Мазмұны
Кестелер тізімі 4
Суреттер тізімі 5
Резюме 6
Кіріспе 8
1. Жобаның тұжырымдамасы 9
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 10
3. Өндірістер бағдарламасы 11
4. Маркетингтік жоспар 12
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 16
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 17
4.4 Маркетинг стратегиясы 18
5. Техникалық жоспарлау 20
5.1 Технологиялық процесс 20
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 21
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 22
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 23
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 24
7. Жобаны іске асыру 25
7.1 Іске асыру жоспары 25
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 25
8. Пайдалану шығыстары 26
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 27
10. Қаржыландыру қажеттілігі 28
11. Жобаның тиімділігі 29
11.1 Cash-flow проекциясы 29
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 29
11.3 Баланс проекциясы 29
11.4 Қаржы индикаторлары 29
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 31
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 31
12.2 Қоршаған ортаға әсер 31
Қосымшалар 33
Кестелер тізімі
Суреттер тізімі
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Астана қаласында көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
Мыналар кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылады:
- Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған,
бәсекеге қабілетті өнім алу;
- Астана қаласының тұрғындарын ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз
қамтамасыз ету;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде пайда түсіру;
- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын
ұйымдастыру және беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың теңге
|
2 012
|
Негізгі капиталға инвестициялар
|
288 573
|
Айналым капиталы
|
70 000
|
Барлығы
|
358 573
|
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың теңге
|
Сомасы
|
Кезеңі
|
Үлесі
|
Негізгі капиталға инвестициялар
|
136 272
|
04-05.2012
|
38%
|
Айналым капиталы
|
222 301
|
04-05.2012, 01.2013
|
62%
|
Барлығы
|
358 573
|
|
100%
|
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы
|
теңге
|
Пайыздық ставка, жылдық
|
12%
|
Өтеу мерзімі, жыл
|
6,5
|
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
|
ай сайын
|
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
|
6
|
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
|
6
|
Өтеу түрлері
|
тең үлестермен
|
Кәсіпорын қызметінің жобаның 7 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
Жылдық пайда (7 жыл), мың теңге
|
58 320
|
Активтердің рентабельділігі
|
17%
|
13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 127 989 5 мың теңгені құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR)
|
24%
|
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге
|
127 989
|
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл
|
4,2
|
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл
|
5,9
|
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- өңірде тауар айналымының ұлғаюына;
- көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;
- перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;
- астана нарығында (ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға;
- жаңа жұмыс орындарын құруға (31);
- салық салынатын база құруға.
Кіріспе
Қазақстан жылыжайлар қауымдастығының деректері бойынша бүгінде елде 56 гектар ғана жабық топырақ алқабы бар, бұл көлемге өнеркәсіптік жылыжайлар кешені сияқты шағын жылыжайлар да кіреді. Салыстыру үшін, Польшада жылыжай шаруашылықтары алқабы 6 000 га астамды, Голландияда – 10 000, Түркияда – 41 000, ал КҚытайда – шамамен 1,5 млн. Га құрайды.
Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру және ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі түрлерін өсіру барынша пайдалы бизнес, сонымен қатар барлық тараптар үшін пайдалы болып табылады.
Сауда желілері де қоғамдық тамақтандыру орындары да жас және сапалы өнімдерді аса қажет етеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай шаруашылықтары жыл бойы жақты табыс табуға мүмкіндік береді. Өнімділігі жоғары, өзін тез ақтайды, рентабельділігі жақсы, жылыжай шаруашылығының басымдығы осымен шектелмейді.
Негізінен, жылыжай бизнесі қазіргі уақытта елдің оңтүстік өңірлерінде дамуда. Өйткені нарыққа қатысушылар солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен солтүстікке тасыған пайдалы деп санайды.
Алайда тасудың ұзақтығы салдарынан тауар бұзылады, сондықтан қосымша шығыс туындайды, ол өнімнің өзіндік құнын ұлғайтады. Осыған байланысты Астана қаласына жақын жерде жылыжай кешенін ұйымдастырудың тиімділігіне талдау жасалды, онда көкөністі тұтыну көлемі халық санының өсуіне қарай үздіксіз өсіп отыратын болады
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Астана қаласында көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары мыналар болады:
- Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған,
бәсекеге қабілетті өнім алу;
- Астана қаласының тұрғындарын а/ш өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз
қамтамасыз ету;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде пайда түсіру;
- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын
ұйымдастыру және беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.
Мақсатқа қол жеткізу жоспары:
- «Кілтін тапсыра отырып» инженерлік және технологиялық жабдықтарымен бірге жылыжай кешенінің құрылысы;
- Өндіріс үшін негізгі және қосымша материалдарды сатып алу, әкелу (тұқым, тыңайтқыш және басқалары үшін айналым қаражаты);
- Құрамды орналастыру, жинақтау және оқыту;
- Жылыжай кешені өндірісінің басталуы және өнім шығару.
Осы жобаның шеңберінде компания мынадай схема бойынша коммерциялық қызметті жүзеге асыруды жоспарлайды:
1-сурет - Кәсіпорынның коммерциялық қызметінің схемасы
Астана қаласының базарларында көкөністі бөлшек саудада сату
Жылыжайда көкөністі «қызанақ, қияр) өсіру және жинау
Көтерме сауда жасаушыларға сату
Өнімнің осы түрін таңдау кезінде компания Астана қаласының тұрғындары үшін мынадай пайдалы шарттарды басшылыққа алды:
- импортты айырбастайтын өнімдер өндірісі (жылыжай кешені Астана қаласының шекарасында орналасатын болады);
- жыл бойы экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету;
- өнім бағасының барынша төмен болуы
Достарыңызбен бөлісу: |