ТАҚЫРЫБЫ. ТИІМДІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЖАСАУ ӘДІСТЕРІ
Презентацияның құрылымы мен әдістері
Өздік жұмыс тапсырмалары
Оқу барысында алған білімдеріңізді бір құрылымға жүйелеу уақыты келді! Осы сабақта презентацияңыздың неден тұратынын, оған қандай бөлімдерді енгізу керектігін және нені басшылыққа алатыныңызды талқылаймыз. Презентацияны дайындау кезінде мыналарды есте ұстау қажет:
Презентацияңыздың мақсаты – сіздің жобаңызды инвестордың қаржыландыру;
инвестордың жобаңыз жайындағы пікірін өзгертуіңіз керек (егер ол осы күнге дейін жобаңызды тиімсіз деп ойласа, оның пікірінің дұрыс еместігіне көзін жеткізуіңіз қажет);
инвесторыңыз жайлы толық мағлұмат болуы керек (жынысы, жасы, білімі, дүниетанымы, жобаңызға деген көзқарасы және т.б.).
Қазір менің әңгімем барысында қатысушылар өз жобасының толық презентациясын жасауы қажет.
1. ПРЕЗЕНТАЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
1) «Басталуы» бірінші блогы
Бұл бөлімге компанияңыздың атауы, аты-жөніңіз бен лауазымыңыз, пошта мекенжайыңыз, электрондық поштаның мекенжайы мен телефон нөміріңіз және, әрине, жобаңыздың тақырыбы енеді. Алғашқы сәттен бастап-ақ инвесторға жағымды әсер қалдыруға тырысыңыз, өйткені екінші рет мұндай мүмкіндік болмайды! Ол үшін аудиторияға инвестордың назарын аударатын сұрақ қоя аласыз. Мысалы: «Сіздердің ойыңызша, адамдар нансыз өмір сүре ала ма?». Сұрағыңызды қоя сала, бірден өзіңіз жауабын беріңіз: «Әрине, өмір сүре алады, бірақ бәрі емес!».
2) «Проблема және оның шешімі» екінші блогы
Бұл бөлімде қазіргі таңда кездесетін мәселені ашуға тырысыңыз. Нақты проблеманы ашып көрсетіңіз. Егер барлығын өз қалпында қалдырса, ол қандай қауіп төндіруі мүмкін? Сіздің нақты қандай мәселені шешкіңіз келеді? Көпшіліктің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыра аласыз? Инвесторлар өніміңіздің адамдарға көмектесе алатынына сенуі керек. Сіздің жоқ мәселені ойдан шығармай, нақты бар проблеманың шешімін ұсынуыңыз керектігін естен шығармаңыз жөн. Нарығыңыздың көлемі қаншалықты үлкен болатындығы туралы болжам жасаудан қашыңыз.
Мәселен: өзіңіз тұратын ауданда төрт азық-түлік дүкені бар дейік. Түстен кейін олардың бірде-біреуінде нан болмай қалады. Нан алу үшін адамдарға базарға немесе үлкен супермаркеттерге баруға тура келеді. Бұл өз аулаңызда нан сатып алудан айтарлықтай қымбатқа шығады. Дүкен сатушыларына сауалнама жүргізу арқылы төрт дүкенге күн сайын тағы 200 бөлке нан керектігін анықтадыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |