Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз


Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Мұғалім



бет26/43
Дата09.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#174057
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
7сынып 3тоқсан 382 бұйрық
Семинар сабақтары-молек.биология
Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?


Видеоролик: «Судағы кері итеруші күш».
Видеоролик «Архимед және тәж»
Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Динамометр ілгегіне қандай да бір дене ілейік те, оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп алайық. Осыдан кейін денені толық суға батырайық. Динамометр көрстуі өзгергенін байқаймыз. Неліктен? Дененің массасын өзгерткеніміз жоқ. Демек бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа оны судан ығыстыратын күш әрекет етеді. Ол күш қалай пайда болады?
Сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүене отырып, осы сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әрекет ететінін қарастырайық. Дененің бүйір жақтарына әрекет ететін күштер тең және олар бірін –бірі тегеріп тұрады. Бұл күштердің әрекетінен тек дене сығылады. Дененің үстіңгі жағын биіктігі Һ1 су бағаны Ғ1 күшпен , ал төменгі жағын биіктігі Һ2 су бағаны Ғ2 күшпен қысады. Мұндағы Һ2 су бағанының биіктігі Һ1 биіктіктен көп, сондықтан Ғ2 күші де Ғ1 күштен көп болады. Демек, денені сұйықтан ығыстыратын күш Ғ1 жәнеҒ2 күштерінің айырмасына тең, яғни Ғы═Ғ12.
Сонымен, сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.


Есеп шығару (I) жеке жұмыс:
1. Тастың ауадағы салмағы 30 Н, тастың судағы салмағы 10 Н. Тасқа әрекет ететін кері итеруші күш неге тең?
2. Сұйыққа батырылған денеге 20 Н кері итеруші күш әсер етеді. Дененің көлемі қандай?


Бекіту сұрақтары(I) жеке жұмыс:
1. Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суында жүзген жеңілірек?
Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек
2. Архимед заңының формуласы қандай?
3. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?
Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл, өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.
4. Ертедегі гректерде Архимед өте күшті адам болған деген аңыз бар. Ол судың ішінде тұрып, сол қолымен 1000 кг жүкті көтерген екен, бірақ беліне дейін ғана. Бұлай болуы мүмкін бе?
Жауабы: Мүмкін, егер жүктің көлемі үлкендеу
5. Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады?
6. Неліктен денені суға батырған кезде динамометрдің көрсеткіші өзгереді?
Жауабы:Ауырлық күшімен қатар денені судан ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді.
Рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой:
жасыл-жақсы ұқтым
сары - кейбір сұрақтарым бар
қызыл -ұқпадым
Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау
Уй тапсырмасы: &29 жат 4.6 №8.11 Прак, ж №15 (1,2). Неге тәрелкені суға қырымен салса батады, ал түбімен салса батпайды? Түсіндірме әңгіме құрастыру

Миға шабуыл сұрақтары арқылы үй жұмысын қайталау сұрақтары қою.

Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді.


Өйткені допқа күш әсер етті.
Оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.
Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.

Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.


Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.


Видеоролик көру барысында Архимед заңының толық физикалық мағынасын түсінеді.


Кері итеруші күш формуласын есеп шығаруда қолданады.


Оқушыларға сабақ соңында сабақты бекіту сұрақтары беріледі







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет