Бизнес-жоспар Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай


Ғимараттар мен құрылыстар



бет9/12
Дата13.08.2017
өлшемі1,4 Mb.
#23649
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар


Жылыжай үшін жер учаскесі «Қазақстан Респцубликасындағы Инвестициялар туралы» Заңғы сәйкес мемлекеттен өтеусіз негізде жалға алынуы тиіс.

Жер учаскесінде аралығы 8х4,5м, бағанының биіктігі 4,5 м жылыжайды орналастыру жоспарлануда.

Жиналған өнімді сатушы бірден көтерме саудада сатады, сондықтан да көкөніс қаймасының қажеті жоқ

5.3 Жабдық және инвентарь (техника)


Жылыжайдың желкөз желдеткіші жүйесі

Жылыжайлардың желкөз желдеткіші жүйесі жылыжайлардың тұйық көлемінде табиғи ауа айналымына арналған, ол мөлдір жарық қоршаудың төбе бөлігіндегі жеелдеткіш арқылы ауа айналымын жасайды. Ол алыстан автоматты түрде ашылып-жабылады.

Ашу қондырғысы гальванизацияланған құбырға алюминий қысқышпен қосылады және әрбір төбеге екі пластмасса шкивпен шығарылады.

Желдету желкөз арқылы жүзеге асырылады, олар төбенің астына шаахмат түрінде орналастырылған.

Желдеткіш көздердің жалпы алаңы жылыжай төбесінде жылыжай аумағының 25% құрайды.

Желкөздерді ашу бұрышы 46º құрайды. Негізгі жабдықтардың арасында жылыжай өндірісі үшін мыналарды бөліп көрсетуге болады.


8-сурет - «Пушпульді» желкөздерді ашу жүйесінің схемасы

Бұл жүйе жылыжайда микроклиматты ұстап тұрудың технологиялық процесін сапалы басқаруға мүмкіндік береді.



Көлденеңінен құрастырылған энергия үнемдейтін және жарық шығаратын шымылдықты экрандар (шымылдықты жабу жүйесі

Энергия үнемдейтін және жарық шығаратын шымылдықты экран жүйесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде жылыжайларға түсетін күн сәулесі радиациясы (шамадан тыс) кезінде көлеңкелеу, сонымен бірге түнде және сырттағы температура төмен болған кездерде жылуды аз жоғалту үшін арнайы әзірленді.


9-сурет - Жылыжайды көлденеңінен көлеңкелеу жүйесі


Жылыжай шаруашылығы үшін аса қажетті жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады.



Тамшылатып суару жүйесі

Тамшылатып суару жүйесінің көмегімен су мен пайдалы ерітінділер тамыр жүйесінде тұрақты түрде ылғал болуы үшін өсімдіктің тамыры орналасқан аймаққа тікелей жіберіледі. Мұндай суару жүйесінде су әрбір өсімдіктің тамырына жеке тартылады. Әрбір өсімдікке келетін судың сапасы әрбір тамшылатқыш дозаторда жеке реттеледі.

Тамшылатып суару жүйесінің негізгі қасиеті оны адамның бақылауынсыз өсімдікті тәулік бойы суаруға пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Тамшылатып сурау жүйесін қолдана отырып суарған кезде жердің бетінде топырақтың нығыздалған беткі қабаты (қабығы) пайда болмайды. Өсімдікті басқаша суарған кезде міндетті түрде осындай жағдай қалыптасады.
6-кесте - Жылыжай үшін қажетті жабдықтар тізбесі




Атауы

дана


1

Матамен көлеңкелеу жүйесі (барлық алқапқа) (бір рет)

1

2

Жылыту жүйесі

1

3

Тамшылатып суару жүйесі

1

4

Өсімдіктерді булатып салқындату жүйесі

1

5

Электрмен жабдықтау, жарықтандыру жүйесі

1

6

Барлық алқапты электрмен жете жарықтандыру жүйесі , 12 000 лК

1

7

Микроклиматты автоматты басқару жүйесі

1

Жабдықтың жалпы құны 192 400 мың тг. құрайды.



Қажетті техниканың тізбесі:

- ГАЗ 3302 "Газель-Бизнес";

- ГАЗель рефрижератор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет