Бизнеске кіріспе


Шаруашылық жүргізуші субъектінің құрылтай құжаттары



Pdf көрінісі
бет43/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

4.2. Шаруашылық жүргізуші субъектінің құрылтай құжаттары 
 
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды 
мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік 
тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 
(тіркеуші органдар) жүзеге асырады. 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясының 
коммерциялық ұйымдар болып 
табылатын 
заңды 
тұлғаларды 
мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік 
тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды әділет органдары 
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге 
асырады. 
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан 
Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш 
берiледi және қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада 
ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі. 
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны 
мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан 
бойынша кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы 
хабарлама береді. 


66
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны 
мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын 
электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 
Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын 
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 
жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін 
белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы 
ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, 
қосымша: 
o
құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің 
заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, 
нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге 
сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да 
заңдастырылған құжат; 
o
нотариат 
куәландырған 
қазақ 
және 
орыс 
тілдеріндегі 
аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі 
немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс. 
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру 
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны 
қабылдау туралы растау болып табылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік 
тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың 
басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен 
кешіктірілмей жүзеге асырылады. 
Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны 
мемлекеттiк 
тіркеу 
кезiнде 
өтiнiшке 
құрылтайшы 
немесе 
құрылтайшылардың бiреуi қол қояды не шетелдiк немесе шетелдік заңды 
тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар 
не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз құрылтайшы не 
құрылтайшылардың 
бірі 
болып 
табылатын 
жағдайларда, 
құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және оны Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, нотариаттық 
тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бередi. 


67 
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеуші органға 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан 
бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды 
тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және ол заңды тұлғаның мөрімен 
бекемделеді. 
Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны 
мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға: 
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген 
нысан бойынша өтініш; 
2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінiң немесе меншiк иесi 
уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) 
шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген 
органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңдарында 
көзделген жағдайларда сот шешiмi; 
3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта 
ұйымдастыру туралы шешімді қабылдаған орган бекіткен, қайта 
ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық 
мирасқорлығы туралы ережелер көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта 
құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну 
балансы және заңды тұлғаның уәкілетті органының тапсыру актісі мен 
бөліну балансын бекіту туралы шешімі; 
4) 
заңды 
тұлғаның 
қайта 
ұйымдастырылғаны 
туралы 
кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат; 
5) 
коммерциялық 
емес 
ұйым 
болып 
табылатын 
қайта 
ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін тіркеу 
алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат; 
6) коммерциялық ұйым болып табылатын қайта ұйымдастырылған 
заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін «Азаматтарға арналған 
үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат 
беріледі. 
Қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, 
жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген кезден 
бастап заңды тұлға қайта ұйымдастырылды деп есептеледі. 


68
Бірігу, бөліну, қайта құрылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды 
тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып 
тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен 
алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы 
мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде жаңадан құрылатын 
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі. 
Қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс 
(Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған 
заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізу арқылы 
жүргізіледі), бұл жөнінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық 
тізілімінен алып тастау туралы бұйрықта не қайта ұйымдастырылған 
заңды тұлға қосылған заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, оның 
құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу 
кезінде көрсетіледі. 
Табиғи монополиялар субъектілері қайта ұйымдастырылған кезде 
тіркеуші органға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге 
асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады. 
Шаруашылық 
серiктестiктерінiң, 
акционерлiк 
қоғамдардың, 
өндiрiстiк 
кооперативтердiң 
және 
қауымдастықтар 
(одақтар) 
нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары 
құрылтай шарты және жарғы болып табылады. 
Бiр адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық серiктестiктерiнiң, 
акционерлiк қоғамдардың және заңды тұлғалардың басқа түрлерiнің 
құрылтай құжаттары жарғы (ереже) және заңды тұлғаны құру туралы 
жазбаша түрде ресiмделген шешiм (жалғыз құрылтайшының шешiмi) 
болып табылады. 
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-
құқықтық нысанына қарай Қазақстан Республикасының заңдарында 
көзделген деректер болуға тиiс. 
Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, 
орналасқан жері, қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және 
басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды 


69 
тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны мемлекеттік 
тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс. 
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың 
қызметінің тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) 
есептiк тiркеу (қайта тiркеу), есептiк тiркеуден шығару кезiнде 
коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың 
филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, «Салық және бюджетке 
төленетiн 
басқа 
да 
мiндеттi 
төлемдер 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен 
тіркеу алымы алынады. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгiлеген нысан 
бойынша тіркеуші орган беретін анықтама заңды тұлғаның мемлекеттiк 
тiркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк 
тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайтын құжат болып табылады. 
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы 
анықтамада оның берілген күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру 
нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен 
орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) 
туралы мәлiметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне 
жататын заңда тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге 
асыратын болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада 
көрсетіледі. 
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы 
анықтамада оның берілген жылы, айы, күні, тiркеушi орган, бизнес-
сәйкестендiру нөмiрi, есептік тiркеу (қайта тiркеу) жылы, айы, күні, 
филиалдың (өкiлдiктiң) атауы мен орналасқан жері, филиалды (өкiлдiктi) 
құрған заңды тұлғаның атауы туралы мәлiметтер қамтылады. 
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) 
растайтын құжаттың болуы Қазақстан Республикасының заңдарына 
сәйкес лицензия алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып 
табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы 
құқықтық қабiлетi тиiстi лицензияны алған кезден бастап пайда болады 
және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген 


70
тәртіппен лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе ол жарамсыз деп 
танылған кезден бастап тоқтатылады. 


71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет