«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» кмм «Ойлан. Тап»



бет1/6
Дата15.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#168838
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ойлан тап Тлеубаева Г


«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ

«Ойлан. Тап»


(5-6 сыныптарға арналған әр түрлі логикалық тестілер жинағы)


Дайындаған: математика пәні мұғалімі
Тлеубаева Гульмира Кайроллаевна

2017 жыл
М А З М Ұ Н Ы:




КІРІСПЕ

3-4 бет

РУБИК ТЕКШЕСІ

5-6 бет

ТЕКШЕГЕ БЕРІЛГЕН ЕСЕПТЕР



6 бет

ЛОГИКА. КУБТЫ ҚҰРАСТЫРУ

7-8 бет

КУБТЫҢ ЖАЗБАСЫ

8-11 бет

ОЙЫН СҮЙЕГІ

12-13 бет

КЕҢІСТІКТЕ ОЙЛАУ

14-18 бет

КЕҢІСТІКТЕ БЛОКТЫ АЙНАЛДЫРУ


18-20 бет

ЖАУАПТАРЫ



21-22 бет

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



23 бет








КІРІСПЕ
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау емес, осы материалды шығармашылықпен қолдау шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке тұлға қасиеттері қалыптасады. Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, дамытуға болады. 
Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі.
Математикалық сауаттылық бойынша 5-6 сынып оқушылары үшін әзірленген тест тапсырмалары оқушылардың өмірлік жағдаяттарда математиканы қолдана білу қабілеттерін баяндауға, математиканы түрлі контекстерде тұжырымдауға, қолдануға және түрлендіруге бағатталған. Ол түрлі құбылыстарды сипаттайтын, түсіндіретін және болжам жасауда математикалық ойлау мен математикалық түсініктерді, математикалық білім мен құралдарды қолдану болып табылады. Бұл математиканы бүкіл әлемдегі алатын орны мен атқаратын рөлін мойындауға ықпал етіп, конструктивті, қызығушылығы мен ойлау мүмкіндігі жоғары азаматтар үшін саналы көзқарасын қалыптастырып, ақылға салынған шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Математика сабақтарында, қосымша факультативтер мен таңдау курстарында төмендегі тапсырмалар оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі логикалық ойын есептері. Сондықтан геометриялық фигура, яғни кубпен жинақталған есептер оқушылар үшін қызықты болады деп ойлаймын. 5-6 сынып оқушыларын ҰБТ-да кездесетін математикалық сауаттылық есептерін шығару мен түсінуге даярлау мақсатында бұл жинақтама әзірленді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет