171
сатыларының ауысуы бизнестің бұзылуына (банкроттыққа) әкеп
соқтыратын жағдайлар да бар.
Бизнестің өмірлік циклінің негізгі кезеңдері: «пайда болу»,
«қалыптасу», «өсу», «кемелдену» («жетілу»), «құлдырау», «жойылу»
болып табылады. Кәсіпорынды түпкілікті модернизациялау яғни жаңарту
арқылы оның қайтадан жоғары көтерілуіне мүмкіндік бар. Бұл-сыртқы
және ішкі ортадағы болатын өзгерістерге байланысты болады. Әрбір кезең
өзінің стратегиялары мен қызмет тактикаларының өңделуін талап етеді.
Әрбір кәсіпорынды нарық талаптарына сай ыңғайлап, бәсекеге қабілетті
тауар шығарып қана қоймай, өзінің қызмет ету позициясын, имиджін
өзгертіп, қайтадан жарақтандыру қажет. Егер кәсіпорында мұндай процесс
жүрмесе, онда ол өзінің қызмет ету тиімділігін төмендетіп, банкроттануға
жақындап, қазіргі заманға сай техникамен жарақтандырылған кәсіпорынға
орын босатуы ғана қалады.
Достарыңызбен бөлісу: