Бөбекжай бақшасының меңгерушісі


Тақырыбы: «Асық ату» ойыны Мақсаты



бет2/2
Дата01.08.2020
өлшемі55 Kb.
#75962
1   2
Байланысты:
Қазақтың ұлттық

Тақырыбы: «Асық ату» ойыны

Мақсаты: Асық ойындарын ойнату арқылы балалардың қабілетін дамыту, жылдамдыққа, дәлдікке , ұлтжандылыққа, туралыққа, түстерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды,

Сәлеметпе міне мен,

Доспын енді сенімен.



Ұйымдастыру кезеңі: Қоржыннан асықтарға байланған сұрақтарды оқу арқылы тақырыпты ашу.

1. Асық қандай жануарлардан алынады?

2. Ұлттық асық ойындарының қандай түрлерін білесіңдер?

3. «Сақа» деп қандай асықты айтамыз?

4. «Ханталапай» ойынының шарттарын атап беріңдер?

5. «Асық ату» ойыны қалай ойналады?

Сабақтың барысы: Балаларды төрт топқа бөлу.

Асық терапиясы .

Мозайкамен сандарды жазу.

Асықтарды түсіне қарай тізу.

Асықтарды 1 ден 10 ға дейін ретімен тізу.

Балалардың жұмысына талдау жасау.

Ұлттық ойын: «Ақсүйек»

Екі топқа бөлінген ойыншылар өз араларынан «Қарақшы» сайлап алады. Ойын басшысының біреуі ақсүйекті алады да,алыстау жерге лақтырады.Ол кезде екі жақтың ойыншылары теріс қарап тұрады,сүйек жерге түсе салысымен ойыншылар іздеуге кіріседі.Ақсүйекті тауған ойыншы қарақшыға апаруға тырысады,қалған ойыншылар ақсүйекті алуға тырысады.Ақсүйекті көп жинаған топ жеңімпаз атанады.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма-?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма-?

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.

Кім жүйрік ойға-сол алда-дегендей, ең озық ойлы баланы анықтаймыз.



«Ханталапай» ұлттық ойыны:

Шарты: Ойынға барлық балалар қатысады.Қоржындағы асықтарды балалар алдына шашып тастаймын,балалар жарыса асықтарды «ханталапай» деп таласып жинап алады.Бес асықтан көп жинаған бала жеңімпаз болады,аз жинаған бала тәрбиеші берген тапсырманы орындайды.



Қорытынды сөз

Қорыта айтсам, Ал, ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы үзілмей жалғасып келе жатқан асық ойыны күш-жігерді жетілдіріп, дәлдікке, мергендікке үйретеді. Бір байқағаным, бүгінгі балалар ата- анасынан оқу құралға емес, осындай компьютер ойнына ақша сұрап жатады. Мұның соңы неге апарып соғатынын кім білсін?.. Сосын ол балалардың тәбеті бірте- бірте құмар ойындарына да шабуы ғажап емес.Ал, асық ойыннын кез келген жерде, қалаған уақытында ақша төлемей-ақ ойнай бересің. Бірақ қазір түр –түрімен жаңарып, санамызды улап жатқан құмар ойындарының көптігінен құмарпаздар асық ойнына аса мән бермей жүр. Уақыт өте келе асық ойнының денсаулыққа пайдалы екеніне көзім жетті. Бір жағынан адам денесі қимыл- қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады. Екіншіден, жан тазалығы таза болады. Сондықтан тек тазалықтың ойыны дер едім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет