1.2.Оқушыларға кәсіби бағдар беру жүйесін ұйымдастырудың негіздері Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудың ең басты міндеті балаға өмірде керек болатын білім беру, оны алдын-ала белгілі бір мамандыққа дұрыс икемдеп даярлау. Оқушының ел ертеңі үшін нағыз азамат болып тәрбиеленіп шығуы үшін мектептердегі қоғамдық пайдалы еңбектің маңызы зор. Кейбір мектептердегі шағын цехтар өнім шығарумен айналысып, өткізіп табыс табуда.
Осыған орай мектеп жасындағы балалардың еңбекке араласуы жасына қарап анықталып, арнайы бағдарлар жасауды, еңбек сабақтарын да көбейтуді керек етеді. Мектеп тек қана орта білім беру емес, сонымен қатар жасөспірімдерге арнайы еңбек дағдыларын үйретіп, кәсіптік даярлықтан өткізу керек деген идея реформалардың негізі болып отыр.
Республикамызда оқушыларға кәсіптік бағдар беру күрделі әлеуметтік-психологиялық жүйе болып табылады. Ол халық шаруашылығының дамуына техника мен өнеркәсіптің өркендеуіне, жас кадрлардың даярлығына тұрақты көңіл бөлуді талап етеді. Жалпы білім мен кәсіптік білім беретін мектептердің реформасы жас жеткіншектердің еңбекке саналы араласуына, біртұтас еңбек политехникалық оқу жөніндегі принциптердің жүргізілуіне, оқушылардың пайдалы қоғамдық еңбекке сүйіспеншілігін арттыруға, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған.
Кәсіптік бағдар - бір-бірімен тығыз байланысты салалардан тұратын біртұтас жүйе. Атап айтсақ олар кәсіптік ағарту іс-әрекетінің саласында оқушылардың ынтасын, икемділігін, талабын байқап, әрі қарай дамыту кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік таңдау кәсіптік бейімделуді білдіреді /14/.
а) Кәсіптік ағарту - оқушылардың әлеуметтік-экономикалық,
психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар
туралы білім жиынтығы. Сол кәсіптің біреуін дұрыс таңдауға жағдай
жасау; оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарасын
дұрыс тәрбиелеу техникалық-физиологиялық мүмкіндіктерін және
қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін дұрыс түсінуін
қарастыру. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде, олардың әр саладағы
кәсіптік қызметке қызығуы мен бейімделуінің сәйкес келуі үлкен орын
алады.
ә) Оқушылардың жеке басын зерттеу, жеке кісіге әсер ету психологиялық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың мақсаты, ой-өрісі, мұраты пәндерді сапалы оқытуға әсерін тигізеді. Оқушылардың мамандық әлемімен, техника негізімен және өндіріс технологиясымен танысуы олардың қызығуына бейімділігіне белгілі бір жұмысқа ынталануына көмектеседі.
б) Кәсіптік ақыл-кеңес беру арқылы оқушылардың өздеріне тән
ерекшеліктерін таңдаған кәсіптерінің талаптарына баса назар аударады. Бұл
төмендегідей формада өткізіледі: диагностикалық ақыл-кеңес
оқушылардың жеке басын зерттеуге, оның қызығуына, қабілетіне сәйкес
және соған жақын мамандықты таңдауға бағытталған.
Анықтама: Ақыл-кеңесте оқушыларды жұмысқа орналастыру, оқуға немесе жұмысқа қабылдау түрлі мамандықты игеру мүмкіндігі дайындық мерзімі еңбек ақы төлеу жүйесі, кәсіптік біліктілікті арттыру жолы хабарланады. Қалыптастырушы ақыл-кеңес оқушылардың мамандық таңдауына басқаруды көздейді. Ол уақытқа созылуы мүмкін және оқушылардың кәсіптік таңдауға қатынассыз өзгеруіне байланысты болады.
Дәрігерлік кәсіптік ақыл-кеңес оқушылардың денсаулығын, оның психологиялық физиологиялық құрылымын таңдаған мамандыққа сәйкес келуін анықтауға бағытталған: оқушыны басқа мамандыққа үгіттеу немесе таңдаған мамандығына жақын психологиялық, физиологиялық көрсеткішін анықтайды. Мамандық туралы кеңес беруден бұрын бастауыш сыныптардан бастап бірнеше жылдар бойы оқушы ерекшеліктерін зерттеу қажет. Ол үшін оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметтер, оқушының таңдайтын мамандығына сәйкес дәрігерлік мінездемесі, оқу үлгерімі, белгілі бір пәндерге қабілеттілігі, оқу және мамандық таңдау себептері, оқудан тыс уақыттан әрекеттерін қадағалау мен бақылау туралы мәліметтер болуы керек /26/.
Кәсіптік бағдардың келесі кезеңдерінде мамандық таңдау, зерттеу, түрлі анкеталар бойынша жүргізіледі; өзін-өзі бағалау анкетасы ата-аналар үшін анкета, бейімділік картасы, оқушылардың белгілі бір мамандыққа қызығуы мен қабілеті жөнінде сынып жетекшілерінен алынған мәліметтер. Бұл мәліметтер әр оқу жылына сәйкес бөлініп, арнайы бланкілерге толтырылады. Оқушылардың кәсіптік қабілеттерін бағалауда мұғалімдер едәуір қиналады. Себебі, ол бір жағынан мамандық таңдауды адамның психологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптарды білуді, екінші жағынан мамандық тандаушының жеке қабілеттерін зерттеуді қажет ететін.
Мамандық туралы кеңес берудің келесі сатысы - жиналған мәліметтермен танысу және талдау жасау. Бұл жауапты кезеңде талдаудың тереңдігі мен жан-жақтылығы консультанттың алдын-ала қоятын сұрақтың нақтылығына, сапасына тікелей әсер етеді. Оқушы туралы консультант жалпы мәліметтермен танысады, оның қабілеттерімен салыстырып оқушының болашақ. мамандық таңдау бағыты туралы пікір айтады. Сонан соң арнайы құрастырылған әдіс бойынша жекеше диагностикалық әңгіме өткізіледі. Онда жоғары сынып оқушыларының таңдаған мамандығына даярлық деңгейін талқылап, оның сол мамандық жөнінде ақпар жинауының керекті қабілеттері мен икемділігін дамытудың үйірмелерге факультеттерге, өнімді еңбекке қалыптасудың бағдарламасы белгіленеді /27/.
Жеке әңгімеде жасөспірімнің белгіленген бағдарламаны іске асыру жолында кездесетін қиындықтарды анықтаудың мәні зор. Әңгімелесу кезінде оқушының өз бетінше даярлану түрлері мен жолдары оның қоғамдық маңызына, болашақта атқаратын әлеуметтік рөліне аса көңіл бөлген дұрыс. Әңгіме үстінде оқушы өзі таңдаған мамандықтың профессиограммасымен жұмыс істейді. Бұл оған өз күшін объективті бағалауға, мақсатына жету үшін бойындағы резервтерді анықтауға мүмкіндік береді. Әңгіме аяқталған соң оқушы туралы мәліметтер
қортылып, оған таңдаған кәсіптік бағыт пен жетілдіру жолдары туралы ұсыныс беріледі. Бұл жұмыста жоғары нәтижелерге жету үшін әр оқушыға жеке әсер ету әдісі белгіленеді және олардың негізгі мектеп пен сыныптың кәсіптік бағдары туралы жоспарларына тиісті өзгерістер енгізіледі.
Жалпы және жеке оқушылармен жүргізілетін келесі оқу жылдарына арналған жұмыстардың мазмұндары анықталады. Мектеп Зерттеушілерге кәсіптік бағдар жөніндегі қабілеттері туралы өткен оқу жылдары бойы жинақталған мәліметтер ескеріліп ұсыныс мінездеме беріледі. Сонымен көптеген дұрыс жолға қойылған кәсіптік консультация беру жұмысы барлық педагогикалық ұжымның жаппай күш жұмылдыруын талап етеді және жасөспірімдердің мамандық таңдауының баға жетпес реттеуші рөлін атқарады.
в) Кәсіптік таңдау. Ол мектептен тыс, арнайы лабараторияда және
таңдаған мамандығының өзіне тән еңбек жағдайына байланысты
жүргізіледі. Кәсіптік таңдаудың мақсаты - адамның белгілі бір еңбекке
жарамдылығын анықтау кәсіптік таңдау кәсіптік бағдардың негізгі бір
бөлігі болып саналады.
г) Кәсіптік бейімделу жас адамның өндіріске жаңа әлеуметтік ортаға
еңбек жолдарынан және бір мамандық ерекшелігіне белсенді араласуы /30/.