91
Жұмыстың ұтымды шарттары.
Франшизамен жұмыс істеу
шарттарын өз қалауыңызға және мүмкіндіктеріңізге сай қалыптастыруға
болады. Мысалы, көптеген компаниялар әріптестеріне
тауарларды өздері
жеткізеді, олар үшін жарнамалық материалдар жасайды және т.б.
Осылайша, франчайзер уақыт өте келе жаңа нарыққа шығуы мүмкін,
жеткілікті тәжірибе жинап, франшизаларды басқа бағыттарда сата
бастауы мүмкін.
Маркетинг және тікелей сату аутсорсингі
Кеңейтудің бұл тәсілі франзайзингіге
және филиалды ашуға ұқсас
болып келеді, алайда мұндай жағдайда басқа өңірлерде орналасқан жаңа
сату нүктелерінде жұмыс істеу үшін мердігерлер тартылады. Тапсырыстар
бас кеңседе өңделеді, әріптестер өнімдерді сатады, ал түскен кіріс бірдей
деңгейде бөлінеді.
Табыстың маңызды құрамдас элементі кәсіпкердің франчайзингтің
мәнін, оның түрлерін,
құрылымын, артықшылықтарын және оны
пайдалану кезіндегі ықтимал тәуекелдерді нақты және толық білуі болып
табылады.
Бизнесте франчайзингтің әртүрлі нысандары бар. Франчайзингті
таңдау шаруашылық қызмет түріне, франчайзердің
тұрақтылығына және
оның тауарлар мен қызметтер нарығындағы белгілі бір орны және
жергілікті франчайзи нарығының ерекшеліктеріне байланысты (кесте 19).
Достарыңызбен бөлісу: