Әлемдік мәдениеттің тарихы адамзат қоғамының пайда болуынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы ретінде қарастырылады. Оның зерттеу әдістерінің бірі, негізгі мақсаты - мәдениеттерді типіне қарай классификациялау және нақты мәдени-тарихи процесстегі орнын белгілеу болып есептелетін мәдениеттің тарихи типологиясы болып табылады. Типология –
мәдениет дамуын ой елегінен өткізу және оны зерттеу тәсілі. Тарихи-
мәдени қозғалысты мәдениеттану ғылымы тарихтан басқаша қисынмен зерттейді.
Мәдени
типтер
жайындағы
басты
мәдениеттанулық
қағидалар.
Н.Данилевский «Ресей және Европа»/1869/ еңбегінде мәдениеттердің туу,
өркендеу, құлдырау және жойылу стадияларынан өтетінін, локальді «мәдени-
тарихи типтер» концепциясын негіздеп, тарихи процестің сызықпен даму идеясын
жоққа шығарды. Ол жалпы адамзаттық өркениет жоқ, тек мәдениеттің түрлі
типтері бар деді. Ол 10 тұйықталған мәдени-тарихи типті қарастырды: мысырлық,
қытайлық, ассирия-вавилония-финикиялық, халдейлік немесе көне семиттік,
үнділік, еврейлік, гректік, жаңа семиттік немесе арабтық, римдік, роман-германдық
немесе европалық. Н.Данилевский мәдениеттер