I. Сабақтан тыс жұмыстарда жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру 1.1. Жоғары сынып оқушыларының өмірлік жоспарлары мен кәсіптік бағдарларының қалыптасуы Жоғары сынып оқушыларына тән басты ерекшелік - бұл олардың өмірлік жоспарларының қалыптасуы. Бұл бір жағынан мақсаттардың тиянақтылығының, қорытылу нәтижесінде өмірлік жоспарлар туындап, олар өздеріне жеке тұлға, иерархизациялардың бағалы бағдарламасының тиянақты ядросын орнығуын келтіреді. Олар өздеріне жеке ұмтылыстарды бағындырады. Екінші жағынан мақсаттардың нақтылану мен даралану процестері жүріп жатады. өмірлік жоспар - бір мезгілдегі әлеуметтік және этикалық құбылыс.
Кім болам? (кәсіптік сананың қалыптасуы) және қандай болу? (моралдык сананың қалыптасуы) сұрақтары жасөспірімдік өркендеу кезеңінің әуелінде ешқандай айырмасыз болады. Қай жер болса, сол жерде жасөспірімдер (бозбалалар) өмірлік жоспарларымыз деп беймәлімдеу белгілер мен армандарды атайды. Алайда бұл нәрселер олардың практикалық қызметтерімен еш қабыспайды. Өмірлік жоспар, өзінің тура мағынасында, тек ой-толғауларының соңғы нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге оған жетудің әдісі, яғни адамның жүріп өтуге мақсатты жолы және объективті, субъективті ресурстар, олар өз кезегінде активті де таңдану - қанағаттану түрінде.
Өмірлік жоспар - бұл іс-әрекеттің жоспары, сондықтан оны бірінші кезекте кәсіптік таңдаумен ұштастырады. Жасөспірімдер мен бозбалалар үшін кәсіптік таңдау көбінесе моралдық проблема болып келеді. Кәсіптік таңдаудағы біздің басшылыққа алатын ең басты нәрсеміз ол өзімізді жетілдіруіміз және адамзаттың игіліктері. Кәсіптік таңдау адам баласын өзінше анықтайды. Ол өзіне іс-әрекет етудің белгілі бір сферасына араласады, яғни ол онда өзінің күш-жігері мен әдістерін жүзеге асырады. Бұл сонымен бірге басқа да толып жатқан іс-әрекет пен қызметтерден бас тарту болып есептелінеді және де бұл жеңіл болып көрінгенімен жауапкершілікті өзі шектеуді таңдау оңай емес. Кәсіп жөнінде өзін-өзі анықтау бүгін көп жақты, көп баспалдақты процесс. Оны психологияда әртүрлі көзқараста қарастырады /1/.
Біріншіден, талаптардың жиынтығы ретінде, онда қоғам қалыптасып келе жатқан тұлғаның алдына қояды, яғни белгілі бір уақыт аралығында осы тұлға оны байсалдылықпен шешуге тиісті.
Екіншіден, шешімдер қабылдау процессі ретінде, оның көмегімен индивидуалды өзінің басым бағалау және қабілеттерінің балансын қалыптастырады және оны саралайды, екінші жағынан қоғамдык еңбек бөлісу жүйесінің қажеттілігіне орналасады.
Үшіншіден, өмірдің жеке стилін қалыптастыру. Мұның құрамдас бөлігі ретінде кәсіптік қызметі. Бұл үш тәсіл жұмыстың әр түрлі жақтарын басым көрсетеді (бірінші қоғамдық сұрақтардан туындайды, үшінші жеке
тұлғаның қасиеттерінен, екінші - екеуінің келісімдерінің жолдарын іздейді). Бірақ сонымен бірге өзара толықтырушылар болып есептелінеді (бірінші басым әлеуметтік, екінші әлеуметтік, психологиялық, үшінші -дифференциалды психологиялық).
Жас дамуының психологиялык, кәсіптік бойынша өзін-өзі анықтауы бірнеше этаптарға бөлінеді. Олар әрине мезгілі жөнінен әр түрлі болады.
Бірінші кезең - балалар ойыны, мұнда бала өзіне әртүрлі мамандық рөлдерін ойнайды және сол мақсатта өзін баулап көреді.
Екінші кезең - жеткіншектердің фантазиясы, мұнда ол өзін әр түрлі сүйкімді мамандық иесі ретінде армандайды.
Үшінші кезең - жеткіншектік кезең мен бозбалалықтың басым бөлігін қамтиды - бұл алдын-ала мамандық таңдау. Әр түрлі іс-әрекет түрлері сортталып бағаланады. Алдымен жеткіншектің көзімен тарихи романдарды сүйемін, сондықтан тарихшы болатын шығармын, соңынан оның қабілетіне орай (менде математика жақсы жүреді, мүмкін сонымен айналыссам ше) ақырында оның бағалау жүйесіне байланысты! Менің ауруларға көмектескім келеді, дәрігер болармын: көп табыс тапқым келеді.
Төртінші кезең - практикалық шешім қабылдау, мамандық таңдау. Өзіне екі бас құраушы кіреді. Болашақ еңбектің мамандық дәрежесін анықтау, оған қажетті дайындықтың көлемі мен мезгілін анықтау, тиянақты мамандықты таңдау. Былайша айтқанда бұл екі таңдаудың мезгілі әртүрлі болуы мүмкін /2/.
Қыздар алдымен іс-әрекеттің белгілі аумағын қамтуы мүмкін. (медицинамен айналысқым келеді) сонан соң барып оның кәсіби дәрежесін анықтайды, дәрігер болу керек пе? фельдшер ме?, медбике ме, әлде санитарка ма? немесе керісінше - алдымен дәрежесін белгілеу, сонан соң мамандық (жоғары оқу орнына түсемін, бірақ әлі қайсысына екенін білмеймін). Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда екі жол өте көп сияқты: жоғарғы оқу орнына түсуге бағытталу, тиісті мамандық таңдауға қарағанда ерте қалыптасады.
Мамандық таңдау көп баспалдақтылықпен ерекшеленеді. Тоғызыншы сыныптың соңына қарай оқушылар әрі қарай оныншы класс оқу керек пе? жоқ ПТУ-ға, қолледждерге түсу керек пе? - деп ойланады. Бұл жылдары көп балалар оқуды табыс табумен ұштастырғысы келеді /3/. Қызығушылығына, қабілетіне бағалау бағдарынан басқа шешім кабылдауға өзінің объективті мүмкіндіктерін бағалау маңызды - отбасының материалды жағдайы оқу дайындығының мүмкіндігі, денсаулық жағдайы және т.б. кәсіптік білім алуды немесе жұмысты таңдағандар тез арада әлеуметтік таңдауы кәсіби тандаумен алмастырады, қайда түсу керек, не істеу керек.
Кәсіптік таңдау мектеп оқушыларына екі информация болатындығын көрсетеді. Кәсіптер әлемі туралы: өзі туралы, өзінің қабілеттері мен қызығулары. Мұның екеуі де ең жоғарғы класс оқушыларына жетпейді. Көп жылдық еңбегін нәтижелей келе Е.А Климов былай деп жазады. "17 жаста кәсіптер әлеміне қатынас қызығушылық тәжірибе арқылы
қалыптасады: ата-аналарына, таныстарынан, достарынан, құрдастарынан, кітаптардан, кинофильмдерден, телехабардан алынған білімдер"/2/.
Білгілі бір кәсіптің маңыздылығы, қоғамдық пікір оның жалпылығымен қарсы байланыста болады. Жұмысшыларға қарағанда Е.А Климов мұны екі айналы пирамида есебінде бейнелейді: біріншісі -қоғамның кадрларға деген қажеттілігі, екіншісі – (төңкерілгені) жастар үшін қызғылықтылығы. Қызғылықтылығы артық деп есептелінетін кәсіптерге үміткерлер көп болады. Бірақ қажеттіліктердің саны аз болады. Сондықтан олардың басқа іспен айналысуымен тура келеді. Бұл кездері қоғамның қажеттілігі мен кәсіптік бағдардың айырмасы жастар арасында біршама азайды.
Кәсіптік таңдау мен өмірлік жоспарлардың орындалуы әлеуметтік жағдайларға, оның ата-аналарының білім деңгейіне байланысты. Ата-аналарының білім деңгейі жоғары болған сайын олардың балалары да оқуын жалғастыруы көп болады және ол жоспарлар жүзеге асады.
Бозбалалардың өмірлік жоспарларын жүзеге асыруы қыздармен салыстырғанда көпшілік жағдайда басым болып келеді /3/.
Кәсіби бағдарлау тек әлеуметтік қана емес, сонымен бірге ол психологиялық та мәселе. Бірінші тәсіл тұрақтылық пен жеке қасиеттердің тәжірибелік өзгермейтіндігінен туындайды. Оларға іс-әрекеттің тәсілі мен үлгермей тікелей байланысты: бұл жерде адамды іріктеу мен саралау жұмысқа байланысты, екінші жағынан - жұмыс таңдау, сол адамның жеке қасиеттеріне байланысты. Екінші тәсіл қабілеттілікті бағытталған қалыптастыру идеясы арқылы туындайды, мұнда әр адамда мүмкіндігінше кейбір сол жұмысқа қажеттік қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді . Бұл екі тәсіл әр түрлі аталынуы мүмкін, бірақ оларда бірегей „әдіснамалық кемістік бар. Ол жеке және еңбек кызметі бір-біріне байланыссыз әрі қарама-қарсы нәрселер ретінде қаралады. Олардың бірі екіншісін өзіне сөзсіз бағындырады. Дегенмен психологияда қабылданған сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципімен туындайтын үшінші мүмкіндік бар. Е.А.Климовтың топшылауы бойынша бұлар мынадай тұжырымдамаға негізделеді:
І.Тұрақты, тәжірибелік қайта тәрбиелеуге болмайтын жеке психологиялық қасиеттердің болатындығы танылады. Қызметтің табысты болуына тікелей байланысты.
2.Тәсілдері бөлек, бірақ (қасиеттер, қызмет) соңғы пайдасы (еңбектің өнімділігі) бірдей қасиеттер қызметтің табысты болуына байланысты.
З.Қажетті қасиеттерді қалыптастыруда жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін, ішкі даму жағдайларын ескере отырып құру дұрыс. Кәсіп таңдауда кәсіби ақыл-кеңестің маңызы ерекше. Бұл тиянақты дайындықты керек ететін қиын жұмыс. Жоғары кластардың басым көпшілік бөлігі кәсіп таңдауда стихиясы түрде келеді /4/.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың байсалды факторлары - жас шамасы, жас адамның ақпарат дәрежесі, оның килігу дәрежесі. Кәсіп таңдау біз көріп отырғандай өте-мөте қиын және ұзақ процесс. Бұл жерде мәселе тек оның ұзақтығына емес, оның кезеңдерінің бірінен соң бірінің келуінде. Мұнда екі
түрлі қауіп бар. Бірі - жоғарғы сыныптың кәсіби өзін-өзі анықтауының созылып кетуі мен кейінге қалдыра беруі қандай да болмасын болмашы кызығушылығының жоқтығынан. Бұл тоқтау жалпы дамуының төмендігінен, тәртібі мен өзін-өзі алып жүруінің нашарлығынан байланыстырады. Мұны былай түсінуге болады, кәсіби өзін-өзі анықтау -үлкеюдің, өзін-өзі сыйлаудың, өзіндік "МЕН-ін" қалыптасуының басты компоненттерінің бірі.
Кәсіп таңдау белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өмірден бір зат алуы, оған килігуін танытады. Ол өзінің объективті мүмкіншіліктерін (балалық шағында музыкаға үйренбеген кісіге, әлбетте, консерваторияға түсу қиын) және өзінің қабілетін бағалауды жинайды. Сонымен бірге оған субъектінің өзі түсінбеуі мүмкін. Кәсіптік талаптар әсер етеді. 15-17 жастағы бозбалалар мен қызбалалардың келіспеушілігі әрқашанда артықтау. Бұл дұрыс керек болса пайдалы, себебі жас адамды өсуге және қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелейді. Жастарды еңбекке дайындау мен кәсіп таңдау маңызды мемлекеттік іс. Жалпы тәрбие мен еңбек тәрбиесінің бірлігінің маңызды екендігі даусыз /5/.
Мектеп оқушылары қоғамдық пайдалы еңбекке тартылуы тиіс. Әрине олардың жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Тоғызыншы сынып оқушыларының әрі қарай оқуын қайда жалғастыруы арнайы және кәсіби дайындықты қайдан алу жан-жақты түсіндіріледі. Мектепте еңбекке үйрету үшін арнайы бөлінген сағаттың екі есе арттырылуы, мектеп шеберханалары мен оқу-өндіріс бригадаларында, жазғы еңбек лагерінде болуы, кәсіп таңдаудағы, еңбек негіздерін танудағы сатылар.
Кәсіптік-техникалық, арнайы орта оқу орындары мен оныншы кластарды толықтырулар мен кешенді қамтамасыз етуге жылдық және перспективалық жоспарларға сәйкес жалпы мемлекеттік мүдделер ескеріле келе кәсіби дамуында мамандарға деген сұранымы бар жергілікті ерекшеліктер ескеріліп және оқушылардың өз еркімен оқу орнын таңдауы арқасында жүргізіледі /9/.
Кәсіби бағдар - жеке тұлғаның әлеуметтік өзін-өзі анықтауының бір құрамддас бөлігі. Егер де ол әлеуметтік имандылық толған мен өмір сүрудің қажеттілігі туралы ой-толғаныс пен әркімнің өзіндік "МЕН"-і ұштасып қабысып жататын болса ғана, кәсіп таңдаудың тек сонда ғана берекесі болады.
Болашақ мамандыққа қатынас жасөспірімдік шақта болашақ туралы балалық балғын армандардың өз мүмкіндіктері мен өмірдің себеп-салдарымен ауысатын өмірдің кезеңі. Олар өз ниеттерін тәжірибелік іс-қимылға ұштастыруға құштар.
Алайда мұнда қимыл жеткіншектердің барлығына бірдей тән емес, кейбіреулері осы шақпен өмір сүреді, болашақ кәсібі туралы ойланбайды. Белгілі бір кәсіпке қызығушылықты әр түрлі кітаптар, адамдар, теледидар, экскурсиялар оятуы мүмкін.