Бизнеске кіріспе


5.2. Бизнестегі франчайзингтік бағалау жүйесі



Pdf көрінісі
бет54/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

 


88
5.2. Бизнестегі франчайзингтік бағалау жүйесі 
 
5.2.1 Бизнестегі франчайзингтің рөлі 
 
Франчайзинг
, франшизинг (ағылш. franchіse - лицензия, айрықша 
құқықтық); франшиза (фр. franchise - жеңілдік) – коммерциялық 
концессия, нарықтық субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың түрі, 
бір тарап (франчайзер) екінші тарапқа (франчайзиге) ақы (роялти) үшін 
белгілі бір бизнес түрін, әзірленген бизнес-моделін және оның жүргізу 
әдісін пайдалануға береді. Бұл лицензиялаудың дамыған түрі, онда бір 
тарап (франчайзер) екінші тарапқа (франчайзиге) өз атынан тауарлық 
белгілер және/немесе франчайзердің брендін пайдалана отырып ақылы 
әрекет етуге құқық береді.
Жалпы мағынасында франчайзинг — тауар таңбасын немесе 
коммерциялық белгілерін жалға беруді білдіреді. Франшизаны пайдалану 
шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи 
(франшизаны алатын адам) арасында реттеледі. Шартының мазмұны 
әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан өте күрделіге дейін, құрамында өте 
ұсақ егжей-тауар белгісін пайдалану ережелеріне дейін өзгешеленеді. 
Әдетте келісім-шартта франшиза пайдаланғаны үшін аударымдар сомасы 
реттеледі (ол тіркелген параметрлеріне белгілі бір кезеңдегі құрамдас сату 
пайызы болуы мүмкін). Талап аударымдарды болмауы да мүмкін, бірақ 
бұл жағдайда франчайзи франчайзерден белгілі бір тауар саны, жұмыс 
немесе қызметтер сатып алуға міндеттенеді. Тауар немесе бренд белгісін 
пайдалану шарттары жеке тармақпен шартталану мүмкін. Бұл талаптар 
өте қарапайым (мысалы, франчайзи брендті нақты сала бойынша 
пайдалануға құқығы бар), сондай-ақ қатал (франчайзи дүкендегі 
жабдықтарды, мысалы сөрелердің көлемі мен түсі, қызметкерлердің 
киімдері франчайзердің нақты талаптарына сәйкес пайдалануға 
міндеттеледі) болуы мүмкін.
Франчайзингінің танымалдығын былайша түсіндіруге болады
: адам 
оның көмегімен белгілі бір ақыға тиімділігі іс жүзінде бірнеше рет 
расталған, кәсіпорынды дамытудың дайын сызбасын алады. Яғни оны 


89 
сатып алған адам тәжірибесі болмағандықтан немесе нарықты дұрыс 
түсінбеген соң өзінің барлық салымдарынан айрылып қаламын деп 
қорықпайды. Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкер тексерістен өткен бизнес-
модельді франчайзердің көмегін пайдалана отырып жүзеге асыруда жаңа 
кеңсенің немесе сауда нүктесінің жұмысын тез ұйымдастырып, тұрақты 
кіріс деңгейіне шыға алады.
Франчайзингке бизнесмендердің екі тобы қатысады. Осы құқықты 
(франшиза) беретін адам франчайзер деп аталады.
Әдетт ол өнім 
өндірісінде көп жылдық тәжірибеге ие, жүйені дамытқан, оған өз атын 
немесе тауар белгісін берген, сәттілікке жетелейтін немесе мүмкін емес 
нәрсені біледі. Франчайзи - бұл бизнес (франшиза) жүргізу құқығын өз 
атымен немесе тауар белгісімен сатып алатын тұлға 
Франчайзинг екі тарапқа да тиімді. Бренд иесі кірістің бір бөлігін 
ғана алғанымен, франшизаларды сату оған адам сенгісіз жылдамдықпен өз 
бизнесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бизнес-модельді сатып алған 
адамның да табысы мол болады: ол қысқа мерзім ішінде дайын даму 
жоспарын алып, жабдықтауға, қолдауға ие болады және еш тәуекелсіз 
кәсібін бастап кетеді.
Филип Котлер франчайзингтің мынадай белгілерін атап көрсетті:
• франчайзер өзінің тауар таңбасын пайдалану үшін бөлінген сома 
алады;
• франчайзи жүйесінің бөлігі болу үшін бастапқы жарна төлейді;
• франчайзер франчайзиге бизнестің жүргізу жүйесін ұсынады.
Франчайзи шартта белгіленген тауарлар партиясын, шығыс 
материалдарын немесе өзге өнімдер және қызметтер сатып алуға міндетті. 
Сондықтан франчайзингтің басым ерекшелігі ол франчайзер үшін шағын 
болса да, бірақ өз өнімдерінің кепілді тұрақты сату көлемі болып 
табылады. Егер табыс тұрақты болса, онда оны болашаққа жоспарлап 
жаңа бағыттар дамытуға болады.
Сонымен қатар, қарапайым бизнес қатысушылардың бірқатар 
ауыртпалық шығындық қиындықтары (персоналды оқыту және іріктеу, 
сапасын бақылау және т. б) франчайзерге ауыртпалық түсірмейді. 
Сонымен қатар, франчайзингтік желіні дамыту арнайы қаржы 


90
салымдарын қажет етпейді және онымен қоса бренд үшін тамаша жарнама 
болып табылады.
Тексерілген бизнес-жүйесін пайдалану өз франшизасын нарықта 
ұсынудан бұрын, франчайзер өз бизнес-жүйесін жетілдіріп және барлық 
бизнес-процестерінің тиімділігін дәлелдеу тиіс. Сонымен қатар 
франчайзингтік желіні тиімді дамыту үшін франчайзердің флагмандық 
кәсіпорыны болуы тиіс, соның негізінде бизнес клондау жүргізіледі. 
Сондықтан франшизаны сатып алу кезінде кәсіпкер тексерілген және 
қазірдің өзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген бизнес- модельдің иегері 
болады. Өз ісін ашу мүмкіндігі франчайзердің белгілі бір дәрежеде 
франчайзиді бақылауға құқығы бар. Ол негізінен серіктестер қызметінің 
тиімділігін арттыруға бағытталған: серіктес кәсіпорындардың ықтимал 
проблемалардың пайда болу сатысында анықтап шешімін іздеу. Осыған 
қарамастан франчайзи экономикалық және заңдық дербестігін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет