3.Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.
4.Субарахноидалдық кеңістікке.
Алғашқы екі түріне тоқтала кетсек, яғни, жиі медицинада ең көп қолданылатын 4 тәсіл: тіндерге – тері ішіне, тері астына, бұлшық етке және тамырларға – көк тамырға егу тәсілдері.
Мақсаты: диагностикалық. Қолдану көрсетілімдері: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін. Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары. Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі. Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, мақта шариктерін 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.