«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты


Адам өмірінің мән–мағЫнасы



бет3/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Адам өмірінің мән–мағЫнасы – ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе. Өмір өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні сөзсіз. Яғни, бұл Адам–заттың өзіне қойған “мәңгілік” сұрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н. Толстой “Адамның ішінде екі “Мен” бар сияқты және олар бір–бірімен сыйыспай күресіп жатқан сияқты” – дейді. Бір “Мен”: “мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандардың бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана, сондықтан, бүкіл дүниенің мән–мағнасы маған деген жақсылықтың болуында” – дейді. Екінші “мен”: “Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына жаралған, сондықтан, саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны білгісі де келмейді” – дейді. Бұл өмір сүруге қорқыныш сезімін әкеледі” – деп қорытады ұлы ойшыл. Әрине, Адамның ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Біршама жағдайда біз тек ақыл–оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді (жақсы, я жаман болсын) жасауымыз ғажап емес. А. өз өмірінде, басқа тіршіліктер сияқты, әр–түрлі қажеттіктерін өтейді. Жаңғыз ғана дәулетке жету Адамды қанағаттандырып, оның өмірінің мән–мағынасын құрай алмайды. Оның сыртында талай рухқа негізделген Адамның қажеттіктері тұр. Адам. қажеттіктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасауға болады. Ең төменгі іргетасты физиологиялық тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана. жыныстық (дүниеге ұрпақ әкелу т.с.с) қажеттіктер.құрайды Екінші – экзистенциалдық қажеттіктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімділік, өмір сүру жағдайларының және қарым–қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтылығы т.с.с.). Үшінші – әлеуметтік қажеттіктер ( басқа адамдармен бірігіп, қарым–қатынасқа түсіп, солардың сый–сияпатына ие болу). Төртінші – престиждік, яғни, беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесінші – рухани қажеттіктер – шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге еңгізу, іске асыру.
Төменгі қажеттіктер өтелмейінше одан жоғарғылар Адамды қызықтыра алмайды. Өтелген қажеттіктер өз күшін жойып, Адамды жоғарғы қажеттіктерді игеруге итермелейді. Егер де төменгі қажеттіліктерді өтеу қоғамның даму деңгейіне байланысты қиын мәселеге айналса, ол Адам. өмірінің негізгі мән–мағынасына айналуы мүмкін. Бүгінгі таңда қаншама Адам. “нан табу” мәселесінің шеңберінен шыға алмай жүр?! Оны тарихи қалыптасқан қоғам өмірінің кемшілігі ретінде қарау жөн болар. Сонымен, өмірдің ең биік мән–мағынасы – шығармашылық сатыға көтеріліп, өз қабілеттеріңді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану болмақ. Ондай Адамға тән нәрселер:
– өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау;
– басқаларды өзің сияқты бағалап қабылдау;
– басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау;
– өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылық деңгейінде игеру;
– үнемі өз қабілеттеріңді әрі қарай дамытуға тырысу;
–мақсат–мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты, сұлулық пен көріксіздікті айыра білу;
– қай жерде болмасын өзіңді қарапайым, сыпайы ұстай білу.
Шығарма– Адамның тектік қасиеті. Сондықтан, әр Адам. өзінше шығармашылық сатысына көтеріледі. Мысалы, талай жылдар гүл өсіріп, осы істі сүйетін Адам. күндердің бір күнінде гүлдің бір жаңа түрін тудырмай қоймайды. Киім тоқитын көп балалы әйел журналдағы көп өрнектерді игереді де, күндердің бір күнінде өз өрнегін ойлап шығаруы мүмкін. Бәлкім, ол өрнек модалар журналында басылмас, бірақ, ол шығармашылық деңгейге көтерілді емес пе?! Егер қайсыбір нәрсені бұрынғыдай емес, жаңа жолмен, әдіспен жасасаңыз – ол да шығармашылықтың нышаны болмай ма? Көп жағдайда өз өміріңнің мән – мағынасын жоғалтып алмас үшін белгілі бір алдыңа қойған мақсатқа жете алмасаң, соған деген көзқарасыңды өзгертсең болғаны. Ондай ақуал қарапайым Адамдардың арасында қиын – қыстау заман кезінде жиі кездеседі. Адамның өмірінде тіпті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып (соғыс, жер сілкінуі, түрмеге түсу, қатерлі ісіктің пайда болуы т.с.с.) қолынан еш нәрсе келмей, тағдырдың тәлтегіне түскен кезде ол өмірінің мән – мағынасын жоғалтып түңілуі мүмкін. Ондай жағдай болмағанның өзінде әр Адам. өз өмірінің аяғында “қайғылы үштіктен” (зардап, күнә, өлім) өтеді. Осындай жағдайдың өзінде Адам. өз өмірінің мән – мағынасын жоғалтып алмауы керек. Ол “ой – толғау құндылықтарына” көшу керек, сонда зардап шегудің өзінен жан–дүниені тазартатын, көп нәрселерге жаңа баға берілетін мән–мағынаны табуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет