Қазақ совет тарихында көрнекті орынға ие болған ақын жазушының бірі –
Әбділда
Тәжібаев. Ақынның кең тараған поэмасы «Порттреттер». Бұнда заманның көкейкесті
сырлары, адамның қат-қабат тағдыры, уақыт алдындағы жауапкершілігі суреттеледі.
Ақын поэмаға эпиграф ретінде Абайдың өлеңінен үзінді алған:
« Сағаттың сықырлауы емес ермек,
Кәмілше өмір сүрмек ол білдірмек ».
Поэманың негізгі идеясын осы жолдар ашып тұрғандай. Автор поэманың тақырыбы етіп
бір отбасының өмірін арқау етіп алған. Осы отбасында өтіп жатқан оқиғаларды мысалға ала
отырып, бүкіл бір елдегі типтік
жағдайды, тарихты нақты бейнелі суреттеген. Шығармадағы
әкенің балаға беретін сағаты символдық мәнге ие, жинақтаушылық күші бар көркем бейне
десекте болады. Ал осы жазушының туындысында өмір мен уақыт ұғымы қалай көрінеді?
Жаңа адам туралы қандай толғанысты ойлар айтады?
Бұл сұраққа жауап беру үшін ең алдымен, уақыттың несімен бағалы екенін талдап көрелік.
Негізінен, бала кезімізде көпшілігіміздің ертерек есеюді қалайтынымыз рас. Есейген кезде,
керісінше, балалық шақты аңсаймыз. Алайда, күйбең тіршілікке бас ұрып, көп нәрсені
аңғармай қаламыз. Қартайған шақта жастығымызды еске алып, бұның қайта қайтып
келмейтінін түсінеміз, бірақ әлі де өмірдің тәтті дәмін татып қалғымыз келеді. Немере сүйіп,
одан қалса, шөберенің балғын күлкісін есту не деген бақыт десеңізгші!
Бірақта тағдыр біздің
дегенімізге көніп, уақыт артына бұрылып қарамайды. Ол тоқтамай зырғып өте береді. Кез
келген адам уақыттың қадірін түсіне бермейді. «Жылдың қадірін емтиханнан сүрініп қалған
білім алушыдан сұра. Сағаттың қадірін бірін-бірі күткен ғашықтардан сұра. Минуттың
қадірін пойызға кешіккеннен, секундтың қадірін жақынын жоғалтқан адамнан сұра. Ал
секундтың мыңнан бір бөлігінің қадірін олимпиада ойындарының күміс жүлдегерінен сұра»
деген екен Бернард.
Менің ойымша, жалпы адамдар нәрсенің қадір қасиетін оны жоғалтқанда ғана білетін
тәрізді. Мысалға, 11-сынып оқушысының қазіргі жағдайын алайық. ҰБТ-ға үш
айдан кем
уақыт қалды. Уақыт азайған сайын оның қадірі білініп жатыр. Осы кезге дейін оқымаған
оқушы санасына жеткен жағдайда ғана бостан бос зая кеткен уақытының қадірін енді
түсінеді және ол осы соңғы жылын барынша тиімді өткізуге тырысады. Қанша жерден
қиналса да, берілмей жеңіп шығуға тырысады. Себебі, алдында өмірінің өзгеруіне түрткі
болар сынақ күтіп тұр. Ал ол сынақтан нәтиже көрсету – әркімнің өз
қолында болуымен
қатар уақытын тиімді пайдалана алуында.
«Танимын десең уақыттың ләззат, бейнетін,
Сүйе біл, оның сағатын, әрбір минутын».
Поэманы оқыған адамда не себепті шойын сағатты арқау ете отырып, философиялық
толғам жасады деген сұрақтар туындауы мүмкін. Менің ойымша, ақын ескі сағатты негізге
ала отырып, уақытты бағалай білуді, оның қадірін түсінуді және де сағаттың үлкеннен кішіге
мұра болып қалуы арқылы өмірдің алма кезек ауысатынын аңғартады. Әкесі мен ағасының
өмірден өткені басқа да отбасы мүшелеріне ауыр, айықпас қасірет
келгенімен уақыт өте келе
оның да жарасы жазылып, тірі адам тіршілігін жасайтынын үйрете отырып, олардың орнын
балалары басатынын көрсетеді.
Қорыта келе, пенде ғұмыры өлшеулі ғана. Әрбір өтіп жатқан уақыт санаулы. Бір адамдар
өмірден өтіп жатса, оның орнын басатын сәби дүние есігін жаңа ашып жатады. «Жазмыштан
озмыш жоқ» дегенмен, тағдырдың жазуы болады деген бекершілік, қайта берілген уақытты
тиімді пайдалану керек. Міне, поэмадан түйгенім өмірден кеткен адамның орнын жаңа дам
басады, өмір жалғасады, сондықтан өміріміздің нағыз дәл осы сәтін бағалай білейік.
Достарыңызбен бөлісу: