Блум таксономиясын химия пәнінде қолданудың тиімділігі



бет3/5
Дата06.02.2022
өлшемі19,98 Kb.
#76370
1   2   3   4   5
II деңгей. Түсіну. Сабақ барысында оқушы оқу материалдарын өз сөзімен қысқаша баяндайды және әр түрлі жағдайларда қолданылуын түсіндіреді. Оқушы өз түсінігі бойынша қандай өзгерістердің болатынын және салдары мен нәтижелеріне болжам жасайды. Мысалы, оқушы: атом- молекулалық ілімнің негізінде заттар массасының сақталу заңын; химиялық реакция теңдеулерінің оқылуын; химиялық реакцияға мысалдар келтіруді түсінуі керек.
III деңгей. Қолдану. Бұл деңгей меңгерілген білімдердің нақты жағдайларда қолданылуына негізделген. Берілген тапсырмада ережелердің, ұғымдардың, әдіс-тәсілдердің практикалық тұрғыдан қолданылуы қарастырылады. Түсіну деңгейіне қарағанда оқу материалдарының терең игерілуін талап етеді.
Мысалы, оқушы: химиялық реакция теңдеулерін жазуда заттар массасының сақталу заңын: реакция теңдеуіндегі бастапқы заттар (реагенттер) мен өнімдердің химиялық тілде жазылуын; тотығу дәрежесі және валенттілік бойынша химиялық формулалардың құрастырылуын; химиялық реакция белгілерінің негізінде қоршаған ортадағы химиялық құбылыстардың анықталуын; есептер шығаруда заттар массасының сақталу заңының қолданылуын білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет