«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы


- тақырып. Қағаз бен қатырма қағаз. Көлемді геометриялық формалар. Шырша ойыншықтарын дайындау



бет8/12
Дата08.09.2023
өлшемі62,59 Kb.
#180486
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
РУП технология ҚМ (1)

2.1.2- тақырып. Қағаз бен қатырма қағаз. Көлемді геометриялық формалар. Шырша ойыншықтарын дайындау.
Қағаз жəне қатырма қпғаздың адам өміріндегі, өндірістегі жəне тұрмыстағы маңызы. Қағазды шығару жайлы мəлімет, қағаз өнеркəсібі. Қағаздардың өнеркəсіпте жəне тұрмыста қолданылуы. Қағаз бен қатырма қағаздан көрнекі құралдар, макеттерді, үлгілерді, тұрмыстық заттарды дайындау үшін қажетті материал.
2.1.3-тақырып. Қағаз бен қатырма қағазды өңдеу кезінде шаблонды, трафаретті, штампты қолдану.
Трафарет жəне штамп туралы ұғым. Өндірістің əр түрлі саласында шаблондарды, трафареттерді жəне оларды дайындаудың əдістері. Мектепте шаблондар, трафареттер, штамптармен жұмыс жасау əдістемесі.
Практикалық жұмыстар: трафареттердің, штамптардың көмегімен көрнекті құралдарды, сəндік бұйымдарды дайындау.
Трафареттердің, штамптардың таңбаларын, халықтық оюлардың жақсы шыққан үлгілерін жұмыс альбомына желімдеу.
2.1.4-тақырып. Қағаз бен қатырма қағазды бүгу жəне қаттау.
Бүгу өндірістік операциясы, оның мəні. Қағазды, қатырма қағазды, ағашты, металды жəне басқа материалдарды бүгу. Қағаз бен қатырма қағазды машиналардың көмегімен бүгу.
Бүгу мен қатпарлаудың тәсілдері. Цилиндр формалы бұйымдарды алуда қатырма қағазды бүгу, қатпарлау əдістерінің ерекшеліктері.
Бастауыш сыныптардағы қағаз бен қатырма қағазды бүгу жəне қатпарлауды оқыту əдістемесі.
Тапсырма: бүгу жолымен алынған көлемді бұйымдарды альбомға салу. Бүгу нəтижесінде алынған жалпақ бұйымдарды альбомға желімдеп жапсыру.
2.1.5-тақырып. Қағаз бен қатырма қағазды кесу. Біріктіру жұмыстар.
Кесу - өндірістік операцияның бір түрі жəне маңызы. Өндірісте қағазды, қатырма қағазды, металды, ағашты жəне басқа материалдарды кесу.
Қол құрал - саймандарымен кесуарқылы қағаз бен қатырма қағазды қолмен түзеу жəне қисық сызық бойымен, қайшымер, пышақпен кесу. Кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Қағаз бен қатырма қағаздан қиылған бұйымдарды құрастыру.
Қағаздан жəне қатырма қағаздан жасалынған бөлшектерді біріктіру
Құрастыру-монтаждау операциясы мен технологиялық процесі. Қағаз бен қатырма қағаздан жасалған бұйымдарды желім, қағаз, жіппен, матамен, сыммен біріктіру.
Қағаз бен қатырма қағазды желімдеу. Өсімдіктен жасалынған желімдер, жануарлар тегінен жасалынатын желімдер.
Мектеп жағдайында қолданылатын əр түрлі желім. Əр түрлі желімдердің артықшылығы мен кемшілігі. Əр текті желім түрлерін дайындаудың əдістері. Желімдерді сақтау. Желім ертінділерін дайындау жəне онымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасы.
Желімдеудің тəсілдері. Қағаз бен қатырма қағазды тоқыма кездемелермен біріктіру.
Тапсырма: Дəптерге желім мен оны дайындау туралы мəліметтерді жазу. Желімдеу процесінде пайда болатын бүрісу-тырысулардың болу себептері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет