Кәсіби бағдарды басқарудың функциялары. Кәсіби бағдардың негізгі басқару функцияларына мыналар жатады: жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ақпаратты қызмет, кәсіби басқарудың өзіндік функциясына диагностикалық тәрбиелеуші, дамытушы, түзетуші, сенімді кызметтерді жатқызуға болады. Жоспарлауға басқарудың ықпал ету мақсаттарын шешімін қабылдау, оның кезеңдерін іске асыруды анықтау, қажетті қорлар орындаушылары мен орындау мерзімі кіреді. Ұйымдастыру функциясы басқарудың объектісі мен субъектісінің құрамын анықтайды. Олардың өзара қарым-қатынастары іс-әркеттерін жүзеге асыруды талап етеді. Түзету функциясы бұған оқушылардың кәсіби бағыт таңдау кезінде олардың шешімдерінің оң тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін басқару орындарының іс-әрекетін реттеу, түзету және белсенді көшу жатады.
Кәсіби бағдар жұмысының жоспарларын орындау сәтіндегі талап пен қалыптасушылықты анықтап отыратын басқару жүйесінің нәтижелерін есепке алу мен таңдау жасау, бақылау функциясына жатады. Ақпаратта қызмет басқарудың объектісі мен субъектісі арасында белгілі ақпарат болуын қамтамасыз етеді. Кәсіби бағдар кезеңінің ішкі және сыртқы жағдайы тура. Кәсіби бағдарды басқарудың бағдарламасы мақсатты әдістің тиімділігі, содан мақсатты анықтауды, дәлелдікті жоспарланған шаралардан ұзақ мерзімділігін стратегиялық және практикалық міндеттердің шешуін оқушыларға кәсіби бағдар беруші дамыту арқылы ғана іске асады.
Бірінші кезең жеке адамға қоғамдық ұйымдастыру әлеуметтік жағдайдың әсерімен болатын өз мақсатын белсенді түрде іздеу кезеңі. Екінші кезең - өміріндегі өз орнын таңдау және мақсатын толық, терең түсінуі. Үшінші кезең - бұл өмірлік құндылықтарды жеке адамның жүзеге асыру кезеңі /16/.
Мамандық таңдауға ықпал ететін күштер нәтижесі. Сонда ғана тиімді болады. Егер олар жеке адамның барлық жағын қамтып отырса жас жеткіншектердің мамандық таңдауы мамандық таңдау процессі бұл адам баласы өзінің кәсіби бағдар іс-әрекетінің субъектісі ретінде танығанда ғана анықтайды.
Оқушының мамандық таңдауы табысты аяқталуы үшін оған кәсіби шарттың қажетті болуы шарт. Кәсіби шарттар дегеніміз - сол тандаған мамандығына орай психикалық, физиологиялық және физикалық түрдегі әзірліктің бар болуы және сол мамандық талап ететін қабілеттерге икемділік таныту.
Мамандық таңдау процесіне кәсіби сана-сезім көп әсер етеді; жеке адамның өз мақсаттарына ұстаған идеясына сәйкестендіру мен ойлаған құндылықтарының өз мүмкіндіктерімен сайма-сай келеді. Жоғарғы мектеп жасындағылар үшін жетекші іс-әрекет дегеніміз - бұл оқу, білім алу. өйткені ол өз күшін болашақта болатын мамандығына қажетті пәндер мен білімге көп көңіл бөле отырып жұмсайды. Оқушылардың барлық іс-әрекеттері өзара байланысты және ұйымдасқан психологиялық ықпал жасаса, оқушы өз мамандығын таңдау жолында кездесетін қарама-қайшылықтарды шешуге болады. Оқушы жастардың кәсіби бағдар таңдауына тиімді басшылық жасау үшін белгілі бір көрсеткіштерді негіз етіп алу қажет. Олар:
Оқушының хабар алуы, таңдаған мамандыққа оқып-үйрету үшін оқу
орындарын білуі, оның кәсіптік мазмұнын білуі, елдің экономикасына
сай ақпар бойынша мамандарға сұраныстың болуы.
Кәсіби қызығушылык бойынша мамандық тандауы.
Кәсіптік тандауда оқушының қоғамдық маңызы зор мемлекетке
керекті мамандықты таңдауы.
Белгілі бір кәсіпке арнайы қабілеттердің бар болуы (өнерге, спортқа).
Таңдаған мамандық бойынша еңбек тәжірибесі (үйірме,
факультативтік пәндер тобына қатысуы).
Кәсіптік ойынға қатысуы.
Кәсіптің икемділіктің нақты дәрежесі.
Денсаулық жағдайы, дәрігердің көрсетуінше кәсіпке жарамдылық /19/.
Оқушылардың кәсіпті таңдауы әр сатысы арқылы көрінеді. Осы себепті бағдардың психологиясын, мәнін білу, жеткіншектердің психологиясын және жас ерекшеліктерін игере отырып, оның даму сатыларын анықтауға мүмкіндік береді. Оқушыларда кәсіби таңдаудың қалыптасуының негізгі - кәсіби бағдар жұмысының басты саласы болып саналады.
Е.А.Климов оқушыларды кәсіптік ерекшеліктерімен таныстыру кезінде мынадай негізгі схеманы қолдану керек екендігі туралы кеңес береді /8, 39бет/. Ең алдымен кәсіптің жалпы ерекшеліктерінен бастаған жөн. Оның қоғамдық-экономикалық маңызын тарихи мамандықтарға бөлуін ашық
түсіндіріп мұндай мамандықтың қандай кәсіпорындарда немесе мекемелерде бар екенін айту керек. Мәселелердің екінші бір негізгісі еңбек барысын суреттеу болады. Мұндай жұмыстың негізгі әдістері, операциялары, жұмыс орны, қолданатын материалдар мен техникалық құралдар, олардың жемісі құрастырылады. Үшінші жұмыстың ұйымдастырушылық жағымен байланысты. Еңбек ерекшеліктерінің төртінші тобы біздің пікірімізше өте маңызды. Бұл жерде жұмысшыға, оған қойылатын талаптар туралы сөз болады. Оған мамандықты игеруге қабілеттер және басқа да жекелеген қасиеттер жатады. Қарастыруға тиіс сұрақтардың бесінші бөлігі - еңбек шарттары. Сұрақтардың алтыншы тобын дайындық құрайды. Оған жалпы және арнаулы білім талаптары, мамандықты игеру жолдары, жеке білімін кайта жетілдіру мүмкіндіктерін құрайды. Озғанбаева жастардың мамандық таңдау барысында кездесетін таңдаудың бес кезеңін бөліп көрсетті/20/.
Бірінші кезең жасөспірім сегізінші сыныпты аяқтаған соң туындайды. Бұл кезде жасөспірімде қандайда бір арнаулы орта оқу орнына бару (қолледж) немесе жалпы білім беретін мектепті жалғастыру барысында таңдау қажеттілігі шығады.
Екінші таңдау оқиғасы - орта мектепті аяқтаған соң болады.
Үшінші кезең - мамандықты анықтау болып табылады (мамандық өте кең мағыналы ұғым оған бірнеше арнаулы мамандықтар енеді: Мысалға, заңгер, адвоқат, прокурор, нотариус, сот бола алады).
Төртінші кезең - арнаулы мамандық таңдау.
Бесінші - нақты жұмыс орнын таңдау.
Б.Косов мамандық таңдаудың төрт кезеңін көрсетеді /21/.
Әртүрлі мамандықтағы адамдарды бейнелейтін балалар ойыны.
Бұл өтпелі кезеңде балалар арманнан туындайтын керемет
мамандықтарды бейнелейтін фантазия. Бүкіл өтпелі кезең мен
бозбалалық кездің бір бөлігін қамтиды. Осы кезеңде әртүрлі іс-әрекет
түрлері өздерінің мүмкіндіктеріне қарай және құндылықтарына сай
жинақталады, бағаланады.
Нақты мамандық таңдау жүзеге асады.
Бұл кезең екі бөлімнен тұрады. Болашақ жұмыстың деңгейі қандай және нақты мамандықты таңдау. Социологтың зерттеулері бойынша бірінші болып білім деңгейі анықталады, кейін нақты мамандық таңдалады. Кәсіп тандауда зерттеушілердің айтуынша, таңдау кезінде негізгі қиындатушы факторлардың бірі кәсіптің көптүрлілігі және оқушылардың кәсіп талаптарын жеке түсінбеуі болып табылады.
Жоғарыда көрсеткеніміздей қазіргі замандағы техникалық прогресс жағдайында мамандық саны ондап, мыңдап жетеді. Бұл жерде дұрыс бағдар алу өте қиын. Сондықтан әртүрлі мамандықтарға оқушылардың қатынасын олардың мәртебесін, тартымдылығын әрдайым ашып көрсету қажет мамандыққа жарамдылық - бұл адамдардың белгілі бір жұмысына сәйкес келуі.
Кәсіби бағдар беру жүйесінде әлеуметтік және психологиялык фактордың ықпалы зор болып табылады. Әлеуметтік жағдайлардың негізгі
фактордың сыртқы объективті факторды (мекен-жайы, мектептің орналасуы, ата-анасының қызметі мен мамандығы, мектептегі кәсіптік бағдар ерекшеліктері) жатқызуға болады.
Бұл сыртқы факторлардың әсері субъективті ішкі себептер: табиғи қасиеттері (жасы, жынысы, темпераменті, қабілеті) оқушылардың тұлғалық индивидуальды касиеттері және құндылық бағдары арқылы өзгертіліп, сондықтан да кәсіби бағдар жүйесінің психологиялық негізі ішкі алғы шарттардың жай тең әсерлері түрінде емес, субъектінің сыртқы әлемімен үздіксіз қарым-қатынас процесінде қалыптасады және ол жеке адам дамуынан бөлінбейтін күрделі де ұзақ процесс болып табылады.
Кәсіби бағдар беру жүйесі оны сыртқы факторлармен байланыстыратын субъект іс-әрекетінің пайда болуы, ұлғаюы тереңдеуімен байланысты. Сонымен қатар кәсіби айкындаудың өзі сол әрекетті бағыттайтын, күштейтін, түзейтін, оны өзгертетін яғни оның өту сипатын функционалды түрде айқындайтын компонентті ретінде қарастырылады. Мектептегі жоғарғы класс оқушыларының кәсіби бағдар беру жүйесін ұйымдастырғанда жоғарыда айтылған жеке адамның индивидуальды ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігі басым болады. Мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесінің жеке тұлғалық маңызы алғы шарттарының барысын негізгі екі топқа жинақтауға болады /23/.
Бірінші топқа мамандық таңдау мәселесін ойдағыдай шешуді қамтамасыз ететін, бірақ ол процесті жандандыруға қатыспайтын жеке адам ерекшеліктері жатады. Мұндай ерекшеліктерге еңбекқорлық кәсіби және өмірлік тәжірибенің болуы, адамның жалпы өмірлік және әлеуметтік кемелдену деңгейі жатады.
Екінші топқа мамандық таңдау процесін жандандыратын және кәсіби бағытталудағы талғампаздықты тудыратын жеке адам бағыншылығының компоненттері, қажеттілік кәсіби мотив кәсіби қызығулар мен бейімділіктер, сенім, бағдарлар, құндылық бағдары, қабілет ерекшеліктерін жатқызуға болады.
Екінші топтың негізгі компоненттері, кәсіби айқындалуға қажеттілік, мотив және кәсіби қызығулар. Кәсіби айқындалуға қажеттіліктің кезеңі -жастық шақ үшін дамудың жаңа маңызды қайнар көзінің пайда болуын көрсетеді. Ол жеке адамның кәсіби айқындалуының қозғаушы күштері болатын түрлі қарама-қайшылықтардың тууына әкеледі. Жалпы түрде оларды оқушыда пайда болған қажеттілік пен болашақ мамандығының талаптарының және сол кәсіпті игеруге қажетті білім мен іскерліктер арасындағы қарама-қайшылықтар түрінде көрсетуге болады.
Кәсіби айқындалуға қажеттіліктің ерекшелігі оның сол қажеттілік затын табудан бұрын пайда болып табылады. Субъектімен заттың әлем арасында нақты әрекетті байланыс тууының қажетті алғы шартты кәсіби қызығудың болуы. Осы жағдайда жоғары класс оқушыларының әртүрлі іс-әрекетке байланысты туған көптеген қызығулары, жоғарыда айтылған сыртқы факторлар мен жеке адам арасындағы қарым-қатынастың потенциалды мүмкіндігінің пайда болуына әкеледі.
Кәсіби еңбекте өз күштерін жұмсай алатын саланы таңдауға байланысты жеке адам іс-әрекетінің тереңдігі үрдістері, шын мәнінде мүмкіндік пен ақиқат, социум мүддесі мен жеке адам қызығулары, бейімділіктері арасындағы нақты қарама-қайшылықты шешуге тіреледі. (Ю.В. Укке "О психологических основах профессиональной ориентации" 1981,95 бет). Мұндай жағдайда болашақ маманның кәсіби қалыптасу осы қарама-қайшылықты шешу болып табылады /31/.
Сонымен қатар теориялық-практикалык тұрғыдан оқушыларды қалай түсінетіні де маңызды. Адамға әсер ететін барлық факторлар әрқашан да түсінікті бола бермейтіні белгілі, ал олардың адамның шешімі мен қылықтарына объективті әсерлері тіпті де дұрыс бағалана бермейді. Көбінесе адам қылықтарының мотивтерін өзіндік түсіну, әсер етуші факторлардың нақты әрекетімен теңестіріледі. Осыған орай мотевациялық сфераның психологиялық заңдылықтарын білу, жеке адам іс-әрекетіне елеулі түрде әсер етуге мүмкіндік береді.
Мамандықты саналы түрде таңдау немесе саналы кәсіби айқындалу күрделі іс-әрекет болғандықтан мотивацияның ұзақ мерзімді болуын шамалайды. Ол мотивтер күресінсіз іске аспауы мүмкін. Мектептегі кәсіби бағдар жүйесінде мамандық таңдау кезінде оқушылар пән мұғалімдері немесе өзі үшін ерекше тартымды көрінетін маманға еліктеуді жиі басшылыққа алады, көбіне мамандық талаптарын ескермейді. Көп жағдайда мамандық мазмұнының ерекшеліктерін оған өз бойындағы тұлғаның индивидуалды қасиеттерінің сәкестігін ескермей, оның тек сыртқы жағы мен қоғамдык әлеуметтік беделіне көңіл аударады.
Психологияда жүргізілген бірқатар зерттеулер бойынша мамандық таңдауда неғұрлым көп кездесетін мотив еңбек мазмұны қызығу, екінші - еңбектің қоғамдық маңыздылығы, үшінші - материалдық қызығушылық, төртінші - адамгершілік, беделі, бесінші - жеке адамның бейімділігіне сәйкестілігі анықталған /24/. Міне осы жайттың ерекшеліктеріне мән берудің маңызының зор екенін көреміз. Жалпы алғанда мамандық таңдау мотивтері оқушылардың жеке дара және жастық ерекшеліктеріне байланысты күрделі ұжымының талаптарына тәуелді. Жоғары класс оқушыларының кәсіби айқындалу мотивациясының өзгеру динамикасын құрастыру жастық шақта таңдаған мамандыққа қызығу мотиві жетекші орын алатынын көрсетеді /32/.
Екінші орында үй жағдайының мотивтері мамандықтың қоғамға маңыздылығы тұрады. Есейген сайын мамандыққа деген қызығу жеке адамның өз басының индивидуальды қасиеттері бағалауы күшейе түседі. Мамандық таңдауға әсер ететін мотив жүйесін анықтауды С.А. Крягжде қолға алған. Ол қала және ауыл оқушыларын зерттеу нәтижесінде кәсіби айқындалуға әсер ететін жалпы заңдылықтарды анықтаған. Оқушылардың кәсіби айқындалуына әсер ететін негізгі себептер қызығулар, бейімділіктер және қабілеттер екені анықталған.
Жоғары класс оқушыларында жиі кездескен басқа да себептерді жақсы табыс, мамандылықтың қоғамға маңыздылығын өз бетінше жұмыс жасау, достарымен жақсы қарым-қатынаста болу, денсаулык жағдайлары т.б.
ажыратқан. Сонымен мектеп түлектерінің кәсіби айқындалуы кәсіби бағыттылық негізінде де және онсыз да іске асырылуы мүмкін екені айқындалады. Оның болашақта дамуы немесе ЖОО-ның оқу-тәрбие процесіндегі психологиялық-педагогикалық жағдайларға байланысты. Демек мамандық таңдау мотивті болған кезде де кәсіби айқындаудың табыстылығы туралы толық кепілдік беруге болмайды.
Жоғары класс оқушыларында мамандыққа деген тұрақты оң көзқарасты қалыптастыру тек қана оқу-кәсіптік немесе кәсіби іс-әрекет барысында жасалады. Сонымен жоғарғы класс оқушыларындағы мамандық таңдау - кәсіби айқындалудың келесі кезеңіне өткендігІнің ғана айғағы, одан кейін даму динамикасы басқа жаңа факторлармен анықталады. Мектептегі кәсіби бағдар жүйесінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыруды, мотивациялык сферасынан басқа эмоциялық-еріктік және танымдық тұлғалық, индивидуалды саналы қасиеттер сферасының маңызы зор.
Кәсіби бағдардың эмоциялық еріктік компоненті ең алдымен мамандыққа деген эмоциялық қатынасын мамандыққа қанағаттануымен болашақ мамандықка даярлығынан көрінеді. Кездескен қиындықтарға қарамай іс-әрекетте табысты нәтижелерге жете білу бейімділігі өзінің іс-әрекетке қабілеттілігін жете түсініп, соған дайындығын көрсетеді.