Бизнес-жоспар Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай



бет6/12
Дата13.08.2017
өлшемі1,4 Mb.
#23649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қияр өсімдігі жылуды. Жарықты, ылғалды жақсы көреді. Олардың қалыпты өсуі үшін температура +15°С кем болмауы тиіс, әсіресе алғашқы отырғызған күкндері, гүлдене бастаған және тұқым байлана бастаған кездерде.

Қиярдың химиялықт құрамы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: су 94,3-98,2, құрғақ заттар 1,8-5,7, соның ішінде қант1,07-2,54, белокты заттар 0,56-1,1, жасушалар0,33-0,78, майлар 0,08-0,27, күлі 0,25-0,58. Қиярда дәрімендер аздау болады. Мысалы, оның құрамында: С дәрімені- 10-20, В дәрімені- 0,04-0,1, В2 дәрімені - 0,04, провитамина А (каротин) - 0,02-0,06.

Қиярды тамақта шала піскен күйінде – жасыл түрінде де пайдаланады. Жас күйінде салат дайындалады, сондай-ақ тұздайды және консервілейді. Құндылығы жағынан қияр көкөністердің арасында соңғы орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар оның жемісі барынша кең тараған өнім болып саналады, өйткені олардың дәмдік сапасы жоғары, құрамында көп көлемде сілтілік тұздар мен микроэлементтер бар. Олар ағзадағы әр түрдлі зиянды құрамаларды азайтуға әсер етеді.


3. Өндірістер бағдарламасы


1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген
1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш

2 012

2 013

2014 - 2018

Томаттар, тн.

125

219

219

Қияр, тн.

190

333

333

Томаттың шығымдылығы, кг/м2

22

Қиярдың шығымдылығы, кг/м2

33

Сату бағдарламасы өнімді көтерме сатушыларға тікелей жеткізу келісімшарттарын жасасу жолымен, сондай-ақ жарнамалық акциялар өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Көкөніс өнімін өткізудің негізгі нарығы Солтүстік Қазақстан өңірі (Астана қаласы мен Ақмола облысы) болып табылады.

Қазақстан астанасының көкөніс өнімдеріне деген күн сайынғы қажеттілігі 320 тоннадан астамды құрайды. Бұл ретте қалаға күн сайын көкөніс өнімі толық көлемде жеткізілмейді, бұл осы тауар бағасының өсуіне ықпал етеді. Тұрақты тапшылық жағдайларында сапалы өнімді өткізу қиындық тудырмайды.
2-кесте - Жылдар бойынша жоспарланған сату бағдарламасы







2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Жылдық сату %

 

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

Томат, тн.

1 438

125

219

219

219

219

219

219

Қияр, тн.

2 185

190

333

333

333

333

333

333

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі пропорционалды түрде кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.




4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы


Қазақстан аграрлық әлеуеті өте зор ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші өңірлердің бірі болып табылады. 2010 жылы барлық ауылшаруашылық дақылдары егісінің 77,6% дәнді дақылдарының үлесіне, техникалық – 9,8%, соның ішінде күнбағыс – 1,8%, картоп – 0,84%, көкөніс және бақша дақылдары – 0,86, және жем азық 11,7% тиеді.
2-сурет - Посевная площадь в РК в 2010 г, %


Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

2010 жылдың нәтижелері бойынша Алматы облысында барынша жоғары көкөніс жиналды (656,7 мың тонна).


3-сурет - ҚР облыстары бойынша жаппай көкөніс жинау, мың тонна


Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Астана қаласы Оңтүстік Қазақстан Павлодар Қостанай Қарағанды Жамбыл Атырау Ақтөбе Қазақстан Республикасы



2011 жылғы қаңтар-наурызда Синьцзян-Ұйғыр автономиялы ауданын (Солтүстік Батыс Қытай) көкөніс экспорты құны $11,9 млн. 6 мың 655 тоннаға жетті. Екі цифр да өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда («Жэньминь жибао» газеті).48,7% және 2,8 есеге көп болды. Үрімші кеденінің хабарлауы бойынша Қазақстан – Синьцзян өндірісінің ірі көкөніс импорттаушысы. Бірінші тоқсанда «Қорғас» КӨП арқылы қытай-қазақстан шекарасында қазақстанға шамамен 5 мың тонна көкөніс экспортталды, соның ішінде қияр. Бұрыш және сарымсақ бар. Сондай-ақ Астана қаласына қызанақ Өзбекстаннан әкелінеді.
4

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет