қазып, Төле тауып айтады” деген сөз осыдан қалған екен. Үш арысты қазақ сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей бусанып, тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау? “

Шешендік сөздің түрлері.

Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай беске бөлінеді:

1.Әлеуметтік- саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптағы баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, съезд, сессиялардағы сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси- әлеуметтік шолулар жатады.

2.Академиялық шешендік. Бұған жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар жатады.

3.Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздар. Прокурордың айыптау сөзі, әлекметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың, айыпкердің сөзі жатады.

4.Әлеуметтік- тұрмыстық шешендік сөздер. Мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында, қабір басында, көпшіліктің алдында айтылатын сөздер жатады.

5.Діни қызметте қолданылатын шешендік сөздер (уағыз). Уағыздау, иман сөздері жатады. Таным мен білім, рухани дүниені дамыту, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеуде тәрбиенің құралы ретінде шешендік сөздер тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің айнасы болмақ.

Шешендік сөздің түрлері.




Шешендік сөздің тектері

Шешендік сөздің түрлері

Стильде-

рі


Негізгі тілдік құралдар

1.

Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер

Баяндамалар, мәжіліс, митинг, конферен-

циядағы сөздер, үгіт- насихаттық шолу, дипломатиялық сөз.



Публистикалық,рес-ми, ғылы-

ми


Афоризмдер, терминдер, фактілер, сілтемелер, қаратпа, қыстырма сөздер.

2.

Академиялық шешендік сөз.

Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы лекция, баяндама, шолу, хабарлама.

Ғылыми, ресми, публистикалық

Фактілер, терминдер, салыстырмалар.

3.

Әлеуметтік- тұрмыстық шешендік сөздер.

Салтанаттарда, мерей

тойларда, дастарқанда, қабір басындағы сөздер.



Көркем әдеби, публистикалық

Мақал-мәтелдер, афоризмдер,тұрақты сөз тіркестері,













Оқшау сөздер, сөз айшықтары

4.

Сот ісінде қолданылатын сөз.

Прокурордың айыптау, адвокаттың қорғау, айыпкедің қорғану сөздері.

Ресми, сөйлеу, публистикалық

Іскерлік қатынас тілі, мақал-мәтел,риторикалық сұрау

5.

Діни қызметтегі шешендік сөздер.

Уағыз. Иман сөздері.

Сөйлеу тілі, публистикалық

Діни терминдер, имандылыққа үндейтін сөз орамдары.

 

Шешендік сөз сапалары.

Шешендік шығармашылық биікке көтерілген кезде көрінеді. Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол болады. Сөйлеу айшықтары дегеніміз- тыңдаушыға әсерлі, сөйлеудің мәлерлілігін, экспрессивті мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың ерекшеленген формалары, оған шендестіру, градация, қайталау, риторикалық сұрау т.б. жатады. Шешендік сөздерде бейнелі эпитеттер, образды теңеулер, аллитерация, ассонанстар мол қолданылады.

Шешендік сөздерде мақал- мәтелдермен қатар өзгенің сөзінен келтірілген дәйексөз орын алады.Қыстырма, қаратпа сөздерді қолдану,тыңдаушы мен айтушыны жалғастыратын иә, жоқ, ал, керек, сияқты сөздері де кездеседі.

Шешендік сөздің сырты қандай сұлу болса, іші де сондай мазмұнды, терең мағыналы, “тыңдаушысын бордай езілтуі” негізгі шарт түрінде қала бермек.

Шешенге қойылатын талаптар.

Шешендік- ұлы күш. Шешен- ділмар, тапқыр, ресми жиындарда шығып сөйлеуші.

Қойылатын талаптар:

1.Тілдлік қабілеті мол, сөздің табиғатын түсіне білуі.

2.Білімді, үнемі ізденіп, жан-жақты жетілуі.

3.Шыншыл, шындық негіздеріне сүйену.

4.Нақты, деректі сөйлеуі.Білмейтін нәрсені айтпауы.

5.Жинақылық, киімі, өзін ұстауы, қол қимылдары сөз мазмұнымен үйлесуі.

6.Аңғарымпаздық, тыңдаушысын бақылап, көңіл күйді ажырата білуі, адамгершілігінің жоғары болуы.

Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.

Жұрт алдында сөйлеуге негіз болатын екі түрлі себеп бар:

1.Өз сезіміңді білдіру қажеттігі.

2.Ойыңды басқа біреумен бөлісу тілегі.

Кез келген адамның көпшілік алдына шығып сөйлеуге батылы жете бермейді. Жұрт алдына шығып сөйлеудегі қиындықтар :

1.Сөйлеуші мен тыңдаушының байланысы бетпе-бет болғандықтан, елді ұйыта білуі қажет.

2.Ауызша сөйлейтіндіктен, көп ізденіп, жаттығу керек.

3.Тыңдаушыны жалықтырып алмау үшін дауысты құбылту керек.

Жұрт алдында сөйлеуге әзірленгенде, топ ерекшелігі ескерілуі тиіс.Сөзді тыңдату үшін мыналар қажет :

1.Қарым- қатынасқа түсе білу.

2.Тыңдаушының назарын аудара білу.

3.Сыпайылық таныту, мәдениеттілік.

4.Тыңдаушының көңілінен шыға білу.

Жұрт алдында сөйлеуге машықтану жолдары.

Жұрт алдында сөйлеуге дайындық бірнеше сатыдан тұрады:

-психологиялық дайындық;

-нақты сөзге дайындық;

- күнделікті дайындық.

Шешен өзіне сенетіндей жағдайға жетуі тиіс.Тапқырлық сабырлылық, батылдық қажет.

Психологиялық дайындық тыңдарман жөніндегі мәліметтерге сай жүргізіледі, онда тыңдаушы орта, жастары, мамандықтары ескеріледі.Сөйлеуші минутына 100-200 сөз айтуға әзірленуі тиіс.Сөйлеу техникасын, дауыс мәнерін меңгеруі қажет. Бет- жүз құбылысын анықтау үшін айнаға қарап тұрып сөйлеу керек. Алға- артқа жүріп те жаттығу керек.

Жылы жүзбен, жұмсақ дауыспен сөйлеуге дайындалып, дағдылану қажет. Сұрақ- жауап ретінде қатынасты дамытуды үйренуі керек. Үйретуші ретінде баруға болмайды, тым білгіш болу да қауіпті, көптің көңілінен шықпай қалуы мүмкін.



Нақты сөзге дайындық:

1. Сөйленетін сөздің тақырыбын анықтау.

2. Мақсатты айқындау.

3. Материалды іріктеу.

4. Әдебиетпен жұмыс.

5.Өз ұстанымының болуы.

6.Жоспар арқылы сөйлеуге әзірлік.

7.Дауысты құбылта білу.



Күнделікті дайындық.

Шешеннің дарыны күделікді үздіксіз дайындық арқылы келеді, жарқырап ашыла түседі. Ғылыми- көпшілік әдебиеттерден, баспасөз, ақпарат құралдарынан, көркем әдебиеттерден қажетті сөзөдерді, фактілерді, үзінділерді жазып алып, жаттап, қысылған кезде жол табуға мүмкіндік алатындай қоры болуы керек.Мұндай ізденіс адамның жеке мұрағатын жасауға негіз болады. Даналық сөздер, мақал- мәтелдер, қанатты сөзөдер көп сұраққа жауап бола алады.

Күнделікті дайындықтың жүйесін құрайтын әрекеттер: күнделік, пікір, хат, толғау, тілек түрінде ойды қағазға түсіре беру. Ой толығып, есте берік сақталады.

Дайындықтың тағы бір түрі- басқа шешендердің сөзін тыңдап, оларға сыни талдау жасау.Табыстан үлгі, қатеден сабақ алуғаі дағдылану.

Жұрт алдында сөйлеу әдісін меңгеру дайындық кезеңдерін дұрыс ұйымдастыру, жоспарын жасау, сөзді бастап, баяндау, аяқтаудың әр бөлігін ойластыру, аудиторияны еркін билеудің тәсілдерін анықтаумен тығыз байланысты.

Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы.

Көпшілік алддында сөйлейтін сөздің құрылымы ойдың дами беруінің ішкі заңдылықтарын ескере отырып жасалатын бірнеше бөліктің бірлігінен тұрады.Мазмұны тұтас бір сөздің бөлшектерін құрайтындықтан, олардың орналасуын анықтау автордың өз еркінде.Сөз құрылымы кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады.



Кіріспе сөз.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады,

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ,- деген екен Бұқар жырау.

Сөз этикалық сөз орамдарынан басталады. “Құрметті әріптестері”, “Ханымдар мен мырзалар!”,”Танысып қоялық..”,”Сіздермен кездескеніме қуаныштымын”,”Бүгін сәтті күн..” т.б.

Тыңдаушының назарын бірден аударуда мақал-мәтел, қызықты әңгіме, естімеген жаңалық тосын сұрақ т.б. сәтті қолданудың орны ерекше.



Негізгі бөлім.

Негізгі бөлімнің басты мақсаты- айтылатын сөздің түйінді мәселелерін, ой өзегін таратып, жүйелеп түсіндіру.Негізгі бөлімнің ерекшеліктері : егер тыңдаушыға тақырып беймәлім болса, әңгімені негізгі ойдан бастау, ал тақырып таныс болса, өзекті ойды ашу.



Баяндаудың логикалық формалары.

Ұғым құалыптастырудың негізгі логикалық тәсілдеріне анализ, синтез, салыстыру, жинақтау жатады.

Анализ- нәрсені ғылыми түрде зерттеу, талдау.

Синтез- заттарды бірлікте, тұтастықта қарау.

Салыстыру- нәрселер, құбылыстардың басты белгілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша сараптау.

Жинақтау- қорытындылау, айтылған ойды түйіндеу.



Түсіндіру тәсілдері.

Шешендік өнерде сызбалар, модельдер, жоспар қолданса, сөз қуаты арта түседі.

Дедукция- жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке, теориядан мысалға көшу.

Индукция- жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге көшу.

Аналогия- ұқсас заттардың белгілерін салыстырып, белгілі бір затқа тән қасиетті ашу.

Дәлелдеме және оның мәні.

Шешен сөзінің шыныдық сипатын арттырудың және тыңдаушының сенімін қалыптастырудың бір жолы- дәлелдемелерді орынды қолдану.

Дәлелдеме- айтылатын сөздің шындығына көз жеткізетін анықтама, куәлік.

Дәлелдеменің екі түрі болады:

1.Затқа, құбылысқа қатысты дәлеледемелер.Фактілер, статистикалық материалдар, құжаттар т.б.

2.Адамға қатысты дәлелдемелер.Ой-пікірлер, қасиеттер.



Қорытынды сөз.

Қорытынды бөлімнің міндеті- сөздің тұжырымын, түйінін жасау, тыңдарманға ой салу. Қорытынды сөзге тән белгілер: сөз қысқалығы, ой шымырлығы. Қорытынды- сөздің бүкіл күшін топтастырушы, мәндә бөлім. Қорыта айтқанда, ойымызды түйіндей келсек, сөз соңында айтарым, айтылған мәселлерден шығатын қорытынды т.б.сөздер айтылады.



Пікірталас мәдениеті.

Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі- сөз еркіндігі.Өзінің айтары бар, жеке ой- пікірлері ұтымды, қоғамдық көзқарасы қалыптасқан адамдарға, топтарға өзін танытуға мүмкіндік бар.

Орынды айтылған сөзге тоқтау- біліктілік белгісі, арлылықтың айғағы. Пікіралмасу- адамның ақыл- ой қабілеті дамуының басты тетігі. Полемика- сөз қақтығысы. Әр түрлі пі- кірдің болуы жеке адамдардың, топтардың арасында сөз қақтығыстарының болуына әкеледі.Сөз майданында тек ақылдылар ғана емес, ойы алымды, сөзі шалымды шеберлер жеңіс тұғырына көтеріледі, сондықтан полемикалық шеберлікті үйренудің маңызы ерекше.

Шешенге қажетті ең қажетті іскерліктер:

1.Өз пікірін дәлелдей алуы.

2.Пікірінің дұрыстығына өзгелердің көзін жеткізе білуі.

3.Сөзіне ұйытып, сендіруі.

4.Қарсыласына тойтарыс бере білуі.

Пікірталас- белгілі бір қоғамдық мәні бар мәселені, ғылыми жұмысты талқылау барысындағы айтыс, тартыс, дау. Пікірталасқа қатысушы төмендегідей мәселені білуі шарт :

1.Өзі қатысатын пікірталастың мәнін түсіну.

2. Пікірталастың түрін, ерекшелігін ескеру.

1.Қажетті полемикалық тәсілдерді меңгеру.

2.Пікірталас тақырыбын анықтау.

3.Пікірталас мәдениеті талаптарын орындау.

Пікірталас мәдениеті талаптары.

Пікірталасқа қатысушы адамның бойында батылдық пен сыпайылық, салқынқандылық пен тапқырлық, шешендік пен сөзге тоқтай білу сияқты қасиеттер тоғысып жатуы тиіс.Сөз додасына түсетін адамның сөзді орынды, дәл қолдана білуі, терминдерді дұрыс түсінуі, тілдік жағдаятта сөз орамдарын жарасымды келтіре білуі, еркіндігі жеңіске жету мүмкіндігін молайтады.Қарсыласының сөз астарын тез ұғып, жылдам жауап беріп, сөз қақтығысынан жол тауып шыға білуі, қателіктерді тез сезініп, шұғыл шешім қабылдау іскерлігінің де көмегі көп.

Сөзталасқа түсер алдында мынадай мәселелерге назар аударған жөн :

1.Бұл мәсәле айтысуға тұра ма, қажеттігі қандай?

2.Айтысты ұйымдастырудағы мақсат не?

3.Қарсыласатың деңгейі қандай?

4.Қарсыластың позициясы қандай?

5.Қарсыластың мықты және осал тұстары неде?

Айтыскерден тікелей талап етілетін нәрселер :

1.Тақырыптан ауытқымау.

2.Өзінің позициясының болуы.

3.Өзін дұрыс ұстай білуі.

4.Сөйлеу шеберлігі.

5.Жоғары мәдениеттілік.

6.Қарсыласын, аудиторияны сыйлауы.

7.Қара басының намысымен қатар ортақ пікірге деген мүдделілік.

8.Қарсыласына кезек беруі.

9.Регламент сақтау.


Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:

1.Сұрақтың дұрыс қойылуы.

2.Логикалық заңдардың басшылыққа алынуы.

3.Ойды баяндау тәсілдерінің ұтымды қолданылуы.

4.Ой тығырығына тіреу амалдарын ойластыру.

5.Логикалық қателіктер жібермеу.

Қарсыласқа тойтарыс берудің ұтымды тәсілдері ретінде оның ойын жоққа шығару, тұжырымын сынау, өз сөзімен өзін ұру, сұрақпен төпелеу аталады.Психологиялық қыспаққа алуда әзіл, сықақ, мысқылды қолдану қажет.

Пікірдің өтімділігін арттыратын тілдік құралдарға орынды дәлелдемелер, риторикалық фигуралар, этикеттік сөз орамдары жатады. Сөз саптау, сөз мазмұнын үйлестіру, ұйқастыра сөйлеу пікірдің әсерін арттырады.


Негізгі сұрақтар

1 Келіссөз жүргізу әдебі.

2 Қатынас арығы.

3 Келіссөз кезеңдері.

4 Дау-жанжалды шешу.

5 Келісссөз тәртібі, сыйлық сыйлау.

6 Сөйлеуші үшін тәртіп.

7 Тыңдаушы үшін тәртіп.

8 Түрлі ұлттық мәдениет әдептілігінің ерекшелігі.

9 Кездесетін қателіктердің түрлері.

10 Келіссөздер жүргізу барысында киім таңдау басқада жағдайлардағы әдептілік тәртібі.
9, 10 - тақырып. Корпоративтік этика.

Әдеп және компания мәдениетi. Корпоративтi мәдениет. Ұйым миссиясы. Корпоративтi иммидж. Корпоративтi мәдениеттiң принциптерi. Корпоративтi мәдениетке қол үшiн беру механизмдерi.

«Ұйымның атмосферасы немесе климаты оның мәдениеті деп аталады. Мәдениет ұйымның көпшіл дәстүрлерін, мінезін көрсетеді» (М.Х.Мэскон).

Ұйымның әр-түрлі үлгілері әр-түрлі ойларға, сенімдерге және дәстүрлерге ие. Олар сыртқы түрімен, атмосферасы мен жұмыс істеу әдістерімен айрықшаланады.

Ұйым мәдениетіне келесі факторлар әсер етеді: меншіктің пайда болуы және түрлері, технология, оқиғалар.

Ұйым мәдениетін құрайтын көптеген негізгі ойлар, сенімдер мен дәстүрлер айқын емес болып табылады. Өйткені көбісі дәлелденбей және сирек күмән туғызады.

Мәдениет – ұйымның тиімділігіне жетудегі маңызды фактор.

Мәдениеттің төрт түрі болуы мүмкін: өкіметтік, рөлдік, міндеттік, тұлғалық.

Компанияларға сәттілік алып келетін, ұйымдық мәдениеттің бір қатар құндылықтары бар:

1) әрекеттерге бағыт;

2) тұтынушыларға тікелей қарау;

3) дербестік және қамдану;

4) адамннан өнімділік;

5) өмірмен байланыс, құнды басшылық;

6) өз ісіне жол ұстаушылық;

7) әрекеттер бостандығы және біруақытта.

Көрсетілген ұйымдық мәдениеттің құндылықтарының ерекшелігі оларды тек қана түсініп қана қоймай, сонымен қатар олармен сәйкес әрекет етуінде жатыр. Осы ерекшелігі болғанда ұйымдық мәдениет өзінің негізгі функциясын атқарады: ұйымды оның стратегиясы аясында басқарудың тиімділігін қамтамасыздандыру.

Корпоративтi әдептiң теориялық негiзiн қарастыруда «Мәдениет түсiнiгi» қолданылады. «Мәдениет түсiнiгi» көп қырлы. Әртүрлi әдебиеттерде мәдениетке 250-ден 500-ге дейiн анықтамалар берiлген. Ресей мәдениеттанушысы Ю. Лотман ұжымның гинетикалық емес ойы туралы айтқан, ал А.Андрееваның ойынша «Мәдениет - бұл кез келген бейненiң көмегiмен адамның санасын табиғаттан айрықшалау (жобайы)».

Корпоративтi мәдениеттiң элементтерi кез келген ұйымдарда қалыптасады. Бiрақ корпоративтi мәдениеттi мойындау жетекшiге, егер ол оның масштаб факторын және басқару күрделiгiмен түсiндiрiлсе тиiмдi болады.

Ұйымдасқан және корпоративтi мәдениет.

Мескон бойынша екi сәттен тұрады:

1) жауапкершiлiк:

- әлеуметтiк-қоғамның әлеуметтiк мәселелерiн, мысалы қайырымдылық, қолдаушылық т.б. ұйымның еркi бойынша анықтайды;

- заңдық-ұйымның заң және мемлекеттiк нормаларды ұстаумен анықталады.

2) этика:

- нормативтармен әлеуметтәк ревиздер;

- этикалық тәртiпке үйрету.

Корпаративтi мәдениет:

- серiктестерге ұйымдардың бiрегейлiктiгi ұсынады;

- оларға ұйым туралы түсiнiк беру;

- тиянақтылық және морлальдiк болып табылады;

- серiктестiктер арасындағы қауiпсiздiк сезiмiн тудырады;

- жаңа келгендерге ұйым жағдайын түсiндiруге көмектесу;

- жұмыскерлер жауапкершiлiгiн алдына қойған мiндеттер бойынша жүйелеу;

- назар аудару;

- көрiнiс аудару;

- жұмыскерлердiң шығармашылық жұмысын белгiлеу;

- олардың ролдiк моделдердегi сапаларын үйлестiру;

- қызметкерлердiң өсуiн қадағалау.

Корпоративтi мәдениеттiң негiзгi қызметтерi:

- сыртқы бейiмделу - ұйым миссиясының жауапкерлiкпен, мақсатпен, әдiспен байланысты;

- ұйым мүшесiнiңiшкi интеграциясы олардың тәртiбiнiң, бағдарлау мүмкiндiгiнiң кеңейтiлуi;

- корпоративтi мәдениеттiң сыртқы және iшкi жақтары бар. Сыртқы жақтары тарихта аңыздарда, рәмiздерде, ритуалдарда, дәстүрлерде көрiнедi, әсiресе ұйымды бiрлiкке шақыратын маңызды орынды алады.

Iшкi құрастырушы - бұл ережелер және рөлдер, басқарудың жалпы философиясы және құндылығы.

Корпоративтi мәдениеттiң қалыптасу жолдары:

- серiктестiктердiң мойындауымен фермада стратегиялық даму шеңберлерi және iс әрекеттiң әдiстерi қалвптасады, бұл мойындау ұйғаруда аталған құрылымдық компоненттiң төрт негiзiн қамтиды( бiлiмнiң жинағы, субьектпен обьектiн айырмашылығы, мақсатқа негiзделген iс әрекет, қарым - қатынас, тiл);

- басқару арқылы серiктестердiң мойындалмайтын компонентерi; жағдайды табиғи қалыптастыру, арнаулы iс шаралар шараларды өткiзу, серiктестер арасында табиғи жолмен құндылықұтармен нормаларды қалыптастыратын психологиялық атмосфера құрастыру.

Корпоративтi мәдениеттi қалыптастыруға ұмтылу жетекшiлердi «ритуалды» бейнелеуге жетелейдi мұнда кәсiпорындағы қызметкердiң мiндеттерi көрсетiледi. Арасында экзотикалық процедуралар, ұжымдықүнсiздiк түрңнде немесе жұмыс күнiнде 5км-ге жүгiру процедуралары болып тұрады.

Н.Камерон және Р.Куиннiң ұсынуларымен корпоративтi мәдениеттiң 4 түрлi қарастырылады, нерархимиялық, нарықтық, адхократикалық (латын тiлiнен аударғанда аdhoc - жағдай бойынша) және кландық. Олардың ұсынған әрбiр типтерi 6 базалық параметрмен өлшенедi: ұйымның маңызды сипаттамасы; озаттықтың жалпы стиль; жалдамалы жұмысшыларды басқару стилi; мәндi байланы; стратегиялық мақсаттар; табыстың критериялары.


Қауiп

Инвестициялық мәдениет

Тиiмдi келiсiм мәдениетi

Әкiмшiлiк мәдениет

Сауда саттық мәденитi

Керi байланыс

2 сурет - Корпоративтi мәдениеттiң типологиясы


Жетекшiлермен қатардағы қызметкерлер iс әрекетiнiң этикасын жетiлдiру мақсатында келесi шаралармен әдiстер қолданады. Этикалықкодекстер, этика қарттары, этика жөнiндегi комитетер, әлеуметтiк ревизялар, этикалық iс әрекетке үйрету, этикалық экспертиза этикалық кеңес беру.

Персоналды адаптациялау.

Адаптация – жалданған жұмысшыларды ұйымға және ұйым бөлімшелеріне ұйым олардан ие күтетінін және мұнда қандай еңбек жақсы бағаланатынын түсінілері мақсатымен таныстыру.

Адаптация – бұл тұлғаны ол үшін қабылданған нормалары мен ережелері бар жаңа өндірістік және әлеуметтік ортаға енгізу үрдісі.

Адаптацияның негізгі мақсаты – жұмысшының жеке білімі, тәжірибесін және құндылықтарын ұйым құндылықтарымен және дәстүрлер мен байланыстыру, жұмысшыны нақты формада қарым-қатынасқа үйрету.

Адаптацияның алғашқы (оқу орыйын аяқтаған тұлғалардың жұмысқа орналасуы кезінде, жастардың еңбекке кіруі кезінде) және екінші түрін (еңбек жағдайынын өзгеруі кезінде, жұмыс орнын адыстыру, жаңа технологиялар еңгізу, т.б.) ажыратады.

Адаптация – бұл күрделі үрдіс. Мұнда келесі элементтерді бөпіп көрсетеді:

– профессионалды адаптация;

– әлеуметтік-психологиялық;

– психо-физиологиялық;

– экономикалық;

– ұйымдастырушылық.

«Корпоративті мəдениет» термині – бизнес – пəн мұғалімдерінің, басқару мамандықтарында оқитын студенттердің жəне басшылардың аузынан жиі айтылатын сөз. Термин танымал бола бастады, тек оның соңында келесідей мəн жатыр. Өзімнің тренингтерімде мен осы тақырыпқа жиі назар аударамын. Жəне мен оны «Мəдениет деген не?» деген сұрақтан бастаймын. Егер де білімді оқырман бірден жауапты құрастыра алатын болса, онда ол кісінің алдында басымды иемін.

Қанағаттандыратын анықтаманы бере алатын адам өте сирек кездеседі. Оның үстіне біз өз «мəдениетімізбен» мақтанамыз. Алайда біз «мəдениетке» анықтама бере алмасақ, ұйымдастырылған мəдениет жəне ол қалай «жұмыс істейтіні» туралы əңгіме қозғай аламыз ба. Сонымен, алдымен анықтамалардан бастайық.

А. Кребер жəне К.Клакхон жеткілікті көлемді анықтама береді: «Мəдениет эксплицитті жəне имплицитті шамалардан тұрады, ол белгілердің көмегімен меңгерілетін жəне ортаға байланысты мінез – құлықтарды анықтайды; ол бір топ адамдардың іс - əрекеті нəтижесінде пайда болады, соның ішінде оның амалдарға айналуы да жатады. Мəдениеттің мазмұнды өзегін дəстүрлі тарихи қалыптасқан жəне ерекше идеялар құрайды, соның ішінде ерекше құндылық белгіленген идеялар. Мəдени жүйелер бір жағынан адамдар іс - əрекетінің нəтижесі ретінде, ал екінші жағынан – оны реттеушілері ретінде қарастырылуы мүмкін».

1Шынымен де анықтама көлемді, алайда оны қарапайым деп айта алмайсың.

Г. Ховштед мəдениетті «адамдардың бір дəрежесін екіншілерінен ажырататын ойларды біріктіріп бағдарламалау» ретінде анықтайды. Осы анықтамада негізгі түйін – ұжымдық бағдарламалау.

2 Бұл анықтама анағұрлым қарапайым жəне түсінікті. Тек бағдарламалаушылар кімдер деген бір ғана сұрақ қою қажет. Мəдениеттің субъектілері жəне мəдениеттің объектілері бар екендігі туралы сөз қозғау əбден ықтимал.

А.И. Пригожин мəдениетті адамзатпен жинақталған ең құнды нəрсені білдіретін ең жалпы түсінік ретінде анықтайды, басқаша айтқанда адамдар өздері құнды деп санайтындар: материалдық, рухани, əлеуметтік құндылықтар.

3Тағы да бір анықтаманы əлемет тану пəні бойынша Халықаралық Бизнес Академиясында (Алматы) профессор Гуревичтің дəрісінде естідім: «Мəдениет – бұл біздің түйсіктерімізді шектейтін жүйе». Сірə, мен осы анықтамамен де келісемін.



Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет