12.2
Қоршаған ортаға әсері
Қазіргі өндірістік мал шаруашылығында біршама
энергияны көп қажет ететін
технологиялардың қолданылуы қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктеменің
жоғарлауымен ілеседі. Бұл мал шаруашылық кешенінен келіп түсетін ластанулардан
болатын кері әсерлерді болдырмауға жұмсалатын шығындардың көбеюіне әкеліп
соқтырады.
Мүмкін жағымсыз салдарды анықтау және олардың алдын-алу әдістерін анықтау аса
маңызды. Сәйкесінше ондайларға атмосфералық ауаға ластаушы және өзге заттектердің
шығарылуын; су және жер асты объектілерге және су жинаушы алаңдарға түсірілетін
тастауларды; жердің ластануын; өндіру мен тұтыну қалдықтарының жиналуын жатқызуға
болады.
Қорщаған ортаға мал шаруашылығы кәсіпорындарымен бөлінетін ластанулардың көзі
түрлері бойынша келесідей бөлінеді:
газшаңдық шығарылулар – бұзылу немесе органикалық
қалдықтардың өртеу
өнімдері; микроорганизмдер; шаң; органикалық қосылулар, азот, күкірт, оттек
тотықтары;
шаңның, азық қалдықтарының қатты қосылулары бар полидисперсті массасын,
сондай-ақ азотты, нитриттерді, нитраттарды,
хлоридтерді, сульфаттарды,
фосфаттарды, патогенді микробтарды, майларды, темірді, бактериологиялық
(БПК) және химиялық (ХПК)
ластаушы заттектерді, мұнай өнімдерін, СПАВ-
тарды құрайтын ағынды сулар;
көптеген микроорганизмдер бар өндірістің органикалық қалдықтары;
мал шаруашылық кешенінің тағамдық емес қалдықтар: мал дәрігерлік
конфискаттар, аз бағалы өнімдер, сондай-ақ өлген мал.
22.
Кесте –Жоба аясындағы табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыру кестесі
Іс-шара мақсаты
Іс-шара
Табиғатқа
жағымсыз әсерді төмендету
1.
Технологиялық жабдықты модернизациялау
және жаңарту
2.
Аз қалдықты және қалдықсыз
технологияларды енгізу
3.
Органикалық қалдықтардың, газшаңдық
шығарылулардың, суды тұтынудың және ағынды
суларды тастаудың мөлшерлерін
азайту
Газшаңдық шығарылулармен ластауды
болдырмау
1.
Шаң газды аңғару аппаратурасын орнату
Органикалық қалдықтарды азайту
1.
Көңнің дұрыс сақталуын, тасымалдануын,
пайдалануын және өңделуін ұйымдастыру
2.
Пайдаға асыру мен
екіншілік өнімді алудың
заманауи әдістерін қолдану
Табиғатқа жағымсыз әсерді төмендету мақсатында кәсіпорын жоспарларында –
бөлімшелердегі технологиялық жабдықты модернизациялау және жаңарту, шаруашылық
қызмет ұйымдастырылуына қазіргі экологиялық нормаларға сәйкес өзгерістер енгізу.
Бұл шаруашылық айналымға шаруашылықта әрдайым пайда болатын және жиналатын
барлық шикізаттық ресурстарды енгізуге негізделген аз қалдықты және қалдықсыз
технологияларды енгізу арқылы мүмкін болады.
Органикалық қалдықтар, газшаңдық
шығарылулар, суды тұтыну мен ағынды сулардың тасталуы көлемін азайтып, қоршаған
ортаға жағымсыз әсерді төмендетуге болады.
Газшаңдық шығарылулармен ластануды болдырмау үшін кәсіпорында шаң газды
аңғаратын
аппаратура орнатылады, ол атмосфераға тасталу алдында желдеткіш ауаны
жағымсыз иістерден тазартуды қамтамассыз етеді.
Органикалық қалдықтарды азайтуға, қазіргі пайдаға асыру мен екіншілік өнімді алу
әдістерін қолданып,
дұрыс сақтауды, тасымалдауды, пайдалануды және органикалық
қалдықтарды алуды ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі.