1-топ. «Жаңа дизайн» кілті – мəтін мазмұнын өзгертіп, жаңа жағдайда айту. Мысалды: Омар ата аулаға компьютерін қосып, бейнекамерадан ауласын қарады. Ол бір топ жусанның арасында бүрісіп отырған бір құсты көрді т.с.с.
2-топ. «Егер де» кілті – өз көзқарасын білдіре отырып, олардың орнында өзі болса не істейтінін айтады.
4-топ. «Тағы қалай?» кілті – мəтінді əрі қарай жалғастырады.
5-топ. «Əліпби» кілті – əр сұрақтың жауабы болатын сөздерден тірек сөздер қатарын құрап айтады. Жұмыстарын топта жариялайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп,
сабаққа рефлексия жасау.
«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
3.3.6.1 (МК; Ө; Қ) Тыйым сөздерді көшіріп жазу. Өз ойымен бөлісу.
16-жаттығу. Тыйым сөздерді көшіріп жазады. Осы тыйым сөздерге байланысты өз ойымен бөліседі. Оқушылардың дəлелдеу жасауында «өйткені», «себебі», «сондықтан» көмекші сөздерін қолданып сөйлеуіне басшылық жасалады.
3.2.1.1 (МК; Т; Қ) Орны ауысып кеткен ертегінің бөліктерін қалпына келтіру. Əр бөлімге ат қою.
Шығармашылық үзіліс.
17-жаттығу. Орны ауысып кеткен ертегінің бөліктерін қалпына келтіріп оқиды.
(МК; Ұ) Түсіндірме, орфографиялық сөздіктен сұрақ
бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Оқулықтағы түсіндірме жəне орфографиялық сөздіктермен жұмыс ұйымдастырылады. Сескену, үйшік сөздерінің мағынасы мен жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
(Ө) Негізгі ойға сəйкес келетін мақалды тауып жазу.
Ертегідегі негізгі ойға сəйкес келетін мақалды тауып, көшіріп жазады. Жұмысын топта оқып, дəлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |