БҰйрықТЫҢ толық ҚҰрамы жалпы ережелер


 IVсанаттағы науқастардың ем нәтижесін тіркеу



бет4/4
Дата31.03.2018
өлшемі0,66 Mb.
#39925
1   2   3   4

16. IVсанаттағы науқастардың ем нәтижесін тіркеу

217. IVсанаттағы науқастардың ем нәтижесін тіркеу:

1) сауықты/жазылды:

IV кесте бойынша емнің толық курсын аяқтаған және емнің соңғы 15 айы ішінде  3 ай сайын жүргізілген қақырық жағындысының нәтижелері  қатарынан кем дегенде бес рет теріс болған науқас;

IV кесте бойынша емнің толық курсын аяқтаған, емнің соңғы 15 айы ішінде егу әдісінің нәтижесі бір рет оң болған, бірақ аурудың клиникалық-рентгенологиялық  нашарлау белгілері анықталмаған және кейіннен 3 ай сайын жүргізілген қақырық жағындысының нәтижелері қатарынан 3 рет теріс болған науқас;

ДАТ ТБ бойынша ем курсын толық аяқтаған  және емнің соңғы 21 айы ішінде  3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері қатарынан кем дегенде жеті рет теріс болған науқас;

ДАТ ТБ бойынша ем курсын толық аяқтаған, емнің соңғы 21 айы ішінде   егу әдісінің нәтижесі бір рет оң болған, бірақ аурудың клиникалық-рентгенологиялық  нашарлау белгілері анықталмаған және кейіннен 3 ай сайын жүргізілген қақырық жағындысының нәтижелері қатарынан 5 рет теріс болған науқас;

емнің 0 айында қақырық микроскопиясы теріс нәтижелі болған, бірақ  микроскопияның алдыңғы нәтижелері бойынша бактерия бөлуші науқаста ем барысында «сауықты» деген ем нәтижесін анықтауға жеткілікті  егу әдісінің теріс нәтижелері болған жағдайда;

2) ем аяқталды - IV кесте және ДАТ ТБ бойынша емнің толық курсын аяқтаған, бірақ  «сауықты» немесе  «сәтсіз ем» анықтамаларына сәйкес келмейтін науқас;

3) сәтсіз ем:

IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы  15 айы ішінде жүргізілген  қақырықты қақырық жағындысының 5 нәтижесінің кем дегенде екеуі немесе емдеудің осы уақыты ішінде жүргізілген соңғы үш  культуральдық әдістің кез-келген біреуі оң болған жағдайда;

IV кесте бойынша 10 ай бойы ем қабылдаған науқаста микроскопия немесе культуральдық әдіс бойынша бактерия бөлу сақталса;

IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан науқаста соңғы 12 ай ішінде микроскопия әдісімен қақырық конверсиясы анықталмаса;

IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан науқаста ТҚП барлығын қабылдай алмау салдарынан  емді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда;

ДАТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 21 айы ішінде 7 рет жүргізілген қақырық жағындысының нәтижелерінің кем дегенде екеуі немесе емдеудің осы уақыты ішінде жүргізілген соңғы үш  культуральдық әдістің кез-келген біреуі оң болған жағдайда;

ДАТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 21 айы ішінде  7 рет жүргізілген қақырық жағындысы нәтижелерінің кем дегенде екеуі оң болған жағдайда;

ДАТ ТБ бойынша 15 ай бойы ем қабылдап жатқан науқаста микроскопия не жағынды бойынша бактерия бөлу сақталса;

ДАТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқаста ТҚП барлығын қабылдай алмау салдарынан  емді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда;

4) қайтыс болды - IV кесте және ДАТ ТБ бойынша ем барысында кез-келген себептен қайтыс болған науқас;

5) ем тәртібін бұзды  - IV кесте және ДАТ ТБ бойынша емді екі не одан да көп айға үзген науқас;

6) ауыстырылды – осы емдеу мекемесінен басқа мекемеге кетіп, IV кесте және ДАТ ТБ бойынша ем нәтижесі белгісіз науқас. «Ауыстырылды» деген ем нәтижесі ТБ 09 үлгісінің жыртылмалы түбіршігі бар және қабылдап алған жақта науқастың диспансерлік есепке алынып, емін жалғастырғаны құжатталған жағдайда ғана қойылады. Бұл ем нәтижесі аралық болып есептеледі және емдеу мерзімі аяқталғаннан кейін емнің түпкілікті нәтижесі анықталуы тиіс.

КДТ ТБ екінші қатардағы ТҚП емдеу тиімділігінің индикаторлары: емнің 9-айында микроскопия және культуральдық әдіспен бактерия бөлуші өкпелік туберкулезі бар науқастардың 85% конверсияға қол жеткізу, емнің сәтті/табысты болу көрсеткіші – КДТ ТБ барлық жағдайларының 75%-да.



17. IVсанаттағы науқастарды диспансерлік бақылау тәртібі

218. IVсанатта IV кесте және ДАТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқастар IВ диспансерлік есеп тобында бақыланады.

219. Арнайы ем жүргізілмейтін  IVсанат науқастары IГ диспансерлік есеп тобында бақыланады.

220. 1Г диспансерлік есеп тобында бақыланатын IV санаттағы науқастарға ТҚП ем жүргізу көрсетілмеген.

221. 1Г диспансерлік есеп тобында бақыланатын IV санаттағы науқастарға симптоматикалық ем, негізгі дерттің және қосарласқан аурулардың  асқынуларын емдеу арнайы стационарларда жүргізіледі.

222. 1Г диспансерлік есеп тобында бақыланатын IV санаттағы науқастарды Тұтынушылардың құқығын қорғау Департаментінің  эпидемиологы мен дәрігер-фтизиатрдың қорытындысы бойынша, тұрмыс жағдайын ескере отырып, Амбулаториялыққ жағдайда бақылауға болады (ауаны табиғи желдету мүмкіндігі бар жеке тұратын үйінің болуы, бірге тұратын балалар мен жүкті әйелдердің болмауы).

223. 1Г диспансерлік есеп тобында бақыланатын IV санаттағы науқастарда қақырық микроскопиясы мен культуральдық әдіс жарты жылда кем дегенде 1 рет жүргізіледі.

224. 1Г диспансерлік есеп тобында бақыланатын IV санаттағы науқастарда жалпы клиникалық талдамалар, рентгенмен тексеру  және аспапты тексерудің басқа түрлері  көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі.

225. IV кесте және ДАТ ТБ бойынша емнің толық курсын аяқтап, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі анықталған науқастар  II диспансерлік есеп тобына ауыстырылып, екі жыл бойы бақылауда болады.

226. IVсанаттағы науқастар әлеуметтік қорғау мен көмекке мұқтаж.

227. IVсанаттағы  науқастар емнің толық курсы (емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдері) барысында лайықты мүгедектік тобын белгіленген мерзім ішінде алуға құқылы.

228. Патогенетикалық ем химиотерапиялық емнің негізгі курсы аясында туберкулез процесінің сатасына, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге  сәйкес жүргізіледі.

229. IV кесте және ДАТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқастар тәулігіне 5 рет тамақтанып және де тағам құнарлығы 6 мың ккал кем болмауы тиіс.

230. КДТ ТБ және ДАТ ТБ бар науқастарды хирургиялық емдеу IVсанат бойынша емдеу фонында, арнайы үрдістің тұрақталғанда,   емнің қарқынды кезеңінде дәрігер-фтизиохирургтың консультациясынан кейін көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі. Дәрігер-фтизиохирургтың кеңесі ДАТ ТБ бар арнайы ем алып жатқан барлық науқастарға ем алдында және ем барысында көрсетілген.

231. ТҚП жанама әсерлерінің алдын алу IV кесте және ДАТ ТБ бойынша емнің толық курсы (емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдері) барысында жүрізіледі:

18. Туберкулез ауруын зертханалық анықтау туралы

       232. Зертханалық қызметтің құрылымы МСАК және ТҚҰ зертханаларының жүйесінен тұрады және олар атқаратын міндеті мен қызметтеріне сәйкес үш деңгейге бөлінеді:

      1) I деңгей – МСАК жүйесі мен ТҚҰ перифериялық/шеткі аймақтағы  (аудандық) зертханалар;

      2) II деңгей – ТҚҰ облыстық/аймақтық зертханалар;

      3) III деңгей, ұлттық – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Туберкулез мәселелерінің Ұлттық орталығындағы Ұлттық референс-зертхана  (бұдан әрі – ҰРЗ).

      233. I деңгейдегі зертханалар:

Аудандық деңгейдегі зертханалар жүйесі бактериоскопиялық зертханалар мен себу орындарынан құрылған. Аудандық деңгейдегі зертханалардың негізгі міндеттері:

жағынды микроскопиясы;

 Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасына себу;

 зертханалық тексерулердің сапасын сырттай бағалау жүйесіне қатысу.

     234. II деңгейдегі зертханалар:    

 II деңгейдегі бактериологиялық зертханалар – бұл облыстық, аймақтық және қалалық ТҚҰ зертханалары. II деңгейдегі зертханалардың міндеттеріне I деңгейдегі зертханалардың барлық міндеттері мен қызметтері жатады  және оған қосымша:

I деңгейдегі зертханалардың жұмыс сапасын сырттай  бағалау;

I деңгейдегі зертханалар үшін мамандарды даярлау;

I деңгейдегі зертханаларға қажетті шығын материалдары, реагенттер мен жабдықтардың жылдық мөлшерін анықтау;

қатты және сұйық қоректік орталарда культуральдық зерттеулер жүргізу;

қатты және сұйық қоректік орталарда ТМБ штаммдарының ДСТ жүргізу;

молекулалы-генетикалық технологиялардың (GenoTypeMTB®DR, Xpert MTB/RIF) көмегімен туберкулезді жедел анықтау;

I деңгейдегі бактериологиялық зертханаларға бақылау жүргізу.

         235. III деңгейдегі зертхана:

ҰРЗ негізгі міндеттері мен қызметтері: 

I және II деңгейдегі зертханалардың жұмысын ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес үйлестіру;

бактериологиялық зерттеулер жүргізу;

ҚР зертханалар жүйесінің жұмыс сапасын сырттай бақылауды қамтамасыз ету;

жүргізілген зерттеулер бойынша есеп беру мәліметтеріне сараптама жасау;

қажетті зертханалық жабдықтардың тізімін спецификацияларға сәйкес құрастырып, негіздеу;

микробиологиялық зерттеулердің сапасын сырттай бағалау мәселесі бойынша  супранациональді референс-зертханамен өзара әрекеттесу;

ғылыми-практикалық және операциялық зерттеулер жүргізу;

туберкулез бойынша зертханалық зерттеу жобаларына сараптама жасау;

Қазақстан Репсубликасы Денсаулық сақтау Министрлігіне клиникалық-диагностикалық зертханалардың туберкулезді анықтау бойынша қызметін жетілдіру мақсатында ұсыныс жасаужәне сараптамалық қорытынды беру; 

зертхана қызметкерлерін оқыту;

ТҚҰ зертханаларындағы қызметкерлердің біліктілік деңгейін бақылау (біліктілігін арттыру, мамандарды дайындай және қайта дайындау);

I және II деңгейдегі бактериологиялық зертханаларға бақылау жүргізу;

зертханалық тексерулер бойынша, Қазақстан Республикасы аумағында таралған ТМБ штаммдарының дәрілерге төзімділігінің деңгейі туралы ақпаратты тұрақты түрде жинап, статистикалық мәліметтерге сараптама жасау;

нормативті және әдістемелік құжаттарды, есепке алу-есеп беру үлгілерін сараптау және әзірлеу;

микробиологиялық зерттеулердің сапасын зертханаішілік бақылауды жүйелі түрде жүргізу және әдістерін жетілдіру;

туберкулез ауруын анықтаудың жаңа зертханалық әдістерін дайындау, сынау және тәжірибеде қолданысқа енгізу.

236. Туберкулез ауруын зертханалық дәлелдеу материалды алған уақыттан бастап зертханаға жеткізген уақыт ұзақтығына және  ем санаты мен емделу мерзіміне байланысты осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ+); патологиялық материал ≤ 4 күн» атты 15-қосымшадағы зерттеу алгоритміне сәйкес жүргізіледі. 

237. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпелік түрі, ҚТБ+) қақырық жиналғаннан кейін 4 тәулік ішінде зертханаға жеткізілген жағдайда төмендегілерден тұрады:

диагностика қақырық жағындысының микроскопиясынан басталады

(3 үлгі);

егер қақырық микроскопиясының нәтижелері оң болса, құрамында ең көп мөлшерде ҚТБ анықталған үлгі тест жүргізу үшін таңдалып алынады.  Материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 1 түтікке және   сұйық қоректік ортасы бар (MGIT) 1 түтікке себіледі, сонымен қатар Geno Type®MTBDR plus немесе Xpert MTB/RIF (Хайн-тест болмаған жағдайларды) жасалады. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ+); патологиялық материал ≤ 4 күн» атты 15-қосымшаға                (№ 1 схемаға)  сәйкес жүргізіледі.  

238. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпелік түрі, ҚТБ-). Тестілеу үшін материалдың ең сапалы үлгісі таңдалады. Материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 1 түтікке және   сұйық қоректік ортасы бар (MGIT) 1 түтікке себіледі де, Xpert MTB/RIF жүргізіледі. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ-); патологиялық материал ≤ 4 күн» атты  15-қосымшаға  (№ 3 схемаға)  сәйкес жүргізіледі.

239. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпелік түрі) қақырық жиналғаннан 4 тәулік асқан соң зертханаға жеткізілген жағдайда төмендегілерден тұрады:

 диагностика қақырық жағындысының микроскопиясынан басталады

(3 үлгі);

егер қақырық микроскопиясының нәтижелері оң болса, құрамында ең көп мөлшерде ҚТБ анықталған үлгі тест жүргізу үшін таңдалып алынады.  Материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 2 түтікке себіледі, сонымен қатар Geno Type®MTBDR plus немесе Xpert MTB/RIF (Хайн-тест болмаған жағдайларды) жасалады. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ+); патологиялық материал > 4 күн» атты  13-қосымшаға  (№ 2 схемаға)  сәйкес жүргізіледі;

 егер қақырық микроскопиясының нәтижелері теріс болса, тестілеу үшін материалдың ең сапалы үлгісі таңдалады. Материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 1 түтікке себіледі де, Xpert MTB/RIF жүргізіледі. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ-); патологиялық материал > 4 күн» атты  15-қосымшаға  (№ 4 схемаға)  сәйкес жүргізіледі.

240. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпеден тыс түрі) патологиялық материал жиналғаннан кейін 4 тәулік ішінде зертханаға жеткізілген жағдайда:

жағынды микроскопиясы жасалып;

материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 1 түтікке және   сұйық қоректік ортасы бар (MGIT) 1 түтікке себіледі де, сонымен қатар Xpert MTB/RIF жүргізіледі.  Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика, өкпеден тыс түрі» атты 15-қосымшаға № 5 схемаға сәйкес жүргізіледі.

241. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпеден тыс түрі) патологиялық материал жиналғаннан 4 тәулік асқан соң зертханаға жеткізілген жағдайда: жағынды микроскопиясы жасалып, материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 2 түтікке себіледі және сонымен қатар Xpert MTB/RIF жүргізіледі. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика, өкпеден тыс түрі» атты 15-қосымшаға № 5 схемаға сәйкес жүргізіледі.

242. I санаттағы науқастардың емін бақылау алгоритмі осы Нұсқаулыққа 15-қосымшаға «1 санат емін бақылау» № 6,7,8 схемаға сәйкес жүргізіледі.

243. Микроскопиялық зерттеулер жүргізу әдістемесі осы Нұсқаулыққа        16-қосымшада келтірілген.

244. ТҚҰ туберкулез ауруын культуральдық әдістермен анықтау тәртібі осы Нұсқаулықтағы 17-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

245. ТҚҰ автоматтандырылған BАСТЕС MGIT-960 жүйесінде сұйық қоректік орталарды  қолдана отырып туберкулез ауруын культуральдық әдістермен анықтау тәртібі осы Нұсқаулықтағы 18-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.



246.Туберкулез ауруын және дәріге сезімталдықты анықтаудың молекулалы-генетикалық әдістерін (Geno Type ®MTBDR, Xpert MTB/RIF) қолдану тәртібіосы Нұсқаулыққа 19-қосымшада келтірілген.

247.Қышқылға төзімді микобактерияларды микроскопиялық анықтаудың сапасын бақылауосы Нұсқаулықтағы 20-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.  
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет