Бағдарламаны іске асыру ұлттың рухани-білім беру және зияттық-мәдени деңгейінің көтерілуіне, өскелең ұрпақты әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрі топтастыруға ықпал етеді.
Нәтижесінде:
– тарих пен мәдениеттің 30-дан астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылады;
– 32 ежелгі және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми зерттеу, тұмшалау, абаттандыру, мұражайға айналдыру және туристік мақсатта пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізіледі;
– мәдени инфрақұрылым кеңейтіледі, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен таныстыру жөніндегі қызмет жанданады;
– мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін жасау жөнінде шаралар іске асырылады;
– Ұлттық кітапхана жанында ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөніндегі орталық, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты жананда қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған, мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау және қалпына келтіру жөніндегі орталық, Президенттік мәдени орталық базасында ұлттық тарих үшін айрыңша мәні бар мұражай қорын қалыптастыру мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылады;
– 16 бағыт бойынша түрлі кітаптар дестелері шығарылады;
– Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны – мүсін-тас түрғызылады;
– деректер базасы жасалады, ЮНЕСКО-ның күнілгері тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілерін күзетудің аумақтары мен өңірлерінің шекарасы белгіленеді;
– елдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы музыканттардың фоножазбалары қалпына келтіріліп, қазіргі заманғы аудиотаспаларға көшіріледі.