«Кім боламын?» тақырыбында өткізілген пікірлесу сағатының қорытындысы
орта мектебінде қараша айының 20 күні 7-8 сынып оқушылары арасында «Кім болам?» тақырыбында пікірлесу сағаты өткізілді. Бұл пікірлесу сағатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Екркінова жүргізді.Пікірлесу сағаты кезінде оқушыларға «кім болғанды қалайсың?» деген сауал тастап, әр оқушының өз ойын яғни дәрігер,мұғалім,суретші,теміржолшы т.б мамандық иесі болатынын білді.
Сондай-ақ, оқушылар осы мамандық иелері қазіргі таңда қаншалықты қажет деген сауалға өз ойларын ашыө жеткізе білді.Яғни осы жерде заман ағымына қарай мамандықтар әлемі де өзгеріп отыратыны жайлы түсінік беріліп өтті.
Сондықтанда әрбір оқушы ең әуелі өз жеке басының ерекшеліктерін танып,өзінің жүрегіне үңілу арқылы бойындағы бейімділігін байқап содан кейін ғана ұнататын мамандықтардың арасынан біреуін таңдау қажет екенін айта келе,өзінің таңдаған мамандығының болашақ болмысы туралы терең зерттеп білгені және өз қалауы бойынша ой таразысына салып 2-3 мамандықты салыстырып көру керек екеніне тоқталды.
Отырыс соңына қарай оқушылар ақпарат ала отырып,оның келешекте алар орны, тигізер пайдасы жайында өзара ой бөлісті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
КІРІСПЕ
Оқушының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты құрделі де ұзақ процесс. Мұнда адамның болашақта кім болуын, қандай қоғамдық топта болуын, қайда және кімдермен жұмыс істейтінін және өмір сүрудің қай стилін таңдауын т.с.с айқындайды. Оқушылардың кәсіби жарамдылығы, медициналық, білімдік, әлеуметтік саяси және психологиялық іріктеу жүргізумен бағаланады.
Мамандықты таңдап алу дегеніміз - өзіне ұнаған мамандықтың оқуына түсу емес, ол адамның мүмкіндіктеріне байланысты, яғни адамның таңдап алған мамандығының талаптары на кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктері, мектептегі үлгерімі, денсаулығы, мінез-ерекшеліктері, ойлау және таным ерекшеліктері сәйкес келуі. Бұл жерде кәсіби жарамдылықтың рөлі ерекше. Яғни әр мамандықтың адамға қоятын талаптары алуан түрлі. Оқушының мамандықты өз мүмкіндігіне сай дұрыс таңдап алуы қоғам үшін де, өзі үшін де тиімді. Себебі, өзің таңдап алған мамандығыңа деген қызығушылығың немесе сол мамандыққа шын ықыласың, сонымен бірге сол жұмысты қоғамның көңілінен шығатындай етіп орындасаң, бәрі де ойдағыдай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |