Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет3/35
Дата29.05.2024
өлшемі241,65 Kb.
#202997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
жаңартылғын білім беру лекц (3)

БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Бастапқы кезеңде оқушыларға оқудың біртіндеп тереңдеуін сақтай отырып, кеңінен, бірақ логикалық тұрғыдан байланысты және үйлесімді негізде үйренуге мүмкіндік берілуі керек (Harnett & Vinney, 2007). Жан-жақты және үйлестірілген оқу бағдарламасын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару – оқушылар үлгерімінің жоғары болуының негізгі тетігі (Alexander, 2002). Жан-жақты оқу бағдарламасы оқушыларға бірқатар теориялық, тәжірибелік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ негізгі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді (Primary education in England, 1978). Алға ілгерілеуіне қарай оқушылар оқудың әртүрлі бағыттарын байланыстыра отырып, оларды зерттеп, осылайша анағұрлым терең түсінік қалыптастыратын болады. Бұл ретте оқушыларда толыққанды түсінік қалыптастыру үшін бастауыш сынып пәндері мен бағыттары арасындағы байланыс анық, нақты болуы керек (Ewing, 2012). Оқушылар нені үйреніп жатқандарының мәнін нақты ұғынып, сонымен бірге, бұл олардың қазіргі және болашақ өмірімен қалай байланысатынын түсінуі керек.



«Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері - тыңдалым және айтылым, , оқылым, жазылым.
Бастауыш мектептегі тілдік пәндердің («Қазақ тілі», «Сауат ашу» және «дебиеттік оқу») оқу бағдарламаларының мақсаты – қазақ тілін үйренуге негіз қалау, оқушылардың функционалды сауаттылығы негізін қалыптастыру, тілдік дағдыларды дамыту. Бұл әртүрлі қарым-қатынас салалары мен жағдайлары, стилистикалық ресурстар, дұрыс дыбыстау, орфографиялық және орфоэпиялық нормалар, сондай-ақ жанрлар мен стильдерді білуге қатысты құрылым мен функцияларды қамтиды.
«Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында оқу мен жазуға қатысты жұмысты интеграциялау арқылы жүзеге асады (Оқу бағдарламасы).
«Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар, сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.
«Сауат ашу» пәні оқушылардың:

    1. қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;

    2. оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;

    3. айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;

    4. жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне; өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
«Қазақ тілі» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады: оқушылардың дүниетанымы мен ұлттық болмысын қалыптастыру үшін ана тілінің мүмкіндіктері мен сөз өнерінің әлеуеттерін терең меңгеруіне көмектеседі. «Қазақ тілі» пәні
бастауыш сынып оқушыларының таным кеңістігін ана тілі арқылы кеңейте отырып, өз елінің тарихы мен рухани-мәдени мұраларын құрметтеуге, өз Отанын мақтан етіп, халқына қызмет етуге ынталандырады.
Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу бағдарламасының мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқу бағдарламасының мазмұны көркем шығармалар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды; сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, көркем шығармалардың элементтерін ажыратуды қамтиды.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен қолдана алады. Атап айтқанда, олар:

  1. оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);

  2. зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін? нені білгім келеді? нені білдім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

  3. жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);

  4. дамыта оқыту технологиясы (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

  5. уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін

«оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);

  1. оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру

(оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді);

  1. саралап оқыту технологиясы (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет