Бұл құрал информатика сабағын оқушылар үшін қызықты және түрлендіре өткізуге жәрдемдеседі



бет5/33
Дата30.01.2022
өлшемі7 Mb.
#116270
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Авторлық бағдарлама 5 сынып

6-сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Ақпаратты кодтау.

Сабақ мақсаты:

1.Кодтау түсінігін қалыптастыру.

2.Шифрлардың кейбір түрлерімен танысу.

Сабақ типі:Түсіндіру, әңгімелесу.

Білім және білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс;


  • ақпараттың не екенін,ақпараттың қасиеттерін;

  • ақпараттық процесс ұғымын;

  • кодтың және ақпаратты кодтаудың міндетін;

  • ақпаратты өлшеу тәсілдерін;

  • ақпарат мөлшерін өлшеудің негізгі бірліктерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

  • адам іс-әрекетінің,тірі табиғаттың және техниканың әр түрлі саласындағы ақпарат пен ақпараттық процестерге мысал келтіруді;

  • ақпараттық процесс түрлерін анықтауды;

  • ақпараттық қоғамның қалыптасуын сипаттауға мысал келтіруді.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткен сабақта алған білімдерін жан-жақты тексеру.

Қайталау сұрақтары:


1.Ақпарат деген не?

Ақпарат-қоршаған орта мен ондағы болып жатқан процестер туралы хабар мен мәліметтер.
2.Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?

Ақпараттық процестер дегеніміз-ақпарат сақтау, беру және өңдеу.
3.Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

Ақпарат пайдалы, толық, объективті, жаңа болуы керек.

Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?



Ақпараттың ең кіші бірлігі-1 бит.
ІІІ.Жаңа тақырып

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.

Кодтау-бұл ақпараттарды сақтау қайта қалпына келтіруге ыңғайлы етіп оны түрлендіру.

Ақпараттың кодталуы (кейде шифрлау деп те атайды) оның кері кодталу (декодирование) процесімен тікелей байланысты.

Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.

Тапсырма:

1. сандардың өсу реттілігіне қарай орналастырса,қандай сөздер?

9

2

4

6

1

5

3

7

8

Р

О

П

Ю

К

Ь

М

Т

Е



4

5

1

7

2

3

6

И

Т

М

Р

О

Н

О

2.Жасырылған сөздерді тап.Бірінші сан-бағана нөмірі,ал екінші сан-жол нөмірі.




С

П

Қ

Р

Б

Ы

Т

Е

А

Л

Д

У



(1,1)

(3,3)

(2,3)

(1,1)

(4,3)

(1,1)

(3,2)























(1,3)

(1,1)

(3,3)

(3,2)

(1,1)

(4,1)


















1 2 3 4


(3,3)

(1,1)

(1,2)

(2,2)

(2,1

(3,1)

(1,1)

(4,1)
























7-сабақ
Сабақтың тақырыбы:Компьютермен танысу.



Сабақтың мақсаты:

1. Компьютерді және оның бөліктерін түсіндіру.

2.Компьютерлік сыныптағы тәртіп сақтау ережелерімен таныстыру.

3. Көз жаттығуларымен таныстыру.



Сабақ типі:Түсіндіру, әңгімелесу.

Білім және білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс;

-Компьютердің құрауыштарын.



Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

-компьютермен жұмыс жасауды.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткен сабақта алған білімдерін жан-жақты тексеру.



ІІІ.Жаңа тақырып

Ақпарат өзімен –өзі болмайды.Ол іздестірудің., жинақтаудың, сақтаудың, жеткізу мен өңдеудің және пайдаланудың барысында, ақпараттық процестерде айқындалады.

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.

Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер.Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар құралдар кешенін компьютер деп атайды.

Компьютердің құрамына жүйелік блок,монитор,пернетақта және тышқан енеді.

Дербес компьютер дегеніміз ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы.

Дербес компьютердің бөліктері.

Жүйелік блок- бұл компьютердегі кез- келген ақпараттарды электр сигналдарының тізбектері ретінде өте ұшқыр жылдамдықпен қабылдауға және өңдеуге негізделген құрылғы.

Монитор- бұл кез- келген ақпараттарды экранға шығаруға негізделген құрылғы.

Пернетақта- бұл кез- келген ақпараттарды компьютерге жүйелеп енгізуге негізделген құрылғы.

Баспа құралы- бұл кез келген ақпаратты компьютерден қағаз бетіне түсіріп, шығаруға негізделген құрылғы.

Тышқан- компьютерде берілген командаларды жарық қаламымен басқаруға бейімделген құрал.

Тапсырма: 1.Компьютермен не істеуге болады.



Тапсырма:

1.Суретте компьютердің қандай құрылғылары көрсетілген.



8-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Пернетақтамен танысу.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды пернетақтамен таныстыру.

2.Меңзер ұғымын енгізу.

3. Пернетақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.



Сабақ типі:Түсіндіру, әңгімелесу.

Білім және білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс;

-Компьютердің құрауыштарын.

-пернетақтамен жұмыс істеуді.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

-компьютермен жұмыс жасауды.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткен сабақта алған білімдерін жан-жақты тексеру.



ІІІ.Жаңа тақырып

Балалар, бүгін біз алғаш рет компьютермен жұмыс істеп отырмыз.Енді біз компьютердің негізгі құрылғыларының бірі-пернетақтамен танысамыз.



Пернетақта –компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерде кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды.Пернетақтада 101-102 перне болады.Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет