Іс-әрекет алгоритмі: - 1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).
- 2. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз)
- 3. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен
- мақсатын түсіндіріңіз.
- 4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.
- 5. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.
- 6. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз, иненің қалпағын
- кигізіп, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз (стандартты
- қараңыз).
7. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды білектің ішкі бетін жоғары
қаратып қойыңыз.
8. Қолыңызды антисептикпен қайта өңдеңіз.
9. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір
бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын
жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз).
10. Спирттің толық кебуін күтіңіз.
11. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен - иненің канюлясынан, V
саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен - цилиндрдің қыр жағынан
ұстаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |