Панкеатит клиникалық көрінісі:
Жедел панкреатиттің клиникалық ағымы жеңіл, орташа, ауыр, өте ауыр болуы мүмкін.
Жеңіл түрінде ауырсыну эпигастрий аймағында, белбеу тәрізді, арқаға беріледі. Көп науқастарда жүрегі айнуы, құсуы сирек байқалады. Гемодинамика қалыпты, іш пердесінің тітіркену белгісі жоқ.
Жедел панкреатиттің орташа ауырлығында ауырсыну қаттырақ болады, тіпті кейде науқас еңкейіп шынтағын тізесіне дейін жеткізеді; жеңілдік бермейтін көп құсу байқалады. Тері жабындысы ақшыл түсті, ps-90-120, қан қысымы 100/60-90/50с.б.б. Тілі құрғақ, іші кепкен, басқанда ұйқы безі маңайы қатты ауырсынады. Ішек перистальтикасы естілмейді. Іш пердесінің тітіркену белгісі оң. Панкреатиттің осы түрінде дененің әр жерінде ақшыл-көк дақтар пайда болады; Олигоурия байқалады, зәр тәулігіне 1000мл-ден аз; 3-4 ші тәулікте эпигастрий аймағында инфильтрат байқалады, сарғаю пайда болуы мүмкін.
Жедел панкреатиттің ауыр түрі тез, аздаған уақыт ішінде байқалады:
Науқастың жағдайы ауыр болады;
Ауырсыну күші қатты болғандығы сондай, тіпті наркотикалық аналгетиктер қысқа уақытқа ғана көмек береді;
Гемодинамика: қ/қ-90/50с.б.б., ps-120 және одан жоғары, тұрақсыз;
Тілі құрғақ, іші кепкен, іштің барлық аймақтарында қатты ауырсыну байқалады, іш пердесінің тітіркену белгісі анық оң;
Олигурия: зәр тәулігіне 500-600мл және одан кем болуы мүмкін;
Жедел панкреатиттің клиникалық ағымының ауыр түрі тұтас панкреонекроздың болуына байланысты болады.
Жедел панкреатиттің клиникалық ағымында 3 сатыны ажыратады:
ауырсыну шогі (гемодинамикалық өзгерістер)
динамикалық илеус, жедел ішек өтімсіздігі
перитонит
Панкреатит диагностикасындағы маңызды сынамалар:
Мондора белгісі – денеде және бетте күлгін (фиолетовый) түсті дақтар пайда болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |