Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№16 Сүйінбай Аронұлының қазақ, қырғыз еліне өткір тілмен, озық оймен



Pdf көрінісі
бет16/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

№16 Сүйінбай Аронұлының қазақ, қырғыз еліне өткір тілмен, озық оймен 
танылғандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп жазыңыз.
Сүйінбай Аронұлы заманында асқан айтыскер болып танылған дара тұлға. «Ақындардың 
ақыны, 
Айдын көлдей ақылы»,
- деп Жамбыл айтқандай Сүйінбай қазақтың аса көрнекті ақын жырауы. 
Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді серік еткен жырау зорлық зомбылыққа
әділетсіздікке ұшыраған қара халықтың жақтаушысы болды. Би мен бектің, атқа мінерлердің 
халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырларымен естен кетпестей етіп бетіне 
басып, абыройын жер жастандырған. Ел бірлігін, оның тәуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің 
жанқиярлығын талмай жырлаған ақын. Айтыс өнерімен танылып жүрген Сүйінбай тек қазақ 
елінде ғана емес, қырғыздарда Қатаған, Арыстанбекпен тең түсіп отырған. Ал қазақта Тезек 
төре, Қаңтарбай, Кескенкекіл, Тәтті қыз, Уәзипа, Жантаймен айтысқан. Өкініші, бұл 
айтыстардың біразы сақталмаған екен. Алайда осы айтыстардың қай қайсысында да 
Сүйінбайдың ақындық мұраты айқын көрінеді: байды шенеп, кедейді жақтайды; ел 
арасындағы бірлікті жырлайды; әділдік пен батырлықты дәріптейді. Бұл айтыстар Сүйінбай 
Аронұлының сөзге ұтымды, мін тағуға шебер, ақылды шешен болғанының дәлелі. 
Халық жадында Сүйінбай ақын ұлт рухын асқақтатар мінезді жырларымен сақталған. 
Ақын «толғауы тоқсан қызыл тілдің» кұдыретін мейлінше молынан пайдаланады. Соның 
нәтижесінде ақынның сөзі асқақ естіліп, рухы биіктен көрінеді. Ол дауды сөз, жауды батыр 
алатынын біледі. Бұл оның өміріне серік, өнеріне көрік берген ұстанымы. Ал осындай 
ақынның өткір тілмен танылған жері қайсы? Қырғыз бен қазақ еліне озық ойды қалай 
дәріптеді? 
«Хандарың отыр қысылып,
«Көппін» деп маған айтпай ақ қой 
Баймын десең жетпей ме?! 
Асқаралы тау мен едім, 
Адырмақ тау сен едің» 
деп ақиық қырандай құйылып келіп, даланың жел ілеспес сәйгүлігіндей құйын перең 
көсіліп, құйғыта шабуында осы мәнер, осы ұстаным арқылы жеткізгенін аңғарамыз. 
Сүйінбайдың ең бір дарынды адам екенін танытатын жері Қатағанмен айтысында еді. 
Жырдың қуаты алпыс екі тамырыңызды кезіп, ішіңізде әлдекім сарыала тілін салқитып 
тандыр өртеп жатқандай күйге бөлейтін бірден бір айтыс десек те болады. Сондықтанда: 


«Шығарма енді үніңді,
Есіңе сақта құлаған
Қанатың сынған күніңді. 
Қырғыз, қазақ жиылып, 
Жалпылдатпа мұныңды!»,
деген атақты Қатағанмен болған айтысында басымдылықпен түсіп, Қатағанның абыройын 
айрандай төгеді. 
Қорыта келе, қазақ халқының дара да дана жырауы болып табылатын Сүйінбайдың
шешендігі, өткір тілділігі мен озық ойлылығы түркі тіолес тайпаларына таныта отырып, 
оның асқан ақылдылығын танытады. Сонымен қатар, тек танылып қана қоймай, оның бізге 
қалдырып кеткен өнегесі мен ақыл өсиеті бізге өмірлік азық іспеттес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет