Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


 І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дәлелдер



Pdf көрінісі
бет13/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

13. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дәлелдер 
келтіре талдап жазыңыз. 
Қазақ әдебиетнде өзіндік орны бар тұлға Ілияс Жансүгіроатың жазушылық кемелденуінің 
сапалық бір белгісі, шоқтығы биік шығармасы «Құлагер» поэмасы.
Бұл поэмада ақын қазақ халқының өмірін, өткен оқиғаларды бейнелегенде даму, өзгеріс 
үдерістеріне тарихи тұрғыдан қарап, әлеуметтік қоғамдық мәселелерді Ақан өмірі арқылы 
астарлап жеткізеді. «Тұсында сері болсын, пері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған!» деп 
Ақан сері мен оның өмірлік серігіне айналған тұлпары Құлагерді дәріптеп, елге танымал 
үздік өнер иесінің қайғылы әрі серілік тағдырын дәл суреттейді.
Ілиястың «Құлагер» поэмасын оқи отырып, біз осы шығармаға арқау болған негізгі оқиға 
Арқаның атақты әншісі Ақан серінің адал серігіне айналған тұлпары Құлагерінен айырылған 
қайғылы оқиғасы деп түсінеміз. Жауыздық пен қастандықтың құрбанына айналған 
Құлагерінен айырылу өміріндегі ең ауыр соққы болып тиеді. Алайда, бұл поэма, сырт 
қарағанда, ақынның сәйгүлігі Құлагерге арналған, соған байланысты туған сияқты. 
Ақынның өзі де: «Әңгіме Ақан емес, Құлагер ғой, Осыдан бастамақшы ек сөзің басын» деп 
шығармаға өзек болған Құлагер оқиғасы дегенді ны меңзейді. Бірақта, ақын осы оқиғаны 
арқау етіп, халық тағдырын қалай суреттеген? Бұнда қандай тарихи оқиғалардың ізі жатыр?
Ақын қашанда тарихы терең халықтың өткен замандағы көрген қорлық зорлықтарын 
айтудағы мақсат бүгінгі ұрпақтың кегін қозғау екенін өзінің нысанасы ретінде ұстағанымен, 
бұл шығармада тарихтың қанды беттерін толық ашып айта алмайды. 
Менің ойымша, бұның себебі бұл поэма жазылған кезде халықтың ұлттық ардақтыларының 
еңбектерін, ұлттық салт дәстүрін патша үкіметі «ұлтшылдық» деп жариялап, тежеу салуында 
деп білемін. Сондықтанда жазушы осындай жайттарды астарлап жеткізген деп ойлаймын.
Ал екіншіден, Сағынай асы үстіндегі қазақ тіршілігінің бүкіл әлеуметтік кескінін, сол 
заманның шындығын, әдет ғұрпымен қатар, қазақтың басынан өтіп жатқан тоталитарлық 
үкіметтің қыспағын, отаршылдықтың кесірінен көрген қазақ тағдырын, кедейленген 
шаруалар мен байлардың сараң мінезінде ашып айтады.
Үшінші себебі деп, сол замандағы арам пиғылды адамдардың былғанышты істерін бір 
адамның бойынан тауып, Балташ сияқты ашкөз, көреалмаушылық қасиеттерін де 
әшкерелейді. 
Қорыта келе, ақынның әр шығармасында құнарлы өзгешеліктер, ізденістің арқасында 
суреткер тапқан тамаша жаңалықтар астасып келетін бұл туындыда Ілияс ерекше шеберлік 
таныта білді. Бір жағынан Ақан өмірін арқау етіп, бізді асыл қасиеттерге тәрбиелесе, екінші 
жағынан бұл оқиға арқылы бізді керуеннің көшіндей ілгері басып бара жатқан тарихтың бір 
бөлігімен таныстырып, өр рухпен бойымызға жалынды намыс ұялатқандай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет