Бұлшық етке дәріні егу алгоритмі, ине егу кезіндегі асқынулар мен алдын алу



бет2/8
Дата11.12.2021
өлшемі116,18 Kb.
#99486
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
10. Бұлшықетке егу

Тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көк тамырға шприцпен дәрі енгізу-инъекция деп аталып, оны мейірбикелер мен дәрігерлер іске асырады. Ол үшін “Рекорд”, “Люэр” деп аталатын шприцтермен инелерді пайдаланады. Соңғы кездері ел арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың шприц арқылы тарай бастауына байланысты (жүре пайда болған иммунды жетіспеушілік нышандары бар кесел, сары ауру) бір мәрте пайдаланатын шприцтерді кеңінен қолдануда. ЖИТС инфекцияның таратуын алдын алу мақсатымен пластмассадан стерильді, бүтін қапшықтағы бір рет қолданылатын шприцтер кеңінен тараған. Шприц - тюбиктің бір рет қолданатын шприцтен айырмашылығы - оның іші дәріге толтырылады. 100 және 200 мл сыйымдылықты Жане шприці қуыстарды жуу үшін қолданылады.

  • Тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көк тамырға шприцпен дәрі енгізу-инъекция деп аталып, оны мейірбикелер мен дәрігерлер іске асырады. Ол үшін “Рекорд”, “Люэр” деп аталатын шприцтермен инелерді пайдаланады. Соңғы кездері ел арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың шприц арқылы тарай бастауына байланысты (жүре пайда болған иммунды жетіспеушілік нышандары бар кесел, сары ауру) бір мәрте пайдаланатын шприцтерді кеңінен қолдануда. ЖИТС инфекцияның таратуын алдын алу мақсатымен пластмассадан стерильді, бүтін қапшықтағы бір рет қолданылатын шприцтер кеңінен тараған. Шприц - тюбиктің бір рет қолданатын шприцтен айырмашылығы - оның іші дәріге толтырылады. 100 және 200 мл сыйымдылықты Жане шприці қуыстарды жуу үшін қолданылады.
  • Шприц тұтас, жарықсыз, жақсы келетін поршеньмен болуы тиіс, сонда ол бүтіндігін сақтайды.
  • Шприцтің бүтіндігін тексеру оңай: саусақпен ине салатын конустағы тесігін жауып, поршеньді кері қарай тартып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень тез өзінің орнына тұрса, шприц бүтін деп саналады.
  • Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1, 2, 5, 10 және 20 мл болады.
  • Әр түрлі егуге сәйкес ине қолдану өте маңызды.
  • Тері ішіне - 1 мл, 15 мм иненің ұзындығымен диаметрі 0,4 мм туберкулинді шприц.
  • Тері астына – 1-2 мл, кейде 5 мл, иненің ұзындығы 20 мм диаметрі 0,4-0,6 мм шприц.
  • Бұлшық ет арасына – 1-10 мл, 60, 80 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц Көк тамырға- 10-20 мл, 40 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц.
  • Шприцке дәрінің мөлшерін дұрыс сорып алу үшін, шприцтің бөлігінің деңгейін білу керек. Бөліктің деңгейін анықтау үшін, цилиндрде ине салатын конусқа ең жақын миллиметр санын көрсететін санды тауып алып, кейін сол санның және ине салатын конустың арасындағы бөліктердің санын анықтап, тапқан санды бөліктердің санына бөлу керек.
  • Мысалы: 20 мл шприцтің цилиндрінде ине салатын конусқа ең жақыны 10 саны. Конустың және 10 санының арасындағы бөліктің саны 5-ке тең, 10-ды 5-ке бөлгенде 2 мл болады. Бөліктің деңгейі бағасы осы шприцте 2 мл.
  • Аз сыйымдылықпен арнайы шприцтер болады, ондағы бір-бірінің аралықтары 0,01 және 0,02 мл сәйкес бөліктер қойылады. Ол ауыр әсер ететін дәрілерді – инсулин, вакцина, сарысуларды ең нақты мөлшерде енгізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет