Бұйрық № Оқушыларға кәсіби бағдар беру туралы


ІІ. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, үйлестіру



бет13/14
Дата10.12.2023
өлшемі94,94 Kb.
#196166
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Кәсіби бағдар 22-23

ІІ. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, үйлестіру
мен бақылау
Кәсіптік бағдарды басқару процесінің алғашқы кезеңі - жоспарлау. Ол жеткіншектерге байланысты кәсіптік бағдар беруді басқарудың жүйелігін, сабақтастығын, үнсіздігін, отбасының, тіректік базалық өндіріс шаруашылығының және қоғамдық ұйымдардың ықпалын қамтамасыз етіп, ыңғайсыздыққа жол бермейді. Жоспарлаудың ерекшелігі - оның ғылыми негіздігі. Жоспар басқару объектісінің жалпы жағдайын, оны орындалуының нақты шарттарын көрсетіп, кәсіптік бағдар мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететіндей болу керек /25/.
Кәсіптік бағдар жұмысының жоспары оқу жылына арналып жасалғаны жөн, бұл жеткіншектердің кәсіптік бағдар алуының қалыптасуын айқындауға, нәтижелерін мұқият қадағалауға мүмкіндік береді. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлағанда өндіріс орындарын, жеткіншектердің тұрмыс-тіршілігін еңбек мүмкіндіктерін ескеруі қажет. Жоспарлау кәсіптік бағдар процесін өзара байланысты кезеңдерге бөліп, жеткіншектердің жас шамасына қарай әркеттерді іріктеп асыруға мүмкіндік береді.
Жедел басқарудың күнтізбелік жоспарын құру - жоспарлаудың ең тиімді түрі болып табылады /10/. Себебі онда ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, есептеу мен талдау жұмыстары қарастыралады. Өнеркәсіптік басқару жоспарының негізгі күнтізбелік кесте түрінде жасалады. Кестеде көлденеңінен оқу апталары тігінен өткізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының түрлері орналастырылады. Кестенің ұяларында өткізілетін
қажет іс-әрекеттер әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы белгіленеді. Кестемен жұмыс істеуді жеңілдетіп, жеткіншектердің қатысуы деңгейін қадағалау үшін аты-жөнінің орнына, орындаушылардың реттік нөмірлерін енгізген жөн. Күнтізбелік апта ішінде өткізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарын жеткіншектерге кәсіптік бағдардан хабарлама беруді - қызыл, қоғамға пайдалы еңбекті - көк, жеке немесе топтық консультацияларды (ақыл-кеңес) жасыл диагностикалык (алдын ала болжау) әрекеттерді -көгілдір бейімдеу әрекеттері оқу-өндірістік практика - сары түспен белгілейді.
Күнтізбелік жоспардың ерекшелігі кәсіптік бағдардың әсер ету шараларының қайталанбауына уақыт үнемдеуге, шараларды дер кезінде түзетуге және реттеуге оқу-тәрбие жұмысында әр түрлі кәсіптік бағдар шараларының толықтығын қадағалауға мүмкіндік береді.
Әрине жедел басқарудың күнтізбелік жоспарының барлығы мектепке кәсіптік бағдар берудің деңгейі жан-жақты көрсететін жиынтық жоспар жасауды жоққа шығармайды. Қайта ол жедел басқару жоспарымен қосылып жеткіншектердің кәсіптік бағдар алуын одан әрі жетілдірудің маңызды құралы болып шығады. Перспективтік және жедел жоспарлау кәсіптік бағдар жұмысын тыңғылықты жоспарлауына көмектеседі, жоспарға қойылатын талап - оның тәрбиелік мәнінде.
Кәсіптік бағдарды басқарудың міндетті қызметі - кәсіптік бағдар жұмысын тек мектеп ішінде ғана емес сондай-ақ, мектеп пен басқа да әлеуметтік институттар арасында жеткіншектердің мамандық таңдауын үйлестіру. Бұл жұмысты кәсіптік бағдар кеңесі басқарады, ал оның жұмысшы органы -оқу әдістемелік кабинет /34/.
Кәсіптік бағдар жөніндегі оқу-әдістемелік бөлменің негізгі қызмет бағыттары - кәсіптік бағдар беру жұмысындағы озат тәжірибелерді көру, оны мұғалімдер арасында насихаттау, кәсіптік бағыттың түрлі мәселелері бойынша семинарлар өткізу. Бұл жұмыс жалпы кәсіптік бағдар жоспарына енгізіледі. Жеткіншектердің мамандық таңдау әрекеттерін ұйымдастыру кәсіптік бағдарға басшылық етудің маңызды кезеңі болып табылады. Адамның ерекше қасиеттері мен жеке басының дамуы қоғамның тәжірибесін бойға сіңіріп, әр түрлі іс-әрекеттерге қатысу деңгейіне байланысты.
Адамды кез-келген іс-әрекеттер емес, оның қоғамға керекті, перспективалык дамуын аша алатын әрекеттер қалыптастырады, сондықтан адамның негізгі іс-әрекеті еңбек болып табылады. Адамның еңбек қуаты шексіз. Ол әлеуметтік-техникалық прогрестің дамуына, шапшаңдауына және барған сайын түрленіп, өзгеруіне байланысты. Адамның қалыптасуы оның қажеттілік жүйесінен, қабілетінен құндылық, бағыт - бағдарынан құралады. Сондықтан жеткіншектердің мамандық тандауын басқару үшін олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру өте маңызды.
Оқу-тәрбие процесінің негізгі бөлігі ретінде жеткіншектердің қабілетін жан-жақты дамыту жолында олардың іс-әрекеттерін төрт түрге бөлеміз, білім алу, қоғамға пайдалы еңбек, өнімді еңбек қарым-қатынас. Іс-әрекеттердің бұл түрлері мамандық таңдау туралы консультация беру, мамандыққа бой үйрету сияқты бағыттармен ұштасып жатыр.
Мамандық таңдауда жеткіншектердің іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы негізгі шарт - олардың белсенділігі және кызығуы, тек осы жағдайларда ғана өз мүмкіндіктерін іс жүзіне асыруға жағдай туады әрі әрекеттерінде мақсатты себеп туындайды. Әр түрлі кезеңдегі кәсіптік бағдар жұмыстары бақылауда мазмұндығымен анықталады.
Кәсіптік бағдар жұмысында жиынтықты бақылау маңызды рөл атқарады, атап айтқанда, идеялық-адамгершілік, психология жағынан жеткіншектерді өздерін қалаған мамандығына даярлау. Бақылаудың негізгі түріне жататындар: ағымдағы, кезеңді, қорытынды бақылаулар.
Ағымдағы бақылау мұғалімдер әр түрлі үйірмелер мен бірлестік жетекшілері, дәрігерлік қызметкерлер, кітапхана, жоспарларының жұмысын қадағалаумен байланысты. Кезеңдегі бақылау әдеттегідей кәсіптік бағдар айлығы экскурсия, ең жақсы мамандық конкурсы жүргізіліп, оның қорытындысына байланысты "Мен және менің мамандығым", "Менің кәсіптік жоспарым", т.б. тақырыптағы шығарма, сол сияқты жеткіншектердің активінің жоспарына өзгеріс енгізуі мүмкін /36/.
Ағымдағы және кезеңді бақылаулардың нәтижелеріне орай қорытынды бақылау жасалады. Ол жоғарыда айтылған тәсілдермен жүргізіліп, жігіттер мен қыздарға қандай мамандық алу туралы нақты ақыл-кеңестер беріледі. Қорытынды бақылау кәсіптік бағдарда саналық әрі сандық көрсеткіш бола алады. Әр жылда жазылатын кәсіптік бағдар мінездемелеріне сапалы көрсеткіштер, атап айтқанда, білімі, қызығуы, тиімділігі, қабілеттілігі, кәсіпті бағалауы енгізіледі. Сандық көрсеткіш жеткіншектердің кәсіптік ниетін білдіреді.
Жоғары кластағыларды мамандық таңдау туралы шешім қабылдаудың жалпы кестесі (сызбасы) төмендегідей міндеттерді ұсынады:

  1. Мамандық әлеміне жалпы шолу жасау.

  2. Қоғамда жақын адамдар тобымен (санасуға болмайдындармен,
    санасу дұрыс деп ойлайтындармен, ұнатпайтын адамдармен)
    жағдайға байланысты мүмкіндіктер мен шектеулерді бөліп
    қарастыру.

  3. Таңдаудың қосалқы нұсқасының мүмкіндіктерін ескере отырып,
    өз мамандығының формулаларына сәйкес мәліметтер жинау.

  4. Қажет жағдайда өзі үшін өз мамандығының формуласын анықтау.

  5. Жаңа мамандықты меңгеру жолында қадамды ойлану.

6. Оны маңызды адамдарға жариялау, толық шешім қабылдау /37/.
Мамандықты таңдау мәселесі мектептің жоғарғы кластарында толық
талқыланады және сезіледі. Басты автономиялы, әлеуметті институт отбасы жоғары класс оқушысының кәсіп таңдауына үлкен ықпалын тигізеді.
Бұл туралы кәсіби қадамды жобалау мәселелері шеңберінде отбасы мүшелерінің үлкендері мен кішілерінің арақатынасының мүмкіндіктерінің әр түрлілігі туралы мәліметтер куәландырады.
1. Оқушыға таңдауда толық ерік беріледі, оның шешіміне араласпайды. Бұл жерде өмірлік және кәсіптік тәжірибелерінің үрдісін бұзып, үлкендер
мәселеге араласпайды. Сол арқылы олар өздеріне өмірдің қиын жағдайларын туғызатын балаларын өз бетінше қалдырады.
2. Ата-аналар, үлкендер болашақта кәсіп таңдау мәселесіне араласады,
бірақ олар таңдаған кәсіптерімен келіседі, әрі оны іске асыруға әрекет
етеді.
3. Үлкендер баланың таңдауымен келіспейді, әрі төмендегідей
позициялар ұстанады:
а) Өзінің жеке тәжірибесінен білетіндіктен бала таңдаған мамандыққа
барынша қарсы әрекет етіп, жоғары класс оқушысына өзі ұсынған немесе
нақты мамандықты таңдауына бар мүмкіндігін жасайды.
б) Бала таңдаған мамандықты өз тәжірибесінен өте жақсы
білетіндіктен, бұл мамандықты таңдауына өте карсы болып, қандай
мамандықты қаласа да, тек бұл "мамандық емес" деп қарсы әрекет ету.
в) Ата-аналар балаларының мамандын таңдауына шек қоймайды, бірақ
басқа кәсіби білім беру варианттарын жоққа шығарып, білімнің маңызына
баса назар аударады.
Е.А.Климов ата-аналар ұстанған позициялардың бірде-бір варианты балаларының мамандықты дұрыс таңдауына мүмкіндік бермейді деп көрсетеді /24/.
ТКБ құруда ата-аналардың төмендегідей позицияларына пара-пар болады. "Кіммен (қандай адамдармен) болу керек?", "Қандай болу керек?", "Қай жерде, мен адамдарға пайдалы боламын?", "Қоғамға мен не бере аламын?" сияқты сұрақтарға дұрыс, нақты жауап іздеуіне атсалысып, жағдай жасайды және мамандық таңдаудың негізін қарайды.
Үлкендер жоғарыда аталған жағдайларды жасау үшін балаларды мамандық түрлерімен таныстырады. Баланың назарын мамандықтың түрлі жақтарына өз бетінше талдау жасауға аударады. Сонымен қатар, олар еңбекке құрметпен қарауға, қоғамға, адамдарға дұрыс қарауға тәрбиелейді, түрлі кәсіби бағыттарда күш сынап байқауға бағыт береді, балалармен кәсіби жоспарды талқылап, ақыл-кеңес береді, қалаған мамандықтары кәсіби білім беру орындары туралы түрлі қосымша мәліметтер табуға көмектеседі.
Бұл үлкендердің идеалдандырылған варианты екені түсінікті. Оны іске асыру "Отбасы - мектеп - кәсіби білім - денсаулық сақтау - еңбек сферасы жүйесінде күшті. Бірақ біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескерсек, берілген жүйеге қарама-қайшылықтар кездеседі. Бұл қарама-қайшылықтарды ашып қарастырайық.
Бірінші қайшылық - жасөспірімнің қиын бақыланбаған, зерттелмеген мамандық әлемі туралы толық мәлімет ала алмауы мен мамандық таңдаудағы өзіндік және сапалы педагогикалық талаптары арасында.
Екінші қайшылық - жоғары сынып оқушысының болашақтағы кәсіби жолын ойлануымен байланысты іскерлік кеңестер мен қажетті жұмыс әдістері мен жеткілікті мәліметтерді беретін кеңесшілерінің жоқтығы арасында.
Үшінші қайшылық - тәжірибелі маман жоспары бір жағынан, екінші жағынан оның жеке берік қасиеттері ішкі субъективтік қайшылық арасында.
Төртінші қайшылық - жоғары сынып оқушыларының кәсіби жоспары мен құрдастарының, үлкендердің жасаған жоспарлары арасында.
Бесінші қайшылық - өндірістегі еңбек мәдени деңгейдің мектеп тәрбиесіндегі жоғары сұраныстары мен нақты жағдайлардағы шынайы деңгей арасында.
Алтыншы қайшылық - еңбек постылары, қызметтердің туындауының объективті талаптары мен адамдарда туындайтын берік қасиеттері арасында .
Бұл жерде ішкі субъективті қарама-қайшылық емес, адамдарда жарамдылықтың жоқтығы туралы айтылуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет