Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі



бет9/19
Дата07.02.2022
өлшемі483 Kb.
#87348
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Жазғы демалысты өткізу – мемлекеттік тұрғыдағы мәселе. Сондықтан бұған аса жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жазғы дәмалысты талдағанымызда, біз тек қана жоғары деңгейде ұйымдастыру жақтарын емес, физикалық, психологиялық және әлеуметтік дені сау тұлғаны қалыптастыру жақтарын басты міндетімізге айналдыруымыз керек былайша айтқанда жан-жақты тәрбие беру жолдарын қарастыруымыз қажет.
Жазғы сауықтыру лагерьлерінде тәрбие жұмыстарын жоспарлағанда мына нәрсені ұмытпауымыз керек Бала дүниеге келгенде оның балалық шақ кеңістігінде адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.
Тәрбие - жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиеші оның құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие, алдын ала жасалған арнайы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Тұлғаның даму процесінде ең қажетті әдіс - өзін - өзі тәрбиелеу.
Бұл әдіс оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез - құлқындағы кемшіліктері мен іс-әрекеттеріндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы ерік-жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Тәрбиеші оқушының білімін, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт беріп, әрдайым көмектесіп отырады.
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні зор. Бірыңғай тәрбие ұжымы - бұл тәрбиешілер мен балалардың бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиеші ұжымдық шығармашылық істе игереді. Ұжымдық шығармашылық іс - бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет