Міне, осы кезде Әбілқайыр іргелі мақсатқа қол созғанда осы секілді әрекеттерімен үлкен
жетістіктерге жете білгендей.
Сонымен қатар, қашқанын қуып жететін, көздесе атып түсіретін мерген, хас батыр, сом
тұлғалы ер, ақыл мен айласы қатар жүретін әділ болып шыққанын көруге болады.
Менің пайымдауымша, жазушының ең әсерлі суреттеп жеткізен жері, Әбілқайырдың
халық
қамын ойлап, толғанып, бір шешімге келуі – елінің амандығы үшін Ресейге пана
іздеп баруы деп білемін. Сондай-ақ романның соңында елі үшін туып, халқына қызмет
көрсеткен ердің арманы мақсатына айналып, үміт оты жануы Әбілқайырдың ерекшеліктері
мен болмысын түйіндеп тұрғандай.
Романның тағы да бір ерекшелігі деп, ел басына
қиын қыстау кезең туғанда, өз жеке басы
үшін емес, ел тағдыры деп басын тәуекелге тігіп, игілікті жолын таңдауы. Мұның өзі ханның
сыртқы саясаттағы біліктілігі мен алғырлығының белгісі ретінде танылады.
Қорыта келе, алдына мақсат қойып, соған өзінің табандылығы мен қайсарлығы жете
білген Әбілқайыр бейнесін жазушы оқырмандарына керемет жеткізе білген деп ойлаймын.
Себебі, тек қара басың үшін ғана емес, елім, жерім деп ерлікпен күресіп, мақсатың жолында
аянбай еңбек ету керектігін бізге өнеге етіп қалдырғандай болды.
Достарыңызбен бөлісу: