Бизнеске кіріспе


Осы жобаны іске асыру үшін талап етілетін қаражат саны қандай? 



Pdf көрінісі
бет53/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

 
Осы жобаны іске асыру үшін талап етілетін қаражат саны қандай?

 
Қаржы ресурстарының көздері және оларды алу нысаны қандай? 
Мәселенің мәні қажетті қаражаттың қандай бөлігін қарыз түрінде 
алуға болатынын, ал жарғылық капитал нысанындағы үлес қандай болуы 
тиіс екенін анықтау болып табылады. Жаңадан құрылатын кәсіпорындар 
үшін әдетте жарғылық капитал қаржыландыру көзі болып табылады, ал 
жұмыс істеп тұрған фирмалардың қызметін кеңейту жөніндегі жобалар 
үшін – кез келген нысандағы қарыз қаражаты қажет. 
Қаржы ресурстарының көздері бола алады: 
o
өз қаражаты; 
o
банк кредиттері; 
o
серіктестердің қаражатын тарту
o
акционерлердің қаражатын тарту; 
o
лизинг бойынша жабдықтар алу және т. б. 


87 
Бұл жағдайда бизнес-жоспардағы мына сұрақтарға жауап беру керек: 
а) салынған қаражаттың күтілетін толық қайтарылу мерзімі қандай 
және олардан түсетін инвестордың кірісі ? 
б) күтілетін табыс мөлшері қандай ? 
Кесте 18. Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің жиынтық балансы 
Көрсеткіштер 
Соммасы 
1.
Активтер 
Өтімді активтер, барлығы 
соның ішінде: 
- ақшалай қолма-қол ақша 
- алуға шоттар 
- дайын өнім қоры 
- шикізат пен материалдар қоры 
– құрал-жабдықтар 
– амортизация 
Активтер жиынтығы 
2. Пассивтер 
Қысқа мерзімді міндеттемелер, барлығы оның ішінде: 
- төлеуге берілетін шоттар 
- ағымдағы міндеттемелер 
- борыштық қарыздар бойынша 
Ұзақ мерзімді міндеттемелер, барлығы 
Меншікті капитал, барлығы оның ішінде: 
Пассивтер жиыны 
Бизнес-жоспарға қарыз қаражаттарының өтелу мерзімін анықтауға 
мүмкіндік беретін арнайы есептерді енгізген жөн. Бизнес-жоспардың 
қосымшалары бизнес-жоспардың жеке бөлімдерін толығырақ нақтылау 
үшін қажет.
Олардың саны мен құрамы қойылған мақсатқа, Бизнестің 
мәніне және басқа да факторларға байланысты айқындалады. Қосымшаға 
кіретін неғұрлым кең таралған құжаттар: өнім туралы техникалық 
деректер; басшы қызметкерлердің сауалнамасы; ұйымдастыру және басқа 
схемалар; аудиторлық тексерулердің нәтижелері; кеңесшілер мен 
сарапшылардың пікірлері. Бизнес-жоспардың титулдық парағында осы 
бизнес-жоспарда келтірілген ақпарат құпия екендігі көрсетілуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет