Хатшының аты-жөні, қолы: ___________ _____________________
Кәсіби бағдар беру бойынша өткізілген отырысының
№ хаттамасы
Күні:________
Қатысушылар:
Күн тәртібіндегі мәселелер:
«Не? Қайда? Қашан?» атты мамандық туралы викторина (5-8 сыныптар)
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша таныстырылып өтті.
-Кей жастарымыз өз тағдарын өзіне емес ата-анасына жүктеп жауапкершіліктен жалтарғаны былай тұрсын «ата-анамның қалауы бойынша осы мамандықты таңдап едім, сөйтсем … » — дейді, ал кейбірі «грантқа түсу үшін» — деген өз ойларын бүкпесіз жеткізуде. Қазақ менталитетінде «Адам баласы өз баласына еш уақытта жамандық ойламайды», — деген қағиданы берік ұстанамыз да,ата-аналар көп жағдайда өз баламыздың жүрек қалауын тыңдамай, ойы мен қабілеттерін ескермей, нәтижесінде балаларымызға опық жегізіп жатамыз. Сол себепті де мамандықты таңдауда ықпал ететін отбасы мен мектептегі ұстаздары болғандықтан, өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, оларды дұрыс бағыттаса болғаны, яғни баласының мамандық таңдауына жол беріп, оның пікірін қолдаса, ертеңіміздіңжарқын болары хақ.
Қоғам дамуының қозғаушы күші – адам десек, қоғамдағы жетістіктер бірінші кезекте адамдардың іс-әрекетінен көрініс береді.Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деуі текке айтылмаса керек. Бұл дегеніміз – адам өз мамандығы арқылы өзіне де қоғамға да пайда әкелуі үшін өз мамандығының хас шебері болуға тиіс. Шеберлікті ұштау жаны сол кәсіпті қалаған жанға ғана тән екенін ескеруіміз қажет.Оқушыларға мамандық туралы түрлі сұрақтар қойылды.Өз ойларын еркін жеткізе білді.
Қаулы етеді:
Оқушылардың мамандық таңдауда қателеспеуін қадағалап ата-аналармен үнемі байланыс жасап отыру қадағалансын.
Хатшының аты-жөні, қолы: ___________ _____________________
Достарыңызбен бөлісу: |