Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз



бет11/43
Дата09.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#174057
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
7сынып 3тоқсан 382 бұйрық
Семинар сабақтары-молек.биология
Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қатынас ыдыстар



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.6 – қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Қатынас ыдыстардың не екенін біледі. Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсінеді.
Көптеген оқушылар істей алады: Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсінеді.
Кейбір оқушылар істей алады: Су құбырының жұмыс істеу принципін түсінеді.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Сабақтың басы
10 минут

Жаңа білім


10 минут

Бекіту

20 минут

Кері байланыс


Сабақтың соңы.

5 минут

Бағалау

Үй тапсырмасы



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Психологиялық ахуалды орнату үшін
Үй тапсырмасын тексеру. «Еске түсіру» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталаймыз.
№1. Тапсырма:Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?
Жауабы: Бірдей болмайды, себебі қысым күші сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тәуелді болады.
№2. Тапсырма:Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан алысқа шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Сұйық қабаты неғұрлым төмен болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады. Сондықтан ең төменгі саңылаудан су алысқа шашырап шығады.
№3. Тапсырма:Қысым дегеніміз не?Қысымның өлшем бірлігі:
Жауабы: Қысым дегеніміз белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама р= F/S;
Қысымның өлшем бірлігі: Н/м 2; Па

4. Тапсырма: Сұйық бағанының ыдыстың табанына түсіретін қысымының формуласы.
Жауабы: р = ρ g Һ

№5. Тапсырма: Теңіздің 10900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын табыңдар. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3 ;


Берілгені: Талдау: Шешуі:
Һ=10900 м р = ρ g Һ р =1030 кг/м3* 10 м/с 2 *10900 м =112000кПа
ρ=1030 кг/м3 
g= 10 Н/м3 
т/к: р Жауабы: р= 112000 кПа

№6. Тапсырма:


Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? Теңіз суының тығыздығы:
1030 кг/м3 .
Берілгені: Талдау: Шешуі:
Һ=9 м р = ρ g Һ


р =1030кг/м3*10м/с2*9м=92,7 кПа
ρ=1030 кг/м3
g= 10Н/м3 


т/к: р Жауабы: р =92,7 кПа

№7. Тапсырма: қатты денелер, газ және сұйықтар арқылы қысым қалай беріледі?


Жауабы: қатты денелерде қысым бір бағытта беріледі. Сұйық пен газдарда қысым барлық жаққа, бірдей қашықтыққа бірдей беріледі.

Жаңа сабақ. «Мағынаны тану» әдісі арқылы мына суреттен тақырыпты ашу. Осы сурет арқылы нені түсінуге болады?


Не себепті бұл ыдыстардағы сұйықтың деңгейі барлық бөліктерінде бірдей?

Мұғалім түсіндірулер жүргізеді.(Д)


Қатынас ыдыстар деп екі ұшы ашық орталары жалғасқан ыдыстарды айтады. Қатынас ыдыстардың қасиеттері
Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.
Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет