Бизнеске кіріспе


Қызметкерлерді ынталандыру



Pdf көрінісі
бет106/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

 
9.3 Қызметкерлерді ынталандыру 
 
Қызметкерлердің нәтижесін бағалау үш мақсат бойынша қызмет 
етеді: административтік, ақпараттық және мотивациялық. 
Административтік функциялар - жұмыс сатысы бойынша жоғарлау 
немесе төмендеу, ауысу, еңбек келісім шартының тоқталуы. 
Ақпараттық функциялар - адамдарды өздерінің жұмыс сатылары 
бойынша ақпараттандыру. Бұл ақпараттар арқылы жұмысшы тек өзінің 
қалай жұмыс жасайтынын ғана емес, сонымен қатар әлсіз және мықты 
жақтарын біле отырып, қандай бағытқа бейімделу керек екенін біле 
алады. 
Мотивациялық функциялар – басқарушылар күшті жұмысшыларды 
анықтап, оларға еңбекақы немесе дәрежесін көтеру арқылы ризашылығын 
білдіреді. Мұндай жоғарғы дәрежелі жұмыстар болашақта аналитикалық 
іс - әрекетке әкеледі. 
Шын мәнінде, бизнестегі маңызды нәтижелер күшті ұйымшыл 
команданың негізінде ғана мүмкін болады. Бір-бірінің құзыретін 
толықтыратын адамдарсыз компания табысты бола алмайды.
Қызметкердің үздік жұмыс істеуінің басты факторы – адамдарды 
оларға лайықты лауазымдармен «түйістіру» қабілеті. Әр адамның белгілі 
және белгісіз аймағы бар. Белгілі аймақ - бұл адам үшін түсінікті және 
күтілетін міндеттер аймағы. Оның шешім шығару бойынша тәжірибесі 


163 
болды. Бұл ол бұрын кездескен нәрсе. Әңгіме міндеттердің қиындығы 
туралы емес, адамға қалай шешілетіндігінің белгілі болуы туралыМысалы, 
бухгалтер үшін белгілі аймақ – өндіріс шығындарын есепке алу, өнім 
өндірушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысу. Курьер 
үшін– А нүктесінен Б нүктесіне жеткізу. Белгісіз аймақ – белгісіздік 
басталатын аймақ. Бұл барлық жаңа, адам бұрын тап болған нәрсе: 
міндеттер, жауапкершілік, жобалар, рөлдер. Адамның белгісіз аймақта 
тәжірибесі жоқ, ол осы саладағы міндеттерді қалай шешуге болатынын 
білмейді. Мысалы, дизайнер үшін салық есептілігін тапсыру – белгісіз 
аймақ. Программист үшін – жаңа офиске орын іздеу. Орташа чегі 50 мың 
теңге өнімді сатқан сатушы үшін – миллионға келісімшарт жасау. 
Көп жағдайда бастықтар барлық қызметкерлерге белгісіз аймақтан 
барынша көп тапсырмалар беруге және өздеріне ұнайтындай етіп жасатуға 
тырысады. 
Ынталандыру, 
энергиямен 
қуаттау. 
Бірақ 
барлық 
қызметкерлерге ішкі драйв пен шығармашылық көзқарас қажет емес. 
Қайталанатын міндеттерді орындау да барлығына ұнай бермейді
 
Екінші қате
– адамдарға толық сене алмау, тек өзіне белгісіз аймақты 
қалдыру, ал қызметкерлерге тек күнделікті шаршататын беру. Мұндай 
кәсіпкерлер де көп. Олар айтады: «Мен – ми, ал басқалары – қолдарым», 
содан кейін бұл«қолдар» бастаманы білдірмейді және қайталанатын әрі 
бір сарынды тапсырмалардан іштері пысады. 
Басшының міндеті
– әрбір қызметкерді өз орнына қою. Оған 
барынша тиімділікпен шешуге қабілетті міндеттерді беру. Оған өзіне 
лайықты белгісіз аймақты беру. Жаман адамдар жоқ. Осы нақты міндет 
үшін сәйкес келмейтін адамдар бар.Егер адам өз орнында болмаса, ол 
міндеттерді тиімсіз орындап, ақырында компаниядан кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет