Бизнес-ойлау психологиясы


ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ ӘДІСТЕРІ



бет73/185
Дата18.12.2022
өлшемі4,9 Mb.
#163186
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   185
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз 2

ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ ӘДІСТЕРІ

Бизнесті әлеуметтік желілер арқылы әртүрлі тәсілмен алға бастыруға болады. Бұл ретте ең танымал нұсқалар мыналар:

  1. Дербес аккаунт

Бұл жерде әлеуметтік салада белсенді қызмет атқаратын бизнесмен – жеке тұлғаның өзі бірінші орынға шығады, дискуссияларға қатысады, қызықты посттар орналастырады, көп адамдармен виртуалды достық құрады– жалпы, өз қызықты және оқылатын аккаунт жасайды. Сонымен қатар, ол өзінің ниеттес виртуалды достарының арасынан жаңа клиенттерді іздестіре отырып, ұсынылатын тауарлар мен қызметтер туралы үнемі айтып отырады. Мұндай аккаунт тек жарнамалық болмауы керек. Пиар өзекті тақырыптарға арналған қызықты посттармен, әдемі фотосуреттермен, жеке ойларымен және т. б. кезектесіп отыруы тиіс. Бизнесмен өзінің жеке тұлғасына назар аударта отырып, осылайша өз тауарлары мен қызметтерін мұқият алға бастырады.

  1. Бизнес-парақша.

Бизнес-аккаунт (сұлулық салоны / дүкен / студия / интернет-дүкен және т.б.) өз өнімдерін / қызметтерін ұсынады, олардың артықшылықтары туралы әңгімелейді, өзінің жазылушыларын жеңілдіктермен және акциялармен таныстырады, қызықты жұмыстар ұсынады, өзі жұмыс істейтін салада сараптамалық баға береді. Мұндай аккаунт бірден нақты өнімдер мен қызметтерге қызығушылық тудыратын пайдаланушыларға бағытталған. Оның мақсаты - бәсекелестер арасынан суырылып шығып, өзінің бірегейлігін көрсету және пайдаланушыларды өз пайдасына таңдау жасауға сендіру.

  1. Топ

Топтар бизнестің әлеуетті клиенттері үшін қызықты тақырыпқа арналады. Мысалы, спорттық тауарлар дүкені өз атынан "Нұр-Сұлтан спортшылары" тобын құра алады, онда осы санаттағы адамдар үшін қызықты тақырыптар талқыланады, жарыс кестесі жарияланады, нәтижелерге сараптамалық баға беріледі, спорт алаңдарының тізімі келтіріледі және т. б. Тақырыптық контентпен тартылған пайдаланушылар парақшаға жазылады, ал спорттық дүкен өз өнімдерін топ қатысушыларына жарнамалау мүмкіндігіне ие болады, осылайша өз сатуларын ұлғайтады.
Осылайша, OQICO мектебі SMM бірнеше нұсқаларын біріктіреді. Бизнес-парақшада мектептің өзі, оның өнімдері мен қызметтері, ағылшын тілін үйрену ерекшеліктері туралы айтылады, іс-шаралардың кестесі мен анонстары жарияланады. Сондай-ақ, серіктестер алға бастыру үшінөздерінің жеке аккаунттарын пайдаланады, онда олар өздері туралы, өзінің оқыту тәжірибесі мен жалпы ағылшын тілінің ерекшеліктері туралы айтады. Наргис пен Динараның жеке парақшасын ұнатқан пайдаланушылар олардың жеке парақшасын үнемі қарап отырады да, кейіннен мектептің бизнес-парақшасына өтеді. Визуалды контентті құру үшін компанияда аутсорсингте дизайнер жұмыс істейді, ол бірыңғай стильдегі посттарға арналған суреттерді салады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет