Сабақ тақырыбы: Әбділда Тәжібаев



Дата28.01.2018
өлшемі372,88 Kb.
#34995
түріСабақ
Күні: сыныбы: 7

Пәні: Әдебиет

Мұғалім: Жексенова

Сабақ тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

Сабақ мақсаты: автордың өмірі мен шығармашылығы туралы оқи отырып, «Сырдария» өлеңінің мазмұны мен идеясын сыни тұрғыдан талдауға үйрету.

Міндеттері: 1.Ақынның өмірі мен өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу; өлеңге сатылай кешенді талдау жасау;

2.Есте сақтау, сөздік қорларын дамыту. 3.Өзінің туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін дамыта түсу.



Күтілетін нәтиже: 1.Автордың өмірбаянын біледі. Өлеңді құрылысына қарай талдай білді. 2.Табиғат лирикасына арналған өлең екенін біледі. 3.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын өмірден мысал келтіре отырып аша алады.

Қолданылатын модуль:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3.Оқыту үшін бағалау ж/е оқуды бағалау; 4. АКТ-ны қолдану; 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту; 6. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; 7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.



Қолданылатын стратегиялар: «Авторын тап», «От шашу», «Өзін-өзі бағалау», «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Кластер құру», «Топтық бағалау», «Деңгейлік тапсырмалар», «Ізгілік ағашы».


кезеңі, уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І кіріспе



Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылармен амандасу.

Сыныпта жағымды эмоция қалыптастыруда мақсатында 1 шумақ өлең құрау


Саламатсыздар ма, балалар?

Түгелміз бе сыныпта?

Қалыс қалған кімің бар?

Әдебиет – өмір айнасы,

Дейді дана аталар.

САбағымызды басталық

Сөз жақсысын,

Ой озығын бағамдар.


Амандасу.

Өлең жолдарын жалғастыру


Ауызша кері байланыс, мадақтау. Жарайсыңдар!



Слайд

1 минут

Ұйымдасу


Оқушыларды топқа бөлу

Далаға көктем келді.

Ертең -Амал мерекесі




«Сұлулық», «Жылу», «Махаббат», «Даналық»

Белгілерін сәйкесіне қарай топқа бөлінеді.






Төсбелгі-лер

Топ атаулары



ІІ .
3 мин
3 мин
1мин.

Үй жұмысын тексеру, бекіту.

1. «Сұраймын, жауап беремін»

2. «Автор орындығы» арқылы

3.Мақалдар толықтыру



Адамзат - табиғаттың бір бөлшегі,

Тіршілік – дүниенің мәнді өлшемі.

Жан-жануар, өсімдік, төрт түлік мал –

Бар бастауы игіліктің деседі.

-КЕше қандай шығарманы оқып таныстық?

Есте сақтау қабілеттерін бақылайды.



. 1.Топтар сұрақ қояды.

2. «Ит – жеті қазынаның бірі» тақырыбында шығармасын оқыту1.Мақалдарды жалғастырады. Есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, ерекше жадыарын көрсетеді


Әр оқушының жауабына ұпай беріледі.



слайд, дәптерлер

ІІІ негізгі бөлім.

5 мин


«Ой қозғау».

1. Толағай суреттерін көрсету.

2.Видеофильм тамашалау , оқушыларға сұрақ қоя отырып,сабақтың мақсатын ашу.




Бұл қандай ертегі?

Видеофильм бойынша маңызды ақпараттарды түртіп алу керек екені ескертіледі.

Көрсетілім қай ақын туралы? Автордың өлеңі туралы не білгілерің келеді? Мазмұнын ашуда қандай ой қосар едіңдер?


Жауап береді.
«Қос жазба күнделігіне» фрагменттерді түртіп алады.
Сұраққа жауап береді.


Мадақтау-ұпай


Дәптер, қалам, слайд


«Мағынаны тану»

2 минут


Кітаппен жұмыс. Өлеңнің мәтінімен танысу
Сөздік жұмысы

АВС деңгейлі оқушылардың мәнерлеп оқу деңгейін анықтайды..Сырдария – біріккен сөз, зат есім, жалқы есім. «Сыр» сөзінің синонимі.Адамның жан сыры. «Дария» - үкен өзен,кең арна.

  • Жалқы есімдерді атайықшы.

  • Қай есімдер таныс?

Оқушылар өлеңді нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды.

Гейне, Рейн, Тарас, Днепр, Пушкин, Еділ



Басбармақ

Оқулық, әуен

ЖАДА

1 мин


Сілтеме беру

Генрих Гейне – 1797-1856 жж. Өмір сүрген көрнекті неміс ақыны, сыншы.

Рейн- Неміс өзені

А.С. Пушкин орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытқан, бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу негізін салған ақын. Еділ – Волга өзені

Т. Г. Шевченко - , украин әдебиетінің "жарық жұлдызы", суретші, Украин халқының тәуелсіздігі менен ұлттық дамуы үшін күрескен қаһарман, оны "ұлы кобзарь" деп атап кеткен. 1950 жылы 57 жж. екінші рет қамалып, Маңғыстаудағы Новопетров қамалына жер аударылды. Оның "Киіз үйде отырған қазақтар", "Қазақ баласы от жағып жатыр", "Киіз үйде", "Келі түйіп түрған қазақ қызы", "Қазақ кызы Катя", суреттері осы кезенде салынған.


Слайд, суреттер

Мотивациялық кезең

Топтық жұмыс.




Әр топқа түрлі деңгейдегі тақырыптарды беру арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет жинақтайды, талдайды, ой қозғайды, бағалайды.

Тапсырманы интернет желісі арқылы орындалатынын атап өтеді. Браузерлер мен интернет желісіне қосылу жайлы бағыт береді. Төрт топқа тапсыра береді..




Екі топ ноутбук, планшеттен интернет желісіне қосылып, , өздеріне тиісті тақырыптар туралы ақпарат көздерін жинайды, талқылайды. Постерге түсіріп, спикерлер білімдерін ортаға салады.

«Өзін-өзі бағалау» парақшаларын толықтырып отырады

Интербелсенді тақта, оқулық

20 минут


Блум Түймедағы күлтешелінен тапсырма алу

1-топ.Білемін: «Сыр елін жырлаған ақын ».

2-топ.Түсінемін: «Сырдария-құт мекен»

3-топ.Зерттеймін: «Сырдария- сырлы өлең»

өлең жолдары арқылы тақырыбы мен идеясын талдайды.

4-топ.»Өлең-өрнек» Талдаймын: өлең шумақтарын талдайды




Тапсырманың орындалу ретін бақылайды. Дарынды балаларды салыстыру, бақылау

Оқушылардың тапсырма орындау барысында бағыттарын бағдарлай отырып, ақпаратты саралау деңгейін анықтайды.


Топ мүшелерінің кітаппен жұмыс жасау деңгейлерін бақылайды. АВС деңгейлі оқушылардың жұмыс жасау ретін назарға алады.


Уикепедия, қазақша сайттарды, ресурсты пайдалана отырып,

  • автордың өмірдерегіне хронологиялық кесте құрады.

  • Сырдария өңірі жайлы мәлімет жинақтайды.

  • «Сырдария» өлеңінің тақырыбы мен идеясын талдайды.

  • Өлең шумақтан сатылай талдау

Топ мүшелерінің жұмыстарын топтан спикер сайлап, тақтада қорғайды.

Бас бармақ ұпай


Флипчарт, бояулар, стикерлер





Сұрақ – жауап әдісі.

Дарынды балаларды бақылау.



Өлеңде Ақын еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін білдіреді. Оны қай жолдан байқауға болады?

3.Лирика дегеніміз не?

4.Бұл өлең лириканың қай түріне жатады?

Өлеңді кім жаттап алды?



  1. «Ел анасы менің анам»

деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Өлеңдегі тірек шумақты анықтап көрелік.



Оқығандары бойынша сұрақтарға жауап береді
Лирика- ақынның сезімі, жай-күйін өлең арқылы білдіру.

Өлең табиғат лирикасына жатады.




Ұпай мадақтау

Ауызша кері байланыс


«Сарапшы топ» топтардың жұмыстарына талдау жасап, өз бағаларын береді.




рефлексия

Қолдану:


Т кестесін құралықшы


«Сырдария» өлеңінде

Менде

КІМ?

Қалай?


Мен...

.........



Өз жерімді жырлаймын

Алған білімдерін ортаға салады. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін өлең арнау арқылы білдіреді. «Маңғыстауым, маңғаз мекен, киелім!...»



мадақтау




3

Рефлексия. «Ізгілік ағашы»

Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлері мен алған білімдері жайлы түрлі-түсті стикерлерге өз ойларын жазуды ұсынады.

Тақтадағы «бәйтерек» формасындағы суретке өз стикерлерін жапсырады, оқиды




«Бәйтерек» ағашының макеті

2 мин


Бағалау


Сабаққа қатысқан оқушыларды формативті, жиынтық бағалау.


Топтар бір-бірін бағалап, ұсыныстарын білдіреді.




Топтық бағалау.

Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін смайликтер көрсету арқылы бағалайды



Кері байланыс

От шашу»


1 мин

Үйге тапсырма
Өлеңді жаттау. Ақынның өмірбаяны туралы қосымша мәліметтер жинақтау

Үй тапсырмасының орындалу реті жайлы ақпарат береді.

Күнделіктеріне түртіп алады.






Күнделік


Генрих Гейне (13.12.1797, Германия, Дюссельдорф — 17.2.1856, Франция,Париж) — неміс ақыны, публицист, сыншы. Орташа дәулеті бар еврей отбасында дүниеге келген. Шығармалары 1820 жылдан жариялана бастады. 1827 ж. жарық көрген “Өлеңдер кітабында” халық әндерінің әуендік, ырғақтық ерекшелігін дәл танып, оны жаңашылдықпен дамыта білді. Халық әндері негізінде жазылған өлеңдеріне саяси және әлеум. астар, өзгеше өрнекпен өң береді. “Сапар суреттері” (1831) атты прозалық туындысында Германияның ауыр кезеңі, халықтың жағдайының төмендігі, заңсыздық пен ғылымның өмірден алшақтығы бейнеленген. 1831 ж. Францияға кетіп, өмірінің ақырына дейін саяси эмигрант болады. “Франция істері” (1832), “Лютенция (1847), “Людвиг Берне” (1840) атты шығармаларында Франциядағы саяси және әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. “Француз суретшілері” (1831) деген очерктер мен “Француз сахнасы туралы” (1837) деген хаттар жинағы арқылы ГЕЙНЕ өзін қаламы қарымды сыншы ретінде танытты. Оның суреткерлік қуаты “Атта Тролль” (1843) саяси поэмасында, “Қазіргі өлеңдерінде” (1844), “Германия. Қысқы ертегісінде” (1844) көрініс тапты. Г-нің шығарм. жаңа белесін айқындайтын “Романсеро” (1851), “Мойындау” (1854) өлеңдер жинағы жарық көреді. “Германия. Қысқы ертегі” (1938), “Аңыз, ертегі, өлеңдер” (1965), “Лирика” (1971) т.б. шығармалары қазақ тілінде жарық көрген.

Генрих Гейне – ХІХ ғасырдың көрнекті қайраткері. Генрих Гейне өз заманының публицисі, полисемисті және лирик ақыны.


Пошталық маркасы

Гарри (Гейнені балалық шағында осылай атаған) Дюссельдорф қаласында, тұрмысы орташа еврей отбасында дүниеге келеді. Гейненің әкесі – Самсон Гейне саудамен айналысқан, шешесі – Бетти Гейне оқыған әйел болған. Анасы болашақ ақынның тәрбиесімен айналысты. Оның Француз оккупациясы кезінде Гейне Дюссельдорф қаласындағы француз лицейіне оқуға барады. Ата-анасы болашақ ақынды сауда мектебіне береді. Гейне 1819 жылы заңгер мамандығын игеру үшін университетке түседі. Оқуға түсуіне ақшаны банкир ағасы Соломон Гейне төлейді. Гейне Бонн университетінде Август Шлегель лекцияларын тыңдады. Содан кейін Геттинген университетіне ауысты. 1825 жылы Геттинген университетінде диссертация қорғап, доктор атағын алады.[1] Осы уақыттар ішінде Гейне атақты ақын болып үлгерді. Ол өзінің алғашқы өлеңін Гамбургтегі журналдардың бірінде 20 жасында жариялады. Бір жылдан кейін оның алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. 1827 жылы Гейненің бүкіл өлеңдерін біріктірген «Өлеңдер кітабы» жарияланды. Сол кездерде «Жолсапар суреттері» кітабының бірінші бөлімі, аз уақыттан соң кітаптың барлық бөлімдері толығымен басылып шығады. Гейне лирик ақын және өткір прозаик ретінде танылды.


«Өлең кітабы» 4 бөлімнен тұрады: «Бозбаланың қайғы-қасіреті» (1817-1821); «Лирикалық интермеццо» (1822-1823); «Елге оралу» (1823-1824); «Солтүстік теңіз» (1825-1826). 1824 жылдың күзінде Гейне Гарц бойына жаяу серуенге шығады. Одан алған әсері бойынша жол очерктерін жазады. Германия қалаларына жасаған сапарынан кейін, Англия мен Италияда болып, өзінің жол эпосын жалғастыра береді. Осылайша, 1830 жылы Гейненің «Жолсапар суреттері» атты прозалық кітабы жазылады. 1840 жылдары жарық көрген «Людвиг Берне» (1840) мен «Атта Тролль» (1843) драмалары осыны дәлелдей түседі. Бұл шығармалар ақынның Германиядан шетте жүрген он жылдық өмірінің қорытындысы.

«Романсеро» жинағы. Романсеро – романстар кітаптарының испанша атауы. Романс – қысқа лиро-эпостық жырлар, ол балладаның туысы. Гейне осы өлеңдер жинағын романс үлгісінде жазды. Жинақтағы өлеңдердің көбі революция басып жаншылғаннан кейінгі жылдарды суреттейді. Өлеңдерінде өкініш пен түңілу сарыны басым. Жинақ үш бөлімнен тұрады: «Тарих», «Ламентаций», «Еврей мелодиясы».

Ақын өз өмірінің соңғы он жылын, өзі айтқандай "кереуеттегі қабірде" өткізеді. Сал ауруы асқына береді. Гейне денсаулығының әлсірегеніне қарамастан өткір мысқылға толы өлеңдерін жаза береді.

Генрих Гейне Парижде Лонмарт мазарында жерленді.[2] Гейне өлеңдерінің негізінде 4000 астам музыкалық шығарма дүниеге келген. Шуберт, Шуман, Мендельсон, Брамс, Чайковский секілді әйгілі композиторлар оның өлеңдеріне ән жазды. 1835 жылы Одақ оның шығармаларының таралуына тыйым салды. Өйткені шығармалары билік басында отырғандарға ұнамады. Оның шығармаларын Германияда фашистер отқа өртеді, солай оның әдеби шығармашылығына тосқауылдар қойылды. Гейне осы қыспақтарға қарамастан, үнемі шығармашылық ізденістер үстінде болды және жаңа өлеңдерін жарыққа шығара берді, сөз өнерінің өрісін кеңейте берді. Гейне өз шығармашылық жолында кездескен кедергілерден қорықпады, қайта солардың арқасында шыңдалып, әдебиетте жаңа шығармашылық бетбұрыстар жасады. Оның туындылары шынайы оқиғаларға толы болды.

Генрих Гейне өз заманының әділетсіз қоғамына қатты налыды. Германиядағы саяси тәртіптерді жек көрді. Ол тәртіптердің ұзақ жасамайтынына сенді. Ол өзін «азаттық күрес жолындағы сарбазбын» және «революциялық толқудың дабыл қағушысымын» деп атады. Ол өмірінің соңына дейін әділетсіздікпен күресіп өтті.[3]

Александр Сергеевич Пушкин

Александр Сергеевич Пушкин орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытқан, бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу негізін салған ақын.

Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.

12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.

Жас Пушкин әдебиетте азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақын. Жаңа ұрпақтың арман-мұраты, үміт-сенімі, ескіден бөзінуі, ізгілікті, бостандық пен бақытты армандауы - осының бәрі оның поэзиясынан бірдей-ақ жарқын көрініс берді. Ақынның ой-сөзімінің қалыптасуына күшті әсер еткен зор тарихи оқиға 1812 жылғы Отан соғысы болатын. Ол Пушкиннің санасында мәңгі өшпес із қалдырды.

Россияда отаншылдық, азаттық идеялары кең қанат жайды. Халықтың еркіндігін, бостандығын темір құрсаумен шырмаған патшалық құрылысқа наразылық үдей түсті. Патшаға қарсы күреске шығып, батыл қимылдаған революцияшыл декабристер ескі дүниені дүр сілкіндірді. Ол болашаққа, азаттық идеясының жеңетіндігіне кәміл сенді. Декабристер көтерілісінен кейінгі жылдарда Пушкин Россияның ер аймағында күн санап қанат жайып, күш алып келе жатқан шаруалардың революциялық қозғалысына үнемі кез тігіп, көңіл аударды, оған үлкен үміт артты. Жаңашыл, алғыр ойлы, күрескер ақын халықтың тарихын, әдебиетін, аңыз-ертегілерді, ескі жыр-дастандарды жақсы білді, қалыптасқан бай әдеби дәстүрлерден де іргесін аулақ салған жоқ.

Осы жылдары «Свобода», «Чаадаеву», «Деревня» секілді өлеңдерін, «Руслан и Людмила» атты тұңғыш поэмасын жазды.  патшалық Ресей үкіметі Пушкинді әдеби-мәдени ортадан алыс жатқанМихайловское селосына жер аударды. Бұл тұста қаламгер өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романы мен «Граф Нулин», тағы басқа көптеген өлеңдер мен сын мақалаларын (1824), «Борис Годунов» (1825) тарихи трагедиясын жазды. Орыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, халықтық сөз қорына дендей енген А. С. Пушкин шығармалары енді көркемдік-реалистік арнаға бет бұрды. Халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, адамдардың әр алуан мінез-құлқын терең бейнелеген «Евгений Онегин» романы «орыс өмірінің энциклопедиясы» (В. Белинский) атанды. А.С. Пушкин шығармаларының бір қыры — тарихи таным, «Борис Годунов», «Полтава», «Медный всадник» және тағы басқа да туындысы арқылы ол әрі ақын, әрі тарихшы ретінде танылды.

А. С. Пушкин ОрынборОрал қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады.



Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әр қилы лирика өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те драмалық шығарма - міне, осылардың қайсысын қолға алса да, ол үлкен көркемдік шеберлік танытты. Сол дәуірдегі орыс әдебиетінің Пушкин араласпаған, ол қол тигізбеген, үлкен ықпал жасамаған, елеулі із қалдырмаған бірде-бір саласы болған жоқ. Осынша қыруар еңбегін ол небәрі 20 жылдай уақыт ішінде атқарып шықты. Оның аса кесек көркем туындыларының бірі «Евгений Онегин» - шын мағынасында халықтық шығарма. «бұл шығарма шын мәнінде «орыс өмірінің энциклопедиясы» деп бағалады В. Г. Белинский.

Пушкин поэзиясының бұрынғы әдебиеттен ерекшелігін айқын танытатын қасиет - ондағы азаматтық, революциясы идеялардың қуаттылығы. Ақын Отанды сүю сөзімін, «қасиетті бостандықты» аңсаушылықты айрықша қастерлеп, тебіреніп айтады. Айдауда жүрген декабрист-ақындармен өзінің пікірлестігін, ниеттестігін жасырмай, үнемі жария өтіп отырады. Ол күрес жолынан өш ауытқып, айнымайды. Тек ол азаттыққа жету жолындағы күрестің жаңа мүмкіндіктерін іздейді. Қоғамдық мүддені, әр азаматтың қоғам алдындағы, халық алдындағы міндетін Пушкин енді дәл ез кезеңінің, өз дәуірінің тілек-талаптары тұрғысынан қарап, терең түсінуге ұмтылады.



Ол өзінің тұңғыш поэмасы «Руслан мен Людмилаға» ежелгі аңыз-оқиғаны арқау етіп жазғанда, немесе «Кавказ тұтқыны», «Цыгандар» дастандарында орыс адамын әр елде, әр түрлі ортада алып суреттегенде ез заманының ең күрделі қоғамдық мәселелерін қозғай білді. Соңғы дастаннан адам өмірдегі күрес-тартыстан шет қала алмайды деген тұжырымды өте-мөте аңғарамыз. Пушкин халықтың тарихи тағдыры жайлы толғанғанда оны өз дәуіріндегі қоғамдық өмірдің түйіндерін шешу міндетімен ұштастырады. «Борис Годунов» драмасындағы тарихи дамудың бетін, үлкен-үлкен кезеңдерін белгілейтін ең басты күш - халық, халықтың мүддесі, ниет-тілегі деген тұжырым - жазушының өз заманына жалғастырыла айтылған шындық.

Мұндағы басты кейіпкерлер төменгі таптан шыққан адамдар емес екені рас. Бірақ өң маңызды нәрсе Онегин мен Татьяна, Ленский мен Ольга - осылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі - артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы - осалдығы болып шығады. Мұны көзінде В.Г. Белинский ете қисынды дәлелдеп керткен болатын. Ол өз романында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, дворяндар мен шаруалардың өзара қарым-қатынасын да айқын көрсетеді. Халықтың күнделікті тұрмыс тірлігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінез, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен



Ол сол дәуірде жөке адамның қоғамдағы орны қандай деген мәселені «Мыс салт атты» дастанында, әңгімелерінде әр жағынан алып қарастырады, ол «Мыс салт атты» және «Полтава» дастандарында тарихи тақырыпты кеңінен қозғап, Россия мемлекетінің қуаты артқанын сүйсіне жырлайды. Ақын біраз шығармаларында халықтың ертек-аңыздарын өзінше өрнектеп, халықтық поэзиядағы көркемдік ой-сөзімінің нәрін теңдесі жоқ ақындық шеберлікпін жеткізіп береді. Қарапайым халықтың, орыс шаруаларының тағдырын Пушкин «Дубровский», «Капитан қызы» сияқты шығармаларында шебер бейнелеген. Сонымен қатар ол «Пугачев тарихы» атты еңбек жазды. «Капитан қызы» және «Пугачев тарихы» романын жазар алдында ол қыруар тарихи деректер жинады, архив материалдарын зерттеді, көтеріліс болған жерлерді аралап, Қазан, Симбирск, Орынбор, Орал қалаларында болды. Көтерілісті көзімен көрген адамдардың естеліктерін, ел арасында сақталған жыр, әңгіме-аңызды жазып алды. Мұның бәрі Пушкинге шаруалардың патшаға қарсы көтерілісін, оның басшысы Пугачевтің бейнесін суреттегенде - тарихи шындықты айнытпай дәл көрсетуге мүмкіндік берді. Ол Пугачевті халықтың тап ортасынан шыққан нағыз қарапайым адамға тән қасиеттерін - ерлігін, батылдығын, ақылдылығын, қайырымдылығын сүйсіне сипаттайды. Жазушының Пугачев бастаған көтеріліске орыс шаруаларымен бірге басқа халықтар өкілдерінің - башқұрт, қазақ кедейлерінің де қатысқанын суреттеуі сүйсінерлік. Пушкин езі айтқандай, патшалық қатал заманда азаттықты, бостандықты қасиеттеп, жырлады. Ол шығармаларында халық өмірін мейлінше кең қамтып, бұқара халық пен үстем тап өкілдерін, әртүрлі топтардың адамдарын, олар ескен, ерім сүрген ортаны, табиғат құбылыстарын - бәрін де молынан бейнелейді. Оның шығармаларында лирика сөзім қандай нәзік, әсерлі болса, не нәрсенің де көрініс-кейпін, бояу-түсін сезбен мүсіндейтін суреткерлік те сондай кемеліне келген. Мұнда ірі әлеуметтік, тарихи мәселелердің тереңдігі түйінін табуға жүйріктік, қоғамдық-саяси ой-пікірлердің өткірлігі, отты лебі оқушысын баурап алады.



Пушкин әдебиетті жаңа мазмұн, тақырып идеяларымен байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол әдебиеттегі өмірді суреттеу әдісін де, бейнелеу тәсілін де өзгертіп, түрлендірді. Кемеңгер ақын орыстың нағыз халықтық, ұлттық әдеби тілін қалыптастырып, жүйеге келтіру міндетін де ойдағыдай іске асырды. Пушкиннің бұл еңбегі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Пушкин орыс тілінің бірнеше саладағы, яғни дәстүрлі болған кітаби тіліндегі, күнделікті сөйлеу тіліндегі, бай ауыз әдебиетіндегі сөздік қорын екшеп, саралап, көркем әдебиетте мейлінше мол қолдануға жол ашты. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің нәрі мен сөлін бойына әбден сіңіргенде ғана көркемдік қуаты артып, мөлдір таза, керемет бай тіл бола алатынын ұлы жазушы жақсы түсінді. Ол халық тілінің байлығын қалай пайдаланудың, тілді қалай өңдеп, ұстаудың тамаша үлгісін көрсетті. Оның шығармаларынан орыс тіліндегі сездің терең мағыналылығы, бейнелілігі мен суреттілігі, тартымды әсемділігі мен қарапайымдылығы айқын сезіледі.



Өз Отанының жалынды патриоты болған Пушкин орыс халқымен жақын, тағдыры бір, туыстас барлық халықтардың өміріне үңіле қарады, олардың тілек-мүддесін, арманын терең түсінді. Кавказ халықтарының, сондай-ақ Россияның басқа да халықтарының өмірін, тұрмыс-салтын кемеңгер ақынның жақсы білгені және бірталай шығармаларында суреттеп отырғаны белгілі. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған көзінде қазақ халқына сүйіспеншілік сөзіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды.Ол қазақ жігіттерінің Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қоса қазақ халқының бай сөз енеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің, асыл нұсқаларының бірі - «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы көзінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын Россияның барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап кетеді. Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша зер салып, енеге еткендер Шоқан УәлихановЫбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев болғаны белгілі. Олар Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында еткен ғасырдың аяқ көзінде ете кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сөзінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде ез дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті - жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының езі ғана Пушкин мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын кернетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкингедеген ықыласының көрінісі ретінде «Евгений Онегинді» халық ақындары революциядан бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және «Капитан қызының» қазақ тіліне аударылып, 1903 ж. басылып шыққанын атап кеткен жөн. 20 ғ-дың бас көзіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Шекерім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтан-махмүт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Мұхамеджан Сералин, Бекет Өтетілеуов П. шығармаларынан көп нәр алды. Қазіргі қазақ жазушыларының ішінде Пушкинді оқымайтыны, онан үйренбейтіні жоқ. Жыр алыбы қарт Жамбыл Пушкинге арнап өлең шығарып, ұлы ақынға құрметпен ишарат етіп, қазақ халқының сүйіспеншілік сөзімін әсем жырмен жеткізген болатын. Қазақ әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман- эпопеясында Пушкиннің енерпаздығы, Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұныңезі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын аңғартады. П. шығармаларын қазақ тіліне аударуда Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, I. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Ө. Тұрманжанов, Ә. Тәжібаев, Қ. Тоғызақов, Ғ. Орманов, Ә. Сәрсенбаев, Х. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, Ж. Молдағалиев сияқты көрнекті ақындарымыз елеулі еңбек сіңірді.[2]

Қазақ даласында А. С. Пушкин мұрасына алғаш айрықша көңіл аударып, қазақ халқына танытқандар қатарында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, тағы басқалар болды. Абай «Евгений Онегин» шығармасының үзінділерін қазақ тіліне аударды (1889), «Татьянаның хаты» Абай әнімен қазақ өңіріне кең тарады. «Капитан қызы» 1903 жылы қазақ тілінде басылып шықты. І. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев, Қ. Тоғызақов, Х. Бекхожин, С. Мәуленов, Қ. Шаңғытбаев, тағы басқа қаламгерлер А. С. Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Қазақстанның көптеген қалаларында орыстың ұлы ақынына арналып ескерткіштер орнатылып, көшелер, мектептерге есімі берілді.

Тарас Грыгорий ұлы Шевченко (укр. Тарас Григорович Шевченко - Тарас Грыгоровыч Шэвчэнко, рус. Тарас Григорьевич Шевченко) - әйгілі украин казак ақыны. Басыбайлы украин казактардан, оның үлкен ата Андрий басыбай істелген.

Суретші ретінде де тарихта қалған. Орыс әдебиетіне де үлес қосқан. Бірақ ең бастысы, әрине, украин әдебиетінің "жарық жұлдызы" болғаны, украин халқының санасын оятуының ұлттық нышаны болып саналады.



  • 1814 жылы наурыздың 9-ында Киев губерниясы Моринцы ауылында дүниеге келген. Қазір бұл ауыл Черкасс облысына қарайды.

  • 1838 жылы Петербург қаласында Көркемсурет академиясына қабылданады.

  • 1845 жылы Киев қаласына келіп, археологиялық комиссияға суретші қызметіне орналасты.

  • 1846 жылы Киев қаласындағы Кирилл-Мефодий қоғамына мүше болып енді.

  • 1847 жылы қамауға алынады.

  • 1848 жылы А.И.Бутаковтың басшылығымен Арал теңізін зерттеу экспедициясына қатысып, 350-ден астам пейжаз, портрет салды. Мысалы, "Атқа мінген қазақ", "Арал теңізінің жағасындағы қазақтың киіз үй-лері", "Қосаралдағы қазақтардың қыстаулары", т.б.

  • 1950 жылы екінші рет қамалып, Маңғыстаудағы Новопетров қамалына (кейіннен Форт-Шевченко) жер аударылды. Оның "Киіз үйде отырған қазақтар", "Қазақ баласы от жағып жатыр", "Киіз үйде", "Келі түйіп түрған қа-зақ қызы", "Қазақ кызы Катя", суреттері осы кезенде салынған.

  • Шевченко Маңғыстауда 7 жыл болып, 1857 жылы босатылды.

  • 1857 жылы Петербургке келеді.

  • 1860 жылы гравюра саласында академик болып сайланады.

  • Дәл крепостник құқығын жойылған жылы, 1861 жылы наурыздың 10-да Санкт-Петерборда қайтыс болған. Өзі крепостник шаруа болғанынан, крепостник құқығымен, Ресей империясыныңпатша езгісімен украин халқының еркіндігі үшін күрескен.

Кеңес үкіметі кезінде төңкерісшіл большевиктерге жақын идеяларының жақтанушы ретінде бағаланған. Қазір тәуелсіз Украинада украин халқының тәуелсіздігі менен ұлттық дамуы үшін күрескен қаһарман ретінде бағаланады. Халық ақыны болғандықтан, оны "ұлы кобзарь" деп атап кеткен. Патша үкіметіне қарсы шыққаны үшін, оны алдыменен Орынбор облысының Ор қамалына отырғызған, кейін сол облысқа қараған Қазақ даласына - Маңғыстауға айдап тастаған. Айдауда Гогольге, Жуковскийге шағым хаттарын жазады. Айдаудан соң, Тургеневпен жиі кездеседі.


Қазақстанда оның есімімен қала, елді мекендер мен көше аттары аталады. Алматыда Шевченко атында көше және сол көшеде ескерткіш орнатылған.[1][2]

Сырдария — Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Амудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды.

Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.



Өзен Қырғызстан мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алады да, 2,212 км қашықтықта орналасқанАрал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28 км³ ғана, бұл Амударияның теңізге құятын суының жартысына тең. [1]

Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан,Худжант, Түркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет