Технология Мектеп



Дата18.05.2020
өлшемі73,76 Kb.
#69302


Технология

Мектеп

Тақырыбы:

Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс технологиясы

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні

Сынып:

Қатысқан оқушылар

саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс істеуге үйрету; қағаз және қатырма қағазды бүктеу, желіммен жұмыс істеу тәсілдерін үйрете отырып бүктеу дағдысын қалыптастыру. 

Көбі: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. 

Кейбірі: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру және қағазды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: 

Қағаз түрлері, ашық хат түрлері, интерактивті тақта, электронды оқулық. 



Жұмысқа қажетті материалдар: 

Түрлі түсті қағаз, ақ қағаз, қатырма қағаз, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім, қол сүртетін сүлгі. 



Әдісі:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету. 

Ынтымақтастық атмосферасын орнату

Оқушылар үлкен шеңбер жасап тұрады. Мұғалім қасындағы оқушыға үлкен жүректі ұсынып, бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек жылы лебіздерін білдіреді. Сыныпта жақсы көңіл-күйді қалыптастырады







Күтілетін нәтиже:

Бәрі: топтық жұмыс жасауда өз үлесін қосып отырды

Көбі: желіммен жұмыс істеу тәсілдерін үйрете отырып бүктеу дағдылары қалыптасады

Кейбірі: қағаздың түрлерін ажырата алады.

Өткенді қайталау:

Симметрия, асимметрия туралы білімдерін тексеру

Сабақ барысы:

Уақыт

Сабақтағы іс-әрекет

Көрнекіліктер, ресурстар


Сабақтың басы 3-5 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу

-Топты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. 1 – топ «Күз», 2 – топ «Қыс», 3 – топ «Көктем», 4 - топ «Жаз» болып бөлінеді

-Сабақтың мақсаттарымен таныстыру

-Интерактивты тақтадан «Қатырма және қатырма қағаздан жасалған бұйымдар» слайдттар көрсетіледі.


Көк жапырақ, алма, сары жапырақтар, қар,стикерлері


Bilimdiler.kz



Koloner.wordpress.com



Жаңа сабақты түсіндіру 15-20 минут

1.Жалпы түсінік беру:

Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз, жұқа түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады

Қағаз дайындаудың технологиялық процесі без негізгі циклден тұрады:


  1. Ағашты орманда кесіп дайындау;

  2. Ағашты орманнан әкелу;

  3. Ағашты су ағынымен әкелу;

  4. Ағашты ұнтақтау;

  5. Қағаз жасау.

Қазіргі уақытта қағаз алудың шикізат көзі ағаш және целлюлоза болып табылады.

Целлюлоза- бұл өсімдік жасушасының негізі.

Ақ қағаз және түрлі түсті қағазды жасау үшін түрлі бояулар қолданылады.

Қағаз өнеркәсібінде шығарылатын ьірнеше түрлі қатырма қағаздардың ішінен мектепте оның тек кейбір түрлері қолданылады. Қағаздің қасиетін жақсы білу үшін оның түрлерімен таныс болу керек:


  1. Жазға арналған дәптер, пошта, блокнот.

  2. Баспа қағаздары газетт, кітап- журнал, түсқағаз

  3. Сызу- суретке арналған ватман, калька,миллиметрлі

  4. Орауға арналған иеталды, май өткізбейтін, парафинді

  5. Боялған маймаңкелі, гофрирленген, бархат, шегрен.

  6. Көшірме қағаз

  7. Сорғыш қағаз

  8. Арнайы қағаз зімпара, фотографиялық, медициналық, жарық өткізбейтін.

Қатырма қағаз- қалың әрі тығыз қағаз, 1 шаршы метрінің салмағы-250гр. Қатырма қағазға қарағанда өзінің беріктігі мен қалыңдығына қарай түрліше өңделеді.

2.Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау

1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.


2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ    болуын қадағалаңдар.
3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.
3.Желіммен жұмыс істеу тәртібі:

Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен біріктіруге болады.Желімді қағазға қыл қаламмен жағады.Заттың бөліктерін желімдеуге желімдегіш қарындаш, ПВА желімін пайдалануға болады.


1Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.
2Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.3Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.
4.Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатты-қатты соғайық

Қатырма қағаз, қауіпсіздік ережелері, желім


Практикалық жұмыс


Қатырма қағаздан бұйым жасау

әр топ өздері бір бұйымды таңдап бірлесіп жұмыс істейді.

Қатырма қағаздар, желім, қайшы

Бағалау


Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, өзін-өзі бағалау/әр топ өз жұмысын ұсынады/

Әр топтың мүшелері стикерлер арқылы жұмыстарды бағалайды.



Стикерлер, топтық жұмыстың жасаған жұмысы

Үй тапсырмасы


Қатырма қағаздан бұйым жасау





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет