1.4-тақырып. Балабақшадағы технология сабағында жапсыруды бірте-бірте орындау реттілігі. Технология сабағы – оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ түрлері. Балабақшадағы технология сабағында жапсыруды бірте-бірте орындау реттілігі. Шамамен алынған технология сабағының құрылысы жəне оны ұйымдастыру. Білім алушылардың білімі, біліктілігі жəне дағдыларын тексеру жəне бағалау.
Сабақта техникалық оқыту құралдары мен қазіргі заман ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану. Нұсқаулықтар түрлері. Тапсырмалар.
2 бөлім. Оқу əдістемесі мен материалдарды өңдеу технологиясы.
2.1-тақырып. Қағаз бен қатырма қағазбен жұмыс істеу технологиясы.
2.1.1-тақырып. Қағаз жəне қатырма қағазбен жұмыс істеу технологиясының ерекшелігі. Өлшеу, белгілеу жəне бақылау, олардың технологиялық процестегі орны мен маңызы. Белгілеу жəне өлшеп-бақылауға арналған құралдар: сызу тақталары, рейшина, масштабтық сызғыштар, сызба бұрыштар, техникалық циркульдер, мектепке арналған сызу құралдарының жиынтығы, қарындаштар, белгілегіштер. Белгілеу жəне өлшеу құралдарын жұмысқа дайындау жəне тексеру. Өлшеу жəне өлшеу құралдарын қолдана білу.
Қағаздар мен қатырма қағаздарды өңдеу процесінде техникалық құжаттарды пайдалану: эскиздер, техникалық суреттер мен сызулар, технологиялық карталар.
Білім алушыларды техникалық сызу элементтерімен таныстыру. Графикалық кескіндердің түрлері. Сызу-техникалық құжаттардың негізі болып саналады. Сызулардың түрлері мен мазмұндары. Бастауыш сыныпта қолданылатын сызулардың ерекшеліктері, сызуларды оқудың реттері. Сызудағы шартты белгілер: заттың нұсқасы орталық жəне ось, жеке орталық сызықтар, көрінбейтір нұсқалардың сызықтары, бүгіліс сызықтар, белгілеудің тəсілін бұйымды көрсету үлгісін беру: эскиз, техникалық сурет, сызу, ауызша суреттеу. Белгілеу процесіндегі өлшеудің тəсілдері.
Тапсырма: сызу аспаптары мен құралдарын тексеру. Жұмысқа қажетті қағаздар мен қатырма қағаздардың дайындамасын белгілеу. Жұмыс альбомында əртүрлі шаблондар мен трафареттерді сызу. Негізгі геометриялық фигураларды сызу.