БҰйрықТЫҢ толық ҚҰрамы жалпы ережелер


 Науқастарды емдеу санаты мен типтері бойынша тіркеу



бет2/4
Дата31.03.2018
өлшемі0,66 Mb.
#39925
1   2   3   4

4. Науқастарды емдеу санаты мен типтері бойынша тіркеу

         31. Туберкулезге шалдыққан науқастар 3 санат бойынша тіркеуге алынады:

         32.Туберкулезге  шалдыққан науқастардың мынадай типтері ажыратылады:

5. Туберкулезді  емдеу

33.Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі:

34. Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу, соның ішінде тағайындалған дәрілік заттарды қабылдауларын бақылау білікті медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі. Емді бастамас бұрын науқаспен  тағайындалған дәрілерді ТҚП міндетті түрде қабылдау қажеттілігі туралы әңгіме жүргізіліп, науқас ақпарат алғаннан кейінгі ем қабылдауға берген келісіміне қол қояды (ТБ 14).

35. Емдеу барысында ай сайын науқастың салмағы өлшеніп, ТҚП мөлшері түзетіледі.

36. Осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада бірінші қатардағы ТҚП дәрілік түрлерi мен дозалары келтірілген.

37. Емдеу басталғанға дейін фертильді жастағы әйелдер ТҚП химиотерапия курсынан өту кезеңінде жүкті болмау туралы және контрацепцияның тиімді әсерлері туралы хабардар етіледі.

38. I санаттағы науқастарды емдеу:

1) қарқынды фаза туберкулез процесiнiң ауырлығы мен жайылуына сәйкес екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi. Емдеу басталғанға дейін туберкулез микобактерияларының ТҚП дәрілік сезімталдығын анықтау үшін қақырыққа себінді зерттеуі жүргізіледі;

2) емдеу науқастың салмағына сәйкес мөлшерде тағайындалған төрт ТҚП-мен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) немесе стрептомицин (S) басымдық этамбутолға беріледі. Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды;

3) екi ай аяқталғаннан кейін, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің қолдау фазасына ауыстыруға болады;

4) егер емнің екiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, қатты және сұйық қоректік орталардағы себінді зерттеу қайталанып,  ДСТ жүргізіледі де, емнің қолдау фазасы тағы бiр айға созылады;

5) емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің қолдау фазасына ауыстырылады;

6) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болып сақталса,  емнің қарқынды фазасы тағы бiр айға созылады;

7) емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің қолдау фазасына ауыстырылады;

8) егер емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса немесе бактерия бөлу қайтадан пайда болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген ем нәтижесі қойылады;

9) КДТ бірінші қатардағы ТҚП-ға сезімдалдық сақталған кезде науқас ІІ санаттағы режімде емделу үшін қайта тіркелді. Расталған полирезистенттілік болған кезде екінші қатардағы ТҚТ емдеу үшін IV санатқа ауыстырылды және оның емінің аяқталуы «IV санатқа ауыстырылды» деп анықталды

10) егер науқаста КДТ ТБ және ДАТ ТБ анықталып, дәлелденсе, онда науқас I санат бойынша ем тиімділігіне қарамастан, IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

11) қолдау фазасы төрт ай бойы екi дәрі - изониазид (Н) және рифампицинді (R) күнсайын (аптасына 3 рет) немесе күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі;

12) емдеу басталғанға дейін изониазидтке монорезистенттілік айқындалған кезде қолдау базасы этамбутолды қосумен жүргізіледі;

13)ТБ/АИТВ ко-инфекциясы бар науқастарға қолдаушы фаза күнделікті режімде жүргізіледі;

14) Аурудың ауыр жағдайлары кезінде қолдаушы фаза күнделікті немесе интермитацияланған режімде жеті айға дейін ұзартылуы мүмкін.

40. ТҚП ересектерге арналған тәуліктік мөлшері осы Нұсқаулыққа                      5-қосымшасына сәйкес анықталуы тиіс. 

41. КДТ ТБ растайтын ДСТ нәтижелерін алған кезде IV санатқа қайта тіркеу және екінші қатардағы ТҚП тағайындау туралы мәселені шешу үшін науқастың медициналық құжаттамасын 5 жұмыс күні үшінде ОДКК ұсынылады.

42. Туберкулезге шалдыққан АИТВ жұқтырған және жұқтырмаған науқастарды қарап-тексеру (анықтау, емдеу және бақылау) тәсілі және туберкулезге қарсы ем жүргізу  режімі бiрдей болып табылады.

43.Балалар мен жасөспiрiмдердегі туберкулезді емдеу схемалары ересектерді емдеу схемаларына ұқсайды.

44. Милиарлы туберкулез, туберкулезді менингит және сүйек-буын туберкулезіне шалдыққан балаларды емдеудің жалпы ұзақтығы 12 ай: I санаттағы науқастарды емдеудің қарқынды фазасы – 4 ай, қолдау фазасы – 8 ай; II санат бойынша емнің қарқынды фазасы – 5 ай, қолдау фазасы – 7 ай.

45. Балаларды емдеу схемасында стрептомицин туберкулезді менингитті емдеуде және II санат бойынша емдеу режімінде бастапқы 2 айда ғана қолданылады.

46. Өкпе және кеуде ішілік лимфа бездері туберкулезінің жайылған және асқынған түрлері (I және II санаттар) бар балаларды қарқынды емдеу фазасы стационарда жүргізіледі, оның ұзақтығын ОДКК емдеудің стандартты схемаларына сәйкес шешедi.

47. Балалар мен жасөспірімдерде оң динамика мен бактериоскопиялық және өсінді зерттеулердің теріс нәтижелерімен бірінші қатардағы ТҚП ем жүргізу барысында туберкулездің клиникалық-рентгенологиялық өршу белгілері болмаған кезде емнің одан әрі тәсілін айқындау үшін ұлттық деңгейдегі мамандардың сырттай немесе көзбе-көз консультациясы уақтылы жүргізіледі.

48. Туберкулездiң бактерия бөлусіз түрi анықталған балаларды емнің қолдау фазасына ауыстыру процестің рентгендiк-томографиялық динамикасына  негiзделеді.

49. Емнің қолдау фазасын стационарда, санаториялық немесе амбулаториялық жағдайда жүргізу қажеттігін ОДКК шешеді.

50. Балаларға емнің қолдаушы фазасы күнделікті режімде жүргізіледі.

51. Емдеу барысында ай сайын балалардың салмағы өлшеніп, ТҚП фазасы түзетіледі.

52. 18 жасқа дейінгі балалардағы туберкулезді I және II  санат режіміндегі бір құрамды туберкулезге қарсы препараттармен емдеу кезіндегі стандартты схемалар мен туберкулезге қарсы препараттың тәулiктiк дозасы осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес тағайындалады.

53. Туберкулезге қарсы терапия үзiлген кезде осы Нұсқаулыққа                            7-қосымшаға сәйкес шаралар қолданылады.

54. Патогенетикалық терапия химиотерапияның негізгі курсының аясында туберкулез процесінің фазасына, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге сәйкес жүргiзiледі.

55. Туберкулезбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеу ем курсы аяқталғанға дейін фтизиохирургтың консультациясынан кейiн айғақтар бойынша жүргiзiледi.

56. Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеу туберкулезді процестің асқынулары болған кезде емнің қарқынды фазасында жүргізіледі.

57. Туберкулезбен ауыратын науқастар емінің аяқталуы:

ТМБ изониазид пен рифампицинге сезiмталдығы сақталған жағдайда, ДСТ нәтижелері белгісіз болса немесе полирезистенттілік анықталып,  емнің 5-айында және одан кейiн қақырық микроскопиясы оң нәтижелi болса;

қақырық жағындысының конверсиясынан кейін бактерия бөлу қайта жаңарса;

басында теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы емнің қарқынды кезеңінің соңында оң болып, МТБ изониазид пен рифампицинге сезiмталдығы сақталса, ДСТ нәтижелері белгісіз болса және полирезистенттілік анықталса;

басында теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы емнің қолдау сатысында оң болса, ДСТ нәтижесінің қандай болғанына қарамастан;

            58. Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар мен бактерия бөлусіз өкпе туберкулезi бар балаларда «сәтсiз ем» нәтижесі клиникалық-рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысына негізделеді.

            59. Емнiң табыстылығы – ем нәтижелері «жазылды» және «ем аяқталды» деп тіркелген  жағдайлардың саны.

            60. Туберкулез бойынша есепке алу-есеп беру құжаттары осы Нұсқаулыққа   8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.



6. Туберкулезбен ауыратын науқастарды стационарлық емдеу

61. Туберкулезге қарсы стационарларда науқастарды қақырық жағындысының микроскопиясы, ДСТ нәтижелері мен тағайындалған ем режіміне (бұдан әрі - эпидемиологиялық мәртебесіне) сәйкес келесі бейінді бөлімшелерге бөліп жатқызуды қамтамасыз ету керек:  

Бактерия бөлуші науқастарға арналған әрбір бөлімше эпидемиологиялық мәртебе аудандастырылады. Дәріге сезімталдық мәртебесі белгісіз бактерия бөлуші  науқастар ДСТ нәтижесі анықталғанға дейін бір орындық палатада оқшауланады.

62. Облыстық және республикалық деңгейде негізінен КДТ ТБ және  ДАТ ТБ шалдыққан науқастар ауруханаға жатқызылады.

63. Ауданаралық туберкулезге қарсы ұйымдарға жатқызу негізгі патология бейініне сәйкес жүргізіледі.

64. ТҚҰ клиникалық бөлімшелері ТҚПдәріханалық қоймадан аптасына           1 рет алады және дәрілердің кем дегенде 3 күндік шығын мөлшері мен 14 күнтізбелік күндік шығын мөлшерінен аспайтын тұрақты қоры болуы тиіс.  

65. Облыстық (өңірлік, қалалық) деңгейдегі ТҚҰ ТҚП кем дегенде 3 айлық шығын мөлшеріне сәйкес  тұрақты қоры (резервті қоры) болуы тиіс.  

7. Туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаториялық емдеуді ұйымдастыру 

 

66. Амбулаториялық емдеу ТҚҰ диспансерлік бөлімдерінде, МСАК ұйымдарында немесе стационарды алмастыратын технологиялар жағдайында жүргізіледі.



68. Бастапқыда бактерия бөлген науқастар кемінде 10 күнтізбелік күн интервалымен алынған кезеңділік микроскопиясының екі теріс нәтижесі алынғаннан кейін амбулаториялық емге ауыстырылады.

69. Бактерия бөлінетін науқас стационарлық емдеуден мүлдем бас тартқан кезде оған инфекциялық бақылау шараларын сақтау туралы хабардар ете отырып, қақырық жақпасының конверсиясына қал жеткізгенге дейін үйде бақыланатын ем ұйымдастырылады.

70.  МСАК ұйымдары айына 1 рет аумақтық ТҚҰ-дан туберкулезге қарсы препараттар (бұдан әрі – ТҚП) алады және кемінде 7 күндік шығыстық препараттардың тұрақты ең төменгі қоры болады. Науқастарды амбулаториялық бақыланатын емдеуде ТҚП есепке алу және жұмсау ТҚП                (ТБ 12) тіркеу журналында тіркеледі. ТҚП қозғалысы туралы есеп (ТБ 13) ай сайын  ТҚҰ-ға ұсынылады.

71.  Амбулаториялық емге ауыстырғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын бөлінген режімде ТҚП қабылдайтын науқас 5-топтың ТҚП қоспағанда бір реттік қабылдауға ауыстырылады.

72. Науқасты амбулаториялық емдеуге ауыстырғанға дейін 10 күнтізбелік күн ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі емдеуді жалғастыру жағдайы: ҮБЕ өткізу орны, ТҚП болуы, жанама әсерлерді диагностикалау және емдеу мүмкіндігі, әлеуметтік көмек көрсету түрі туралы ақпаратты нақтылайды.

73. Амбулаториялық емдеуге жіберу кезінде ТҚҰ немесе МСАК ҮБЕ кабинетіне ТБ01 немесе IV санатындағы ТБ 01 картасы беріледі.

74. МСАК химизаторы дәрігерді амбулаториялық емге алғаш келген туберкулезбен ауыратын науқас туралы хабардар етеді.

75. 10 күнтізбелік күнде кемінде 1 рет арнайы ем алатын туберкулезбен ауыратын науқастарды айғақтар бойынша – ТҚҰ немесе МСАК ұйымдарының учаскелік дәрігерлер тікелей-бақылау емдеу жүргізу орнына қарамастан жиі қарап, тексереді.

76. ТҚҰ немесе МСАК ұйымдарының диспансерлік бөлімшелерінде арнайы ем алатын туберкулезбен ауыратын науқастардың ТҚП жанама әсерлері мен қосалқы ауруларының себебі бойынша симптоматикалық және патогенетикалық емдеу жағдайлары көзделген.

77. Жоғары қауіп тобының туберкулезбен ауыратын науқастарына барлық емдеу курсы бойы психоәлеуметтік қолдау көрсетіледі.



8. Диспансерлiк есепке алуды ұйымдастыру

78. Диспансерлiк есепке алу және бақылау төмендегi топтар бойынша жүргізіледі:

79.(0) топта төмендегілер бақыланады:

80. 0 топта бақыланатын адамдарға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық,  аспаптармен қарап тексеру және басқа да зерттеу әдістері, туберкулинмен диагноз қоюды  қоса жүргiзiледi (2 ТБ (туберкулин бірлікті) Манту сынамасы оң нәтижелі болған балаларда «ДИАСКИНТЕСТ®» қолданылады). Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулездің белсенділігі басқа клиникалық-зертханалық әдістерімен дәлелденеді.

81. 0 топта бақыланатын адамдарға ТҚП қолдануға тыйым салынған.  Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсендігі түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. ТМБ жұғуы салдарынан туберкулин сынамасының нәтижесі оң болса, бала III Б тобына ауыстырылады. 

82. I топта кез келген ағзада шоғырланған белсенді туберкулезі бар бактерия бөлетiн не бөлмейтiн науқастар бақыланады:

«емнің сәтсіздігімен» аяқталған екінші және/немесе үшінші қатардағы ТҚП емдеу курсын аяқтағандар;

ТҚП толық көнбейтіндігінің нәтижесінде «емнің сәтсіздігі» емінің аяқталуы бар бактерия бөлінетін науқастар.

83. ОДКК бактерия бөлінудің тоқтауы туралы қорытындысынан кейін науқас бактерия бөлуші ретінде эпидемиологиялық есептен алынады.

          84. IА, IБ және IВ топтарында бақыланатын науқастарға санаттарына сәйкес стандартты кестелер бойынша ем жүргiзiледi. Туберкулезге шалдыққан науқастарды диспансерлік бақылау (топтардың сипаттамасы, бақылау мерзімі, қажетті шаралар мен нәтижелері) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.  Емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.

85. I Г тобында бақыланатын науқастарға ТҚП ем жүргізілмейді. Көрсеткіштеріге сәйкес симптоматикалық (патогенетикалық) ем, коллапсотерапия мен  хирургиялық ем әдiстерiн қоса, қолданылады.

86.  II топта ем курсы сәттi аяқталған туберкулездің белсенділігі жоқ адамдар бақыланады.

87. Туберкулез  процесінің рецидиві туындаған кезде науқас алдыңғы емдеу эпизодына қарамастан I Б немесе I В ДЕ тобына ауыстырылады.

88. III топта туберкулезбен аурудың жоғары қаупі бар адамдар байқалады және мынадай топтарға бөлiнедi:

1) III А:

туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан науқастармен қарым-қатынастағы адамдар;

туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан бактерия бөлуші/бөлмейтін

89. Туберкулезге шалдыққан науқастардың нақты тұратын мекенжайы,  оқу орны, әскери қызметін өтеу орны, түзету мекемесiнде болуы ескеріле  отырып, ТҚҰ есепке және диспансерлік бақылауға алынады (тұрақты тіркелген мекенжайына қатыссыз).

90.  Науқастың мекенжайы өзгерген жағдайда, оның жаңа мекенжайы бойынша бақылайтын фтизиатр дәрігер науқасты күнтізбелік 10 күнтізбелік күн iшiнде ДЕ тіркейді.

91. Науқас 1 жыл бойы диспансерлік бақылаудан қол үзген болса және де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары берген науқасты іздестіру сәтсіз болды деген құжаттар негізінде  ТҚҰ диспансерлік бақылаудан шығарады.



9. Туберкулезбен аурып тұрған адамдарды

жұмыс істеуге және оқу оқуға жіберу тәртібі

92. Туберкулезге шалдыққан науқастарға жұмыс істеуге және оқуға рұқсат беру туралы медициналық қорытындыны ТҚҰ ОДКК береді.

93. Туберкулезге шалдыққан мынадай науқастарға оқуға  немесе жұмыс істеуге рұқсат берiледi:

94. Ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі), арнайы мемлекеттік органдардың (Ұлттық Қауiпсiздiк Комитеті, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғау қызметі) жұмыскерлері мен қызметкерлері, I, II және IV санаттарының режімінде емдеудiң толық курсын «Жазылды» немесе «Ем аяқталды» деген ем нәтижесімен сәттi аяқтағандарОДКК шешімінің негізінде жұмысқа жіберіледі.

 

10. 2 ТБ туберкулинді Манту сынамасы

95. Манту сынамасын жүргізу мақсаты:

1) МТБ алғаш рет жұқтырғандарды және туберкулинге гиперергиялық реакциясы бар  балалар мен жасөспірімдерді анықтау;

2) БЦЖ вакцинасы мен ревакцинасына  контингентті іріктеу;

3) ауруды ерте анықтау үшін.

96. Манту сынамасының нәтижесі 72 сағаттан кейін инфильтрат (папула) көлемінің қанша  миллиметр (бұдан әрі – мм) екендігін миллиметрлік бөліктері бар сызғышпен өлшеп, білек осіне көлденең жатқан көлемін тіркеу арқылы бағаланады. Инфильтрат болмаған жағдайда гиперемия/қызару көлемі өлшеніп, тіркеледі.

97. Жоспарлы тері ішілік БЦЖ вакцинациясы (ревакцинациясы) жағдайында туберкулинді Манту сынамасы инфекциялық аллергияны да, вакцинадан кейінгі аллергияны да анықтайды. Сараланған диагностика кезінде аллергия сипаты мынадай кешенде ескеріледі:

1) оң туберкулинді реакцияның қарқындылығы;

2) вакцинадан кейінгі тыртықтардың болуы және көлемі;

3) БЦЖ еккенен кейін өткен мерзім (вакцинадан кейінгі 5 жыл ішінде вакцинадан соң аллергия болуы мүмкін);

4) туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынастың болу-болмауы;

5) аурудың клиникалық белгілерінің болуы.

98. Вакцинадан кейінгі аллергияға күмәнді немесе папулакөлемі              5-11 мм оң реакцияларды сипаттайды.

99. Гиперергиялық реакциялар вакцинадан кейінгі аллергияға жатпайды.

100. Туберкулинге сезімталдық түрін ажыратуда қиындықтар болған кезде, парааллергиялық реацияларды анықтау үшін балалар фтизиатры-дәрігернің бақылауымен («0» диспансерлік есеп тобында) жалпы тәжірибе мамандары балаларда емдеу-профилактикалық іс-шараларды міндетті түрде жүргізуі тиіс (гипосенсибилизация, инфекция ошақтарын санациялау, дегельминтизация – созылмалы аурулар кезінде ремиссия кезеңіне жеткенге дейін). Туберкулинге сезімталдық этиологиясын ажырату мақсатында сараланған диагностика жүргізу кезінде ТҚҰ баланың екінші білегіне  «ДИАСКИНТЕСТ®» жасалады. ТМБ жұққандар қатарына 2 ТБ Манту сынамасына сезімталдық динамикасы туралы сенімді ақпарат анықталған мына балалар жатқызылады:

1) алғаш рет анықталған оң реакция (көлемі 5 мм және одан үлкен папула), БЦЖ вакцинасымен иммундаумен байланыссыз (туберкулин сынамасының виражы);

2) тұрақты (4-5 жыл бойы) сақталатын көлемі 12 мм және одан үлкен көлемді инфильтрат түріндегі реакция;

3) 1 жыл ішінде туберкулинге сезімталдықтың күрт күшеюі (6 мм және одан астам) (туберкулин сынамасы  оң әсері бар балаларда).

101. 2 ТБ Манту сынамасы бойынша алғаш рет анықталған оң және гиперергиялық туберкулинді реакциясы бар балалар фтизиатры-дәрігеріне толық қаралып тексерілуге жіберіледі. Туберкулинге оң реакциясы бар балаларды толық қарап тексеру кезеңі 1 айдан аспауы тиіс.

102. ТҚҰ балаларға ТМБ қосымша жұғуының алдын алу мақсатында балалар фтизиатры-дәрігері балалар емханасы жағдайында консультация жүргізеді.

103. «ДИАСКИНТЕСТ®»препараты 2 ТБ Манту сынамасы оң болған жағдайда ТҚҰ ғана қолданылады:

туберкулез  инфекциясын анықтау үшін;

  туберкулезді басқа туберкулезді емес аурулардан саралап диагностикалау

үшін;


вацинадан кейінгі және инфекциялық аллергияны саралап диагностикалау

үшін;


туберкулез процесінің белсенділігін анықтау үшін.

104. «ДИАСКИНТЕСТ®»БЦЖ ревакцинасына (вакцинасына) балаларды іріктеу үшін қолданылмайды.

105. Манту сынамасы мен «ДИАСКИНТЕСТ®» реакциялары:

теріс – инфильтраттың және гиперемия ның болмауы немесе «инемен шаншу реакциясының» болуы;

күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе  кез-келген  көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана анықталса;

оң – 5 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат анықталса;

гиперергиялық –15 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат немесе везикула-некроздық өзгерістер және/немесе  лимфангоит, лимфаденит анықталса, инфильтрат көлемі есепке алынбайды.

106. «ДИАСКИНТЕСТ®»бойынша алғаш рет оң (нормергиялық және гиперергиялық) реакция анықталған балада шоғырланған туберкулез анықталмаған жағдайда оған «туберкулез микобактерияларының жұғуы, алғаш рет анықталған» диагнозы қойылып, химиопрофилактикалық ем тағайындалады.

107. 2 ТБ Манту сынамасы алғаш рет оң және гиперергиялық болған балаларда «ДИАСКИНТЕСТ®» нәтижесі теріс болған жағдайда олар III ДЕ тобына бақылауға алынады, бірақ оларға химиопрофилактикалық ем жүргізілмейді.

108. «Туберкулез микобактерияларын жұқтыру, алғаш рет анықталған» диагнозы қойылған балалар III ДЕ тобына бақылауға алынады.

109. Туберкулинге және/немесе «ДИАСКИНТЕСТ®»-ке қайтадан гиперергиялық реакциясы бар балалар шоғырланған туберкулезді процесті анықтау мақсатында жан-жақты қарап тексеріледі. Шоғырланған туберкулезді өзгерістер анықталмаған жағдайда, мұндай балалар диспансерлік есепке алуға және қайтадан химиопрофилактика жүргізуге жатпайды. 

110.  2 ТБ Манту сынамасын бойынша қарап тексеруге мына балалар жатады:

         «қауіп» тобындағы балалар,

         туберкулез ошақтарынана шыққан балалар мен жасөспірімдер,

         вакцинация және ревакцинация алдындағы 2 айдан асқан балалар.

111. Туберкулезбен ауыру бойынша «қауіп» тобына:

         әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан (табысы аз және көп балалы, ата-анасы – жұмыссыздар, бас бостандығынан айыру орнынан шыққандар, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетіндер, АИТВ-жұқтырғандар, тұрақты мекенжайы жоқтар, мигранттар);

        жөтелі ұзақ (2 аптадан астам) және үдемелі интоксикация белгілері (субфебрилитет, тершеңдік, тәбеті мен дене салмағының төмендеуі, ашушаңдық, әлсіздік және т.с.с.)  бар амбулаториялық немесе стационарлық емдеуде жатқан;

        әртүрлі аурулармен педиатрда диспансерлік есепте тұрған;

        жабық оқу орындарының (мектеп-интернаттар, мүгедек балалар мен жас қылмыскерлерге арналған арнайы мектептер)  контингенті;

       БЦЖ вакцинациясы жасалмаған және вакцинадан кейінгі тыртық пайда болмаған;

       иммунносупрессивті ем қабылдап жүрген балалар  (глюкокортикоидтар, иммунодепрессанттар, цитостатиктер, гендік-инженерлік  биологиялық препараттар) жатады.

112. Учаскелік педиатр,  жалпы тәжірибе дәрігері (бұдан әрі – ЖТД) баланың даму тарихнамасына (№ 112/е үлгісі) эпикриз толтырады - қауіп факторын көрсете отырып, баланы туберкулез бойынша «қауіп» тобына алуды дәлелдеу. Қауіп тобын учаскелік педиатр (ЖТД) қызмет көрсететін барлық балаларға қалыптастырады. 

113. ТБ шалдыққан науқаспен қарым-қатынастағы, алғаш рет тексергенде 2 ТБ Манту сынамасы теріс нәтижелі болған балаларға  сынама 8-10 аптадан кейін қайта жасалады.

114. БЦЖ ревакциянациясына балаларды іріктеу мақсатында 2 ТБ Манту сынамасы 6 жастағы балаларға (1-сынып)  мектепте, оқу жылының бірінші айында (қыркүйек)  жасалады. Бұл айда мектепте басқа екпелерді жүргізу уақытша тоқтатылады. Манту сынамасы алдындағы екі айлық үзіліс кезеңін сақтау мақсатында, АДС және ККП вакциналарының ревакцинациясы оқу жылына дейін екі ай бұрын жасалады.

115. 2 ТБ Манту сынамасы мен «ДИАСКИНТЕСТ®» арнайы оқытылған медицина қызметкерлері жасайды.

116. Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектеп, мектепке дейінгі мекеме) арнайы оқытылған медицина қызметкерлері болмаған жағдайда туберкулинмен диагноз қоюды емхана мейіргері жүргізеді, балалар мекемелеріне бару кестесі  мен құрамы МСАК ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.

117. Ерте шақтағы және мектеп жасына дейінгі ұйымдаспаған балаларға 2 ТБ Манту сынамасын МСАК мекемелерінде жасалады.

118. «Туберкулез микобактерияларының жұғуы, алғаш рет анықталған» диагнозы қойылған балаларға басқа профилактикалық екпелер бақылаулы химиопрофилактика курсы аяқталған соң жасалады.

119. ТҚҰ балалар фтизиатр-дәрігері Манту сынамасы мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®» жүргізуге әдістемелік басшылық етеді.

120. Манту сынамасы мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®» нәтижелері профилактикалық екпелер картасына (№ 063/е үлгісі), баланың медициналық картасына (№ 026/е үлгісі), баланың даму тарихнамасына (№112/е үлгісі) тіркеледі және де төмендегілер жазылады:

стандартты туберкулин мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®»-ті  шығарған

мекеме, сериясы, бақылау нөмірі мен оның жарамдық мерзімі;

туберкулин сынамасы мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®»-ті жүргізген күн;

Манту сынамасы мен/және «ДИАСКИНТЕСТ®»-тің нәтижесі фильтрат

немесе гиперемияның көлемін миллиметрмен өлшеу  арқылы жазылады, ал инфильтрат және гиперемия болмаса – теріс деп тіркеледі.

121. Манту сынамасы мен  «ДИАСКИНТЕСТ®» жүргізудің қарсы көрсеткіштері:

туберкулинді дербес көтере алмаушылығы (абсолютті);

жедел және созылмалы жұқпалы аурулар (өршу кезеңі) және соматикалық аурулар, туберкулез ауруына күдік тудыратын жағдайлардан басқа;

жайылған тері аурулары;

аллергиялық жағдайлар (өршу кезеңі);

эпилепсия.

122. Аурудың барлық клиникалық белгілері басылғаннан кейін екі айдан соң Манту сынамасын жүргізуге болады.

123. Манту сынамасын жүргізбес бұрын дәрігер (мейіргер) қарсы көрсеткіштерді анықтау мақсатында медициналық құжаттармен танысып, сынама жүргізілетін балаларға сұрақ қойып, оларды қарап тексереді.

124. Балалар инфекциясы бойынша карантин жарияланған балалар ұжымында Манту сынамасы мен  «ДИАСКИНТЕСТ®»жүргізуге болмайды  (карантин аяқталған соң жасалады).

125. «Қауіп» тобындағыларға туберкулин диагностикасы әртүрлі жұқпаларға қарсы профилактикалық екпелерді жүргізуге дейін жоспарланады.

126. «Қауіп» тобындағыларда Манту сынамасы қандай да бір себептермен әртүрлі профилактикалық екпелерді жүргізгеннен кейін жасалған жағдайларда,  туберкулинмен диагноз қою екпелерден кейін екі айдан соң жүргізіледі.

127. Туберкулинді Манту сынамасы мен/немесе «ДИАСКИНТЕСТ®»-ті үйде жасауға болмайды.

128. Туберкулез ошақтарындағы балаларға Манту сынамасы және/немесе «ДИАСКИНТЕСТ®» туберкулезге қарсы күрес жүргізу ұйымдарында жасалады.

129. АИТВ-инфекциясы  бар балалар мен жасөспірімдердегі теріс немесе күмәнді  Манту реакциясы ТМБ жұғуының ғана емес, белсенді туберкулез процесінің болуын да жоққа шығармайды. Сондықтанда АИТВ-инфекциясы  бар балаларға Манту сынамасы жасалмайды.

130.  Манту сынамасы алғаш рет оң не гипререгиялық болған балаларға аурудың кімнен жұққандығын анықтау мақсатында олардың ата-анасы мен бірге тұратын барлық адамдар туберкулезге тексеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет