Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі


-сурет. Өзіндік бағалауы төмен оқушылар



бет8/19
Дата07.02.2022
өлшемі483 Kb.
#87348
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
4-сурет. Өзіндік бағалауы төмен оқушылар.


Мінез – құлқында қиындығы бар оқушылар (6 – шы сыныптар)



Аты - жөні

Ең қиын

Тыншссыз

Үлгері мі
нашар

Ұялшақ

Қырсық

Қарым
қатнаы нашар

Өтірік айтады

қорқақ

1

Саламат

+




+







+







2

Айбек










+










+

3

Алмас







+




+










4

Арман

+

+







+

+







5

Миіржан

+










+










6

Арайлым




+

+







+

+




7

Назира










+










+

8

Мақпал







+













+


2.3. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу және коррекциялау жолдары
Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.
Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген және оны ұрына білген. Мысалы, "Баланды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға -ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла" деген ғибраты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан сезімін түсіну, ұғыну, оған көмектесу.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.
Осынау өмірдегі әрбір жасеспірімге тән қасиет - ешкімге бағынышты болмай, қатар - құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін кенілді еткізу. Ол "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымдарының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын төрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, 'тәрбиесі қиын балалар" әдетте өмір -әжірибесінің таяздығынан, ерік-күшін аздығынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тардырдың тәлкегіне түседі. Қиын» балалар ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Ал қазір мұндай жасөспірімдер көп.
«Қиын» оқушыларды екі топқа бөлуге болады:
Біріншісі тән кемтарлырғы және жан-жарақаты бар оқушылар.
Екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінэн мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.
Мектеп жағдайында қиын оқушыларды зерттегенде алдымен олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.
1. Темпераменті, жьныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері)
2. Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері(ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау биологиялық ерекшеліктері)
3. Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дардысы, іскерлігі мен ептілігі.
4. Жеке адамның жаппы барыт-бағдары мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі.
5. Қиын бала туралы жалпы мәлімет, отбасындағы тәрбие жағдайы, сыныптастарының қиын балаға қатысы, қиын оқушының оқуға, еңбекке айналасындағы адамдармен өзіне қарым қатынасы.
Тәрбиесі қиын балалардың пайда болуына бірден - бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі. Оның бастылары:
-біріншіден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау;
-екіншіден, баланың бар жағдайынжасау, яғни мұң -мұқтажын толығымен орындау; -үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қапыптастырмау;
-төртіншіден, отба­сындағы жағдай және отбасының әлеуметтік жағдайы,
Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленісе түсетіндігі айқын. Себебі, мектепте кейбір мұғалімдер баланың жеке басын сыйламай, педагогикалық этикаға жат қылықтар көрсетеді.
Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегі кемшіліктерд: төмекдегіше топтауға болады.
1. Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Оқушылардың дара ерекшеліктеріне, адамгершілік қасиеттерінің ауытқу себептеріне толық көңіл аудармауы. Ұжым арасындағы қарым-қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырмауы.
2. Тәрбиесі "қиын" оқушылармен тіл табыса алмауы яғни, жеке педагогикалық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдерді қолдану: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыфз жазалау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту, т.б. Дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімдердің ыза кегін туғызып, балаға кері әсерін тигізеді.
3. Кейбір педагогтердің психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіби шеберлік дәрежесінің төмен болуы да себеп болады.
Қиын оқушылардың проблемаларын шешуде мұғалім ең басты оқушылармен психологиялық түйіспе (контакт) орната білуі керек. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жандүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.
Үлкендер мен жеткіншектердің арасындағы қатынас мынадай жағдайларда сәтті дамиды:

  1. Егер жеткіншек үлкендердің әрекетеріне шын ниетімен қолғабыс көрсетс;

  2. Егер үлкендер жеткіншектерге үлгі бола білсе;

  3. Егер үлкен адам жеткіншекті өзінің існе қатыстырып, керекті ептілікке үйретсе, қиындықтармен күресуге көмектессе.

Осындай түйіспе жасау үшін мұғалім балалардың әр жағдайдағы қылықтарын жүріс-тұрысын дұрыс бағалай отырып, соған өзінің әрекеттерін, тұлғалық сипатын сәйкестендіру қажет.
Мектепте оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі – сынып жетекшілері. Сынып жетекшілер жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдасып, ата-аналармен және жұртшылықпен бірлесе отырып, жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ғана ие бола алады. сондықтан әр уақытта оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар жүргізіп, нақты талдау жасап отыруы қажет.
Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жақты біліп, олардың тәрбиелік деңгейін анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек. Бұл ретте ұстаз оқушылардың тәрбиелілігін көрсететін саналылығы, адамгершілігі мен имандылығы, эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі, қызығуы, қоршаған ортаға өнерге бейімділігін т.б. ескеруі керек. Сынып жетекшілері туралы әдістемелік хатта: сынып жетекшілері әр уақытта оқушылардың жаңа ұжымын қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала тәрбиелеу шарттарын зерттейді делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші міндеті – балалар өсіп тәрбиеленетін ортаны зерттеу. Жас ұрпақ тәрбиесі бір пәс босаңсуды көтермейтін тіршілік тынымсыздықтың аса өзекті тетігі болғандықтан, ешқашан күн тәртібінен түскен емес. «бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат болады»,- дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шынайы мәніндегі «адам» болып қалыфптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін аумағы кең жауапкершілігі күрделі процесс екенін ұқтырса керек.
Тиімді тәжірибелі педагог ұзақ жылғы бай тәжірибесін бала тәрбиесіне орынды жұмсай білсе, бұл салада оң нәтижелерге қол жеткізуі сөзсіз. Ал, керісінше, әйтеуір күнім өтсе болды деп, жалақының ықпалында кетсе, бұдан өзгелер үлгі аларлықтай бір нәрсе шыға қоюы қиын. Қысқасы бұл кәсіп енжарлық пен селқостықты, жүрдім-бардым тірлікті көтермейтін кәсіп.
Бүгінгі тәрбиеге бүгінгі қоғамға келсек, бүгінде оқушыларды ешнәрсемен таң қалдыра алмайсың. Олар өз тәжірибесінен бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда сауатты. өйткені олар куүнделікті теледидарды қалт жібермейді, гаезт-журналдардың сан алуан ақпараттардан да хабардар. Бұл балаларға тәрбиеден бас қатырудың шамалы деген сөз емес. Олай десек қатты қателесеміз. Жаңағы айтқан ақпарат көздері ендігі жерде тәрбие істерін жеңілдетіп қана қоймайды, керісінше жаңа мәселелерге жол ашады.
Психологиялық түзету жұмыстары психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті.
Жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиыншылықтарды анықтап алған соң дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу кезінде төменгі факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белігілі: отбасындағы жағдайы, досы кім, бос уақытын кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқытуда неден қиналады, сынып ұжымымен және ұстаздармен қарым-қөатынасы қалай, оның өзіндік тұлғалық ерекшеліктері. Осындай ерекшеліктерін есепке алу – оған дұрыс диагноз қою мен бірдей. Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем қабылдауына оң әсер ететіні белгілі жайт.
Зерттеу барысында біз оқушылардан бойынан мынадай қиындықтарды анықтадық: дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, өзіндік бағалауы төмен, жасқаншақтық т.б. осы анықталған қиындықтары түзету үшін оқушылармен тренинг сабақтар, рольдік сюжеттік ойындар, сұрақ-жауап әдістері, әңгімелер жүргізілді. Бұндай ойындар біздің зерттеуімізде түзету коррекция мақсатын көздейді. Ойланып жоспарланған түзету жұмыстары оқу тәрбие жұмысында мінез-құлқында қиындығы бар балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса маңызды болып табылады.
Біріншіден, мектеп жоспарында, қиын балалардың барлығы үшін жүргізілетін іс-шаралар болуы керек. Екіншіден, әрбір қиын оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс бағдарламасының болуы. Осындай бағдарламада қиын балаларға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ топтардың жағымсыз әсерінен оларды қорғаштау, сабаққа қызығушылығын арттыру, қандай бір істерде оларды ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы тиіс.
Оқушылардың бойынан анықталған қиындықтарды түзету мақсатында жүрігізлген жұмыстарымыз бойынша біз ұстаздарға, мектеп психологтарына арнап арнайы бағдарлама құрдық.
Бағдарлама мақсаты:Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды (дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, өзіндік бағалауы төмен, ұялшақтық) түзету.
Бағдарлама міндеті:

  1. өзін және басақаларды сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету;

  2. Оқушының өзіне деген сенімін арттыру;

  3. Өз жұмыстарын үлкендердің көмегінсіз өз бетінше орындауға дағдыландыру. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады. (№1 қосымшада көрсетілген.)

Ғұлама Әл-Фараби «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді-өзің түсіну» десе, К.Маркс «Өзіңді-өзің тану» даналықтың бірінші белігіс деп ескертеді.
«Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді» деген неміс психологы Н.Энкельман.
Балалардың өз мүмкіндіктерін өздігінен тануы негізінде дұрыс қарым-қатынасқа үйретуді, бойларында кездесетін ұялшақтықты, жасқаншақтықты жоюды алдымызға мақсат етіп қойып «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жасады.
Егерде олардың ішкі жан дүниесі «табиғатын» біле-білсек, соғұрлым қиын баланың мінез-құлықтарындағы адамгершілік шағын ғана сыр сипатын бөлектеп алып, соған негіздей жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан құра біліп, жағымсыз қылықтарын жоюға мүмкіндік туғызу қажет. Осыған орай, қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар:

  1. әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын анықтау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу;

  2. әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көзқарасты, ұжымшылдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру;

  3. әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап-тіліктеріне орай қабілеті мен икемділіктерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру;

  4. кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.

Әрбір қиын балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп, оларды қайта тәрбиелеуде жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі – этикалық әңгімелесу, ол оқушынызерттеп тануда, тәрбиелеуде, қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.
Әңгімелесу - оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке уаым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, жанұя жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтары жайлы этикалық мәселелерді оқушылар ұжымы арасында жария етуге болмайды немесе қиын баланың кейбір қылықтарының себебін, ауыр сезімдер, қайғы-қасіреттерін сынып ұжымы түсінбеуі де мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі психолог баланың басынан өткен оқиғаны немесе әртүрлі жағдайларды дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның обьетивті түрде ұғынуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Бір ескертетін ерекшелік, қиын бала мағынасыз әңгімелерді жақтырмайды. Жөнсіз арнайы әңгімелерге тарта беріп мазасын алса, әр уақытта олар қарсылық көрсетеді. Қиын жасөспірімдер дербес мінезді, өмір тәжірибелері ұлғайып, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы күрделеніп, көп жағдайда тәуелсіздікке талаптану әрекеттері жеке бастарын жоғары санаушылыққа, өркөкіректікке итермелеп, дау-жанжалдасуға, дөрекілікке, қатыгездікке себепші болатындығын жеке тәрбие жұмысында, соның ішінде жеке әңгімелесу тәсілдерді ескерген жөн.
Сонымен, қиын оқушымен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және жас ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізген кезде көңіл аударарлық әдіс – олардың бейім-қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру және орынды педагогикалық талаптар қою. Көптеген қиын оқушылардың мінез-құлықтар стеротипін өзгертіп адамгершілік қасиеттерге бағдар беруде олардың ұнамды психикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, мектептегі қызықты да тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыруға болар еді.
Қиын балалардың типтік өзгешеліктері – эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ, білектің күшіне сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейірімсіздік, дөрекілік, қиқарлық, өзімшілдік, менмендік қылықтарымен сипатталады. Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктер: қиқарлық, қыңырлық, менмендік, өзімшілдік.
Көп ретте, отбасындағы келіспеушілік, оған қоса мектеп жағдайында жеткіншектердің жеке басын сыйламаушылық, мұғалімдер мен қиын оқушылардың арасында туындайтын дау-жанжал, ұрыс-керіс жинақтала келе баланың үйінен кетуіне, мектепке бармай қаңғыбастыққа душар етеді.
Педагогикалық шешім:
1. Әрбір қиын баланы;жан-жақты зерттеп , мінез-құлығының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу.
2. Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәрбиелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көз- қарасты, ұжымшылдық қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру.
3Әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және шығармашылық
талап-тілектеріне орай қабілеттімен икемшіліктерін дамыту, қоғамдық

жұмыстарға қатыстыру.
4. Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымшылдық өмір қатьінастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою:
5-Дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгершілікті сыр сипатын, оқу- тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда және жеке басын сыйлау, оның дамуына объективті жағдайлар туғызу.
6) отбасында, мектепте,қоғамдық орындарда қандайжағымсыз әдет-дағдылар
баланың
мінез-құлқына, жүріс тұрысына әсер ететіндігін анықтау.
7) қиын баланыңбағыт-бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болмаса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың программасын жоспарлау. . :
8) дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгешілікті сыр сипатын, оқу. тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда және жеке басын сыйлау,оның дамуына обьективтіжағдайлар туғызу.
Қазіргі таңда педагогтардың басты міндеті оқушыны тек білім нәрімен сусындату емес, сонымен қатар оның адамгершілік қасиеті мен мәдениетін қалыптастыру және жазғы демалыс кезінде баланың бос уақытын тиімді өткізуіне, демалуына жағдай туғызу болып табылады. Міне, сондықтан қай кезде болмасын мектептің талаптары мен моральдік нормаларын орындамайтын оқушылармен жұмыс жасау ең қажетті, ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады.
Мұндай жасөспірімдерді мектеп практикасында "Қиын балалар", "Тәртібі нашар балалар", "Тәрбиесі қиын балалар" дейді.
Қазір бұл кеңестік кезден келе жатқан ұғым ескіріп барады. Шет елдерде дәл осы ұғымды "девянтное поведение" деп те жүр. Орыстарда "отклоняющиеся поведение" немесе "группа риска" дейді, бірақ бұл ұғым көңілге тиетіндей ауыр анықтама.
Ғылыми зерттеу шараларының қорытындысы бойынша және күнделікті өмірде көргеніміздей дәл осындай балалардың оқуға деген ынтасы нашар болады. Олар мұғалімге де, басқа оқушыларға да кесірін тигізеді. Көпшілік бұзақылар мен қылмыскерлер де дәл осындай контингенттен шығады. Мұндай балаларды болдырмау және оның алдын – алу мектепте немесе жазғы сауықтыру лагерлерінде болсын педагогтардың іскерлігі мен білімділігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет